Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың
белсенділігі екі жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында
140 күнге дейін сақталады. +56ºС-де вирустың патогендік,
гемагглютиндеу мен иммуногендік қасиеттері бұзылады.
Дезинфекциялаушы заттардың ішінен күйдіргіш натрийдің 2-3%-ды
ыстық ерітіндісі, 1-2%-ды формальдегид, 3%-ды хлорлы әк, 4-5%-ды
ксилонафт ерітінділері вирусты бірнеше минутта өлтіреді.
Тауықтардың Ньюкасл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана
жағдайында вирустарды бөліп алуға, оларды индикациялау мен
идентификациялауға, организмде түзілген антиденелердің деңгейін
анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: