Міндеттемені орындау


МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ, ОРНЫ, ТӘСІЛІ



бет2/2
Дата15.12.2021
өлшемі17,56 Kb.
#100794
1   2
Байланысты:
Міндеттеме орындау

2МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ, ОРНЫ, ТӘСІЛІ

Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай ақ, шарт алдындагы дауды қарайтын органмен айкындалуымүмкін.

Егер міндеттемеде ол орыңдалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезен, ішінде кез келген уақытга орыңдалуға тиіс (АК-тің 277-бабы).

Мысалы, құрылыс объектісщің бітетін күні міндеттемені орындау күні болыптабылады, ал басқажұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайгару — қарыз шартывда несие беруші шартында, қарастырылады.

Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, онда әртарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, онкүндік мерзімдермен өлшенеді.

Егер міңдеттемеде ол орыңдалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіңдік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орыңдалуға тиіс.

Акылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, жөне т.б.)

Ақылға конымды мерзімде орындалмаған, сол сиякты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені, егер зандардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті (АК-тің 277-бабының 2-тармағы

Міндеттеме орындалатын жер — борышқордың заттарды тапсыратын, жумысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалганын қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй түрған жерде ғана жүзеге асады.

Егерде міндеттеме орындалатын жер зандарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:

міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан жерде;

міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды пайдалана отырып беру — мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсырған жерде;

егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кесіпкердің басқа міндеттемелері бойьшша тауар немесе езге де мүлікті беру — мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;

ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші занды тұлға болса — міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп,бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде

Басқа да барлық міндеттемелер бойынша борышқордың тұрғылықты жерінде,ал егер борышқор заңды тұлға болса оның орналасқан жерінде орындалуға тиісті.

Міндеттемені орындау - борышкердің несие беруші өзінен талап етуге

құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартылуы). Бұл әрекеттің нақты

сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды

беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу жөне т.б.) Әрекеттен

тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тең

емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін

келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына

қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді.

Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені

орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге

жол берілмейді (АК-ның 273-бабы). Шарт тең құқылы негізде, тараптардың

еркін ықтияры негізінде жасалады, сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен

тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шын мәнінде, шартты

біржақты тоқтату, сондықтан оған жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін

бұған арнайы рұқсат ету заңда белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да

көзделген. Тиісінше орындау принципі жөне нақтылай орындау принципі

міндеттемені орындаудың негізгі принциптері болып табылады. 272-бапта

былай делінген: "Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына

сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған

жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте

қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс".

Бапта тиісінше орьшдалу принципі айтылған, яғни, ол — тиісті

борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа

қатысты және тиісті тәсілмен орындауы.

Міндеттеме тиісінше орындалды деп саналады, егер орындау нысанына,

субъектілерге, орнына, мерзіміне және орындау тәсіліне қатысты барлық

шарттар мен талаптар орындалған болса.

Тиісінше орындау принципін жүзеге асырудың нақты тәсілдерін АК

ашпайды, ол міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына, ал ондай

шарттар болмаса —іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте

қойылатын талаптарға сілтеме жасайды.

Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға

қойылатын талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды.

Сондықтан АК-да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды

анықтаудың жиі қолданылатын тәсілі болып табылады.

Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады,

яғни біржола, үзілді-кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға

талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте

алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни

тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі (мысалы, өнімді

жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері). Бұл ретте, егер тараптар шартта

өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.

Заң акгілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау міндеті

белгіленген жағдайда, тараптар тиісінше орындау үшін осы актілерде

белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Мысалы, Мемлекетгік кәсіпорын туралы

Жарлықтың 13-бабында "мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты

орындау міндеті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды,

көрсетілетін қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас

тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында

көзделген болса" делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше

орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға

міндетті (санын, сапасын, орындау мерзімін және т.б.).

Іскерлік айналым дағдысының міндеттемелерін орындағанда қолданудың

ең жарқын мысалы ИНКОТЕРМС ережелері болып табылады, ол халықаралық

сатып алу-сату шарттарын орындағанда ұдайы қолданылады.

Әдетте қойылатын талаптар, көбіне, орындау нысаны болып табылатын

тауар, жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар

заңнамада немесе шартга белгілі бір тауарлардың, жұмыстардың және

көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған

жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға

немесе қызметтерге (түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар

қолданылады.

Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және

борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие

берушіге міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1-тармағы)

және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге

негіз береді.

Нақты орындау принципі АК-ның 354-бабында келтірілген жөне оның

мәні —залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау

керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді

жасау). Сонымен қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолданылуын

бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған

жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу жөне шығындарды өтеу борышкерді

міндеттемені орындаудан босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде

болады. Бірақ міндеттемені орындамау жағдайында шығынды өтеу және

тұрақсыздық айыппұл төлеу борышкерді міндетемені заттай орындаудан

босатады, яғни кері принцип қолданылады. Екі принцип те диспозитивтік

сипаттағы жалпы ереже ретінде қолданылады, бірақ заң актілері мен шартта

өзгедей көзделуі мүмкін. Борышкерді міндеттемені заттай орындау міндетінен

босату керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие беруші бас

тартқан, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сома төленген



жағдайларда орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет