Проурокиназ - тромболитиканың тқртінші шығарылған жаңа түрі. Бұл препараттың
медициналық маңызы - миокард инфарктан болатын өлімді 5 есе азайтады.
Лактоферин - жасанды тамақтандырылған балалардың гастроэнтериттериен
ауруын 10 есе азайтады.
Инсулин — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының
бета-жасушалары (В-инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон.
ДНҚ құрылымдық элементтерден – нуклеотидтерден тұратын өте ұзын
молекула .
Нуклеотидтердің 4 түрі бар – бұл аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г) жəне цитозин (С).
Нуклеотидтер тізбегі схемалық түрде былай көрінеді: GGAATSTAAG...
Нуклеотидтердің бұл тізбегі ДНҚ тізбегі болып табылады.
Интерферон — табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары.
Этил спирті,
этанол , С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты
спирт , түссіз,
күйдіргіш дəмі жəне өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С,
қайнау t 78,39°С.
Бактериялар – организмдердің ішіндегі жасушалары ең ұсақ түрлері, оның
жасушаларының мөлшері 0,1 - 10 мкм.
Вирус - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин
қышқылынан
немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған
нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нəруызбен қапталған қабықшадан –
кабсидтерден тұрады.
Микроорганизмдер - көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі
организмдер. Олардың клеткалары иллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді.
Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен