Мінез –ҚҰЛҚында ауытқушылығы бар балалардың Өзін- өзі бағалауы


SELF-ASSESSMENT OF CHILDREN WITH DEVIANT BEHAVIOR



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі41,36 Kb.
#109796
1   2   3   4
Байланысты:
Мақала Атырау конф.2020
Мақала Атырау конф.2020
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
SELF-ASSESSMENT OF CHILDREN WITH DEVIANT BEHAVIOR

A.K. Yegenissova
Caspian State University of Technologies and Engineering named after Sh. Yessenov
This article analyzes the work of foreign and domestic psychologists who studied issues of personal qualities, self-esteem, communicative behavior of children with deviant behavior.

In addition, it is characterized by aggressive and deviant forms of behavior. The categories of deviant behavior, as well as the causes and factors of deviant behavior of children, therapies, research methods and techniques that study their self-esteem, are reported



Key words: teenager, deviant behavior, self-esteem, communication, deviance, technique, training, therapy.
Қазіргі кезде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының өзіндік ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым-қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда. Өкінішке орай, қазіргі уақытта болып жатқан қылмыс, әр түрлі бұзақылық, тонаушылық, зорлық - зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, өз үйінен кетіп қалу, жеңіл жүрісті қыздардың көбеюі, төменгі сыныптағы балалардан ақша талап ету т.б. басқа болып жатқан қылмыстардың басым көпшілігі 12 - 17 жас аралығындағы балалар екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 13 жастағылар - 10% , 14 жастағылар - 8%, 16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жеткіншектердің терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары болуын және жағымды мінез-құлық сапаларын қалыптасуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.

Бұлай болу себебі қазіргі таңда отбасы жағдайына, заман талабына сай, әр түрлі зиянды заттардың арқасында ешқандай кінәсіз толық қарым – қатынасқа түспейтін, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдер көбеюде.

Көптеген ғылыми әдебиеттерді мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық сипаттамалары бейнеленген. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым-қатынасы, мінез-құлқының т.б. әсерінің нәтижесінде дамиды [1,б40] Кейбір зерттеушілердің эксперименттік зерттеулерінде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған.

Авторлардың жалпы зерттеушілердің нәтижесінде, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу барысында олардың өзін-өзі бағалауы айтарлықтай өзгеруін көрсетеді.

Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Б.Г. Ананьев, А.Н Леонтьев, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, А.М.Прихожан және т.б. пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы балалардың тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді [1-6, б 20,185,60, 245, 80]. Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек.

Жеткіншектік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жеткіншектік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді. Сонымен қатар, жеткіншектік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады.

Бұл өзгерістер балалардың бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі. Өзіндік сана-сезімі мен өзін -өзі бағалауы белсенді түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттеріне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады. Қызығуында маңызды өзгерістер байқалады және рухани қажеттіліктері дамып, құндылы бағыт иерархиясы, өзіндік дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзіне көзқарасы қалыптаса бастайды.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың шыншыл, иманды, арлы, парасатты, ізетті, әдепті, сыпайы, қайырымды болып, мемлекетіміздің саналы азаматы болуына әсер ететіні белгілі.

Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде жас ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Қазақстанда арнайы мектеп оқушылары мен мiнез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың психологиясын зерттеген ғалым Ж.И. Намазбаева [7, б 135]. Ол тұлғаның құрылымының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, ақыл-ойы, сана-сезімі, тәжірибелік, мінез – құлқы ауытқыған, адамдармен қарым-қатынасы нашар, өз ой-пікірін айта алмайтын, еңбек іс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптастыру жолдарын анықтады

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей мінез-құлқында ауытқушылығы бар тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты өзіндік бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар жайлы зерттеулер бірнеше бағытта жүргізілді. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар туралы И.С. Кон А.Е. Личко, Л.В.Бороздина [8-10, б 50,155, 19 ] және басқалардың еңбектерінде талданады. Олардың пікірінше, адам іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде қоғамның басқа мүшелерімен өзара әрекеттесе отырып, алғашқыда өзінің қандай да бір қоғамдағы «Біз» ұғымының мүшесі ретінде сананы ұғынады және сананың ұжымдық формасын меңгереді. Адам эволюция процесінде оның жеке басты мәні «ішкі менде» немесе ішкі жан дүниеге өтеді, тек осы деңгейде ғана тұлғаның өзіне-өзі ұқсастығы, яғни шынайы «мені» қалыптасады.

Өзіндік бағалау – өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады.

Өзін-өзі бағалау мен өзіндік қатынас өзін-өзі басқарудағы нәтижелі іс-әрекеттің өлшемі ретінде алынады. Өзіндік бағалау қандай да бір жеке даралық қасиеттердің көріну деңгейіне қатысты баға деп түсіндіріледі, өзіндік сананың құрамдас компоненті, эталоны түрінде көрінеді. Өзіндік бағалау мағынасы бойынша өзіндік сананың эмоциялық жағымен байланысады.

Көптеген психологиялық зерттеулердегі өзіндік бағалау ұғымына талдау жасай отырып, бірқатар ерекшеліктерді көрсетуге болады. Өзіндік бағалаудың адекватты мәселесіне қатты екпін жасалып, бұл ұғым «өзі туралы ойы» ұғымымен пара-пар келеді. Басқа зерттеу жұмыстарында өзіндік бағалау баланың өзіне деген жалпы қатынасы ретінде көрсетіледі. Біздің ойымызша өзіндік бағалау ұғымы егерде өзінің атқаратын функциясы бойынша қолданылса онда өзі туралы ойы деген ұғымда пайдалануға болады.

Тұлғаның өзіне қатынасы өзі туралы ойдан тұратындықтан өзіндік бағалау ұғымы көп деңгейде оның өзіне қатынасын бейнелейді. Көптеген жағдайларға байланысты өзі туралы ойдың адекваттылығы жайлы ұғым өзіндік бағалаудың адекваттылық ұғымына қарағанда едәуір нақтырақ мәнде ашылады. Өзіндік бағалау өзіндік сана сезімдердің неғұрлым көп зерттелген компоненттерінің бірі.

Өзіндік бағалау адамдармен өзара әрекеттесу мен өзара қатынас сферасында жетістікке жету факторымен анықталады. Адамдармен қатынас сферасы тұлғаның әлеуметтік мәнінің көрінуі және адам үшін құнды нәрселер болып табылады. Тұлғаның рухани байлығы басқа адамдардың ішкі әлемдерінің терең байлығына байланысты. Өзіндік бағалауды қалыптастырудың келесі бір факторы тұлғаның өзін-өзі басқару нәтижесі жатады. Психологияда өзіндік сананың формасына өзін-өзі бағалау, тартымдылық деңгейі, адекваттық емес объектілер, когнитивті, диссонанс көрсетіледі. Өзіндік сананың компоненті ретінде ең алдымен өзін-өзі бағалау қолданылады.

Бұл жұмыстар негізінен мектеп кезеңін қамтиды және бір жағынан бұл жас кезеңнің әртүрлі сатыларында өзіндік бағалаудың функцияларын, ал екінші жағынан оны дамыту мен жетілдірудің әртүрлі факторлардың ролін қарастырады (Л. И. Божович [11, б 128]; А.В. Захаров [12, б35]; А.И. Липкина [13 , б 148 ]; және т.б.). Өзіндік сана мәселесіне арналған эксперименттік психологиялық зерттеулерде оқушылардың немесе жеткіншек жастағы балалардың өзіндік бағалау мәселесін толығымен қарастырған. Олар өзіндік бағалаудың қалыптасуының жасқа байланысты ерекшеліктерін қарастырады.

Басқа зерттеулерде тұлғаның өзіндік бағалауының адекваттылығы зерттелінеді, яғни субъективті бағалауларынынң тұлғаның объективті бағаларына сәйкестігі, өзіндік бағалау мен тұлғаның мотивациялық ерекшеліктерінің өзара байланысы қарастырылады. Психикалық механизмдердің құрылуы тұлғада ішкі толғаныстарға деген қабілеттілігінің дамуымен байланысты болады. Соның негізінде орындау және бақылау фунциясы дамып жетіледі (И.С. Кон). Тұлғаның әрекетті өзі орындаушы ретінде бейімделуге негізделген рефлексивті өзіндік реттеу механизмдері де арнайы зерттелінген.

Балалар ауытқыған мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті. Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Ауытқуы бар балалар мен балалардың мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жұмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді. Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауымен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді. Бұл жәйт, оның қарапайым органикалық қажеттіліктерінің (тамақ ішу, ұйықтау т.б.) үстем болуында нақты көрініп отырады.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан-жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек.

Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға әсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамасаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындылығы. Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.

Әрине мұндай отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр балада тыныштығы мен жайбырақаттығы, әлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал ұрыс- керістер мінез-құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.

Жалпы мінез-құлқындағы ауытқушылығы бар балалар әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.

Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез-құлық – адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.

Ауытқушы мінез –құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:

Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.

Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез-құлық.

Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса – қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.

Балалардың ауытқушы мінез-құлқының себептері мен факторлары:

а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

ә) жайсыз отбасылық қарым-қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт – санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым- қатынастың орнамағандығынан, ата – аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психо- неврологиялық ерекшеліктер себептерімен;

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық ауытқушылық, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс-әрекетін, мінез-құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс-әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Баланың жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескерту керек. Баланың дамуы мен ойлау қасиеттері оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден даяр күйінде аңғарылмайды.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек- ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.

Мiнез-құлықтарында ауытқуы бар балалардың өзiн-өзi бағалауы деңгейiнiң ерекшелiктерiн анықтау, эксперименталдық тұрғыда зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері:

1.Мінез – құлқы ауытқушы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық өмірге қосу біздің алдымыздағы маңызды қоғамдық міндеттердің бірі.

2. Сонымен қатар баланың отбасысына, өз тұлғасына, мінез – құлқына, қарым – қатынасына қарай мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар балаларды алға қарай тарту.

3.Медициналық, педагогикалық, мәдени, әлеуметтік көмек көрсетіп, әр түрлі психологиялық әдістерді қолдану арқылы өмірге бейімдеу.

4. Балалардың, ата - аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы, қарым – қатынасы, өзін - өзі бағалауы мен мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құру;

5.Жасөспірім тұлғасының және қарым – қатынас, өзін -өзі бағалауы, мінез – құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым - қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, стрессті жеңе білу және жағымды , барабар түрде өзін - өзі бағалауын дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді ұйымдастыру.

Мінез - құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.

Мiнез-құлықтарында ауытқулары бар балалардың өзiн-өзi бағалауы деңгейiн анықтауға байланысты төмендегідей эксперименталдық әдiстемелер қолданылды:

Т. Дембо-С.Я.Рубинштейiн әдiстемесi өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге бағытталған. Зерттеу барысындағы Т. Дембо-С.Я. Рубинштейннiң өзiн-өзi бағалау әдiстемесiнiң негiзгi мәнi: ол сыналушы оқушының алдында жатқан таза ақ қағазға тiгiнен сызық жүргiзiледi. Сыналушыға: “Өзiнiң сыныбыңдағы барлық оқушыларды бойлары бойынша мына сызықтың бойына орналастыруға болады, – деп ұсынылады. Ең жоғарысына (экспериметатор өзi көрсетедi) бойы үлкен оқушыларды, ортасына – орта бойлы, төменгiсiне - өте қысқа бойлы оқушыларды белгiлеу болады. Қалай ойлайсың, мына сызық бойынша өзiнiң бойына сәйкес келетiн орын қайсы болып есептеледi?”, “Ендi өз досының орнын белгiле”.

Кейiннен бiрiншi сызықтан бiршама алшақ қашықтықта екiншi сызықты жүргiзiп сыналушыға, ұқсас тәсiлмен өзiн және жолдасын сабақ үлгерiмi бойынша бағалау ұсынылады. Осы тәсiлмен үшiншi сызықта ақылы бойынша өзiн, жолдасын және мұғалiмiн бағалауы қажет. Төртiншi тiк сызықтың бойында сыналушы өзiнiң және жолдасының мiнезiне баға бередi. Бесiншi тiк сызықта сыналушы бақыты бойынша өз орнын табуы тиiс (ең бақытты немесе ең бақытсыз).

Осыдан кейiн сыналушылармен бағалауларына байланысты сұрақ қойып әңгiмелесу әдiсi жүргiзiлдi. Сыналушыға, бойына байланысты сұрақтар қойылмайды тек нұсқауды дұрыс түсiндiру үшiн енгiзiледi. Үлгерiмiне байланысты сыналушыға: “Сен қалай оқисың?”, “Сен қандай бағаларды аласың?”, “Сен үшiн қандай сабақ сәттi болып саналады?”, “Қандай сабақ сәтсiз болып саналады?”- деген сұрақтар қойылады. “Ақылын” бағалауға қатысты сыналушыдан ақылы және оның кемшiлiктерi неде көрiнетiндiгiн сипаттауын сұрадық. Неге ол өз жолдасын өзiнен жоғары (төмен) қойды.

Сонымен қатар, мінез –құлқында ауытқушылығы бар балалардың өзін өзі бағалауын зерттеу мақсатында төмендегідей әдістемелер, терапиялар жүргізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет