Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет275/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Дифференциалдық балауы.
 
Ньюкасл ауруын құстардың
тұмауынан, жұқпалы ларинготрахеиттен, пастереллезден, шешектен
(дифтериялық формасынан), хламидиоздан (пситтакоз), респираторлы
микоплазмоздан, жұқпалы бронхиттен, спирохетоздан, уланулар мен
гиповитаминоздан ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде
өлімге ұшыраған немесе өлтірілген құстардың бас миы, жілік майы,
ішектері, көк бауыры, өкпесі, бауырын, саңғырығы және қан
сарысулары, трахея мен клоака шайындылары алынады. Алынған
патологиялық материалдарды мұз салынған термостарға салып
зертханаға жөнелтеді. Вирустарды бөліп алу үшін ауру ошағы
шыққаннан бастап, патологиялық материалды 3-5 күн аралығында алу
қажет. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды стерильді 50%-ды глицериннің
дистилденген судағы ерітіндісіне салуға болады. Трахея мен клоака
шайындыларын +4ºС салқындатылған жағдайда ұстаған жөн.
Вирустарды өсіру
. Ньюкасл ауруының вирусы 9-11 күндік тауық
эмбриондарының хорионаллантоис қабықшасында, тауық
эмбриондарының фибробласттарынан алынған жасушалар мен басқада
алғашқы және тұрақты жасуша өсінділерінде (ВНК-21, Нер-2) өсіруге
болады. 
Жұқтыратын материалдың 0,2 мл-ін кемінде 10 дана болатын 9-11
күндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына стандартты әдіспен
енгізіп, 72 сағат бойы +37,5ºС температураға реттелген термостатта
инкубациялайды. 72 сағаттан кейін өлген эмбриондарды +4ºС-та
тоңазытқышта ұстаса, қалғандарын термостатта 120 сағат ұстағаннан
кейін алады. Өлген және тірі тауық эмбриондарының аллантоис
сұйықтықтарын алып, вирустың гемагглютинациялаушы қасиетін және
олардың патогенділігін ГАР-да анықтайды. Вакциналанған құстардың
арасынан вакциндік штамдарды (Н, La Sota, Бор 74, т.б.) да бөліп алуға
болады. Әдетте патогенді штаммдардың гемагглютинациялаушы қасиеті
төмен, 1:16-1:128-ге дейінгі титрді құраса, ал вакциндік штамдарының
200


гемагглютинациялаушы белсенділігі жоғары, яғни олардың титрі 1:256-
1:2048-ге дейін жетеді.
Ньюкасл вирусымен жұқтырылған тауық эмбриондарының
фибробласттарынан алынған жасуша өсінділеріндегі цитопатогендік
өзгерістер 48-60 сағаттан соң байқалып, олардың телімділігі
гемадсорбция реакциясы арқылы айқындалады. Мұндай вирустардың
өсінділеріндегі вирустардың титрі 1:32-1:128-ден аспайды.
Биосынама
6 айлық балапандарда жүргізіледі. Патологиялық
материалды немесе вирусты балапандардың клоакасына немесе көзіне
тамызу арқылы жұқтырып, 10 күн бойы бақылап отырады. Осы уақыт
аралығында өлімге ұшыраған балапандарды жарып сойғанда олардың
трахеясы мен жемсауында нүктелі қан құйылулар, некротикалық
ошақтар мен ісіктер пайда болады, соқыр ішегінде, пейеров түйіндағы
мен клоакасының кілегейлі қабығында жаралар, аналық безінің
аймақтарында қабынулар байқалады
Ньюкасл ауруы вирусының индикациясында
иммунды ферменттік
талдау, полимеразалық-тізбекті реакциясы мен гемагглютинация
реакциясы қолданылады. 
Вирустардың
серологиялық
 
идентификациясында
гемагглютинацияны тежеу реакциясы, бейтараптау реакциясы,
комплементті байланыстыру реакциясы, иммунды флуоресценция
реакциясы, жанама гемагглютинация реакциясы пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет