Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет85/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Алпамыс сонда сөйледі,
Сөйлегендс бүй деді:
Затың әйел болған соң,
Ақылың сенің кем деді96, –
деген үлгіде келетін-ді.
Әрине, ауызша айтылатын жыр, дастандарда диалогты жазба әдебиеттегідей сызықшамен беру мүмкін емес, сондықтан да «Алпамыс сонда сөйледі» немесе «Келмембет сонда сөйледі» деп күні бұрын оқушыға енді диалог келетінін ескертіп отырады. Және де көп жағдайларда «деді» етістігі әрбір ойдың аяғында үнемі қайталанып отырады. Осы диалогтың өзі жыр, дастанның жалпы өзіндік түрінде, өлең ұйқасы, ырғақ екпінін сақтап отырады.
Жазба әдебиетте «Алпамыс сонда сөйледі» дегендей күні бұрын ескерту жасаудың қажеті аз. Біріншіден, кейіпкердің диалогы не монологы келетінін оқушы ой тынысы «сызықша» арқылы берілсе (мысалы, «Құлагер» поэмасындағы Құлагер мүсініне көңілі толмай, әжуа-мазақ күлкі ететін жері), екіншіден, ақын өлеңнің жалпы барысында «деді» етістігін де өз орнында пайдаланып отырады.


– Дат! – деді ханның өжет Қарашашы,
Немере хан Кененің қарындасы.
Ханыша, не датың бар? – деді Кене.
Аңырып тұрып қалды айналасы97.


Осы шумақтағы диалог жазба әдебиетке тән үлгіде берілген. Бұл жалпы поэмаға ортақ болып кеткен үлгі. Бірақ I. Жансүгіров мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Поэмадағы диалогты кейде прозадағы диалог үлгісінде беруге тырысады. Мысалы, «Күйші» поэмасындағы Қарашаш пен Күйші жігіт арасындағы сезім пернелерін әр алуан үлгіде жырлап келіп, бір-біріне тіл қатырғанда оны былай береді.
Алдияр ханыша!
Не айтасын күйшім?
Мен үйімді қашан көрем?
Үйіңде нең қалды?
Шешем...
Оны күй біледі!98
Әдетте поэзиядағы кейіпкерлердің диалогтары өлеңнің жалпы өлшемін, ырғақ, ұйқасын берік сақтап отырса, мына соңғы үзіндіде I.Жансүгіров оны әдейі бұзып, поэзияға прозадағы диалог элементін енгізуге тырысады. Мұндай диалог I.Жансүгіров творчествосында үш-төрт жерде ұшырасады.
Кейіпкердің ойын, психологиясын беруде I.Жансүгіров өз поэмасында түрлі мотивтерді пайдаланады. «Исатай» поэмасының сақталған үзіндісінде Исатайдай ел бастаған батыр, тоқсан түрлі күй тартқан Құрманғазы, жалынды сөздің жырауы – Махамбет болып бас қосқан топтың хан ордасына деген ашу-кегі бар жерін айтарда I.Жансүгіров алғашқы 11 буынды қара өлең ұйқасынан шығып кетіп, Махамбеттің жігерлі, қаһарлы өлең түріне ойысады. Исатай тобына қашып келген қыз бен жігіттің тарихын ақын өзі де баяндамайды, кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы да суреттемейді, қыз бен жігітті кезек-кезек сөйлету арқылы баян етеді. Бұнда да кейіпкерлердің диалогы арқылы олардың іс-әрекеті, мінез-құлықтары ашылады.
Жалпы I.Жансүгіров поэмасында эпостың шығармаға тән диалогты өз орнына пайдаланады.
Кейіпкердің ішкі сезімін ашатын монолог Ілияс поэмаларында ерекше орын алады. Поэмаға кірісер алдындағы ақынның өз толғауы немесе белгілі бір құбылысқа, оқиғаға көзқарасы тек сырттай салқын баяндау емес, ақын жүрегін жарып шыққан үлкен тебіреніс ақынның монологы болып бір келсе, шығарма кейіпкерінің өз толғаныстары да оның тілек-арманын, жан тебіренісін анық танытатын монолог болып көрінеді. Мұның тамаша түрі «Күйші» поэмасындағы Қарашашқа ғашық болатын үйсін жігітінің:

Әлде қыз, әлде пері, кім алдымда?


Үстіне, не боп кеттім, құлармын ба?
Әлде өңім, әлде түсім, қайда кеттім?
Апырмау бар ма, жоқ па көз
орнында?99
деп басталатын ұзақ монологы немесе жігіт күйіне елтіген Қарашаштың:

Апырмай, неткен жігіт күйі тәтті?


Күй бар ма екен күйігі мұнша қатты?
Өмірдің бар қызығы домбыра екен,
Жалмап жеп жүрегімді қайда тартты? 100


деп басталатын ұзақ монологтері.
«Құлагер» поэмасындағы Ақан серінің атын жоқтаған жоқтауы да серінің монологіне айналып кетеді. Кейіпкерінің ішкі жан толқынысын Ілияс үнемі монолог арқылы беріп отырады және осы монолог эпикалық поэманың лирикалық әуенінің бір өрімі, эмоциялық қызу беретін қаны.
Ақын диалог пен монологтарды жеке дара мақсат үшін емес, оқиғаның өрбуіне, кейіпкерлер характерін аша түсу үшін көркемдік құрал ретінде пайдаланады.
I.Жансүгіров «Күйші», «Құлагер» поэмаларында оқиға түйінін заңды түйіп, нанымды шешуде, кейіпкерлерінің типті характерлерін ашуда көркемдік құралдардың қай түрін болса да еркін меңгеріп, мол пайдалана білген. Кейіпкерлерінің көркем портреті, табиғат көрінісі, ақынның өз атынан берілетін мінездемелер, кейіпкерлерінің диалог - монологтары қажетке орай мол кездесіп отырады. Сонымен қатар ұшқыр да тапқыр ой бейнелегіштікпен (образность), яғни көркем тіл бояуымен жақсы үйлесім тауып отыратынын өз алдына бір жақсы қасиет деп білсек, осы поэмалардағы мол ұшырайтын сезім сырлары да озық идеялық позициямен тікелей қабысып, бірлестік, тұтастықта болады.
Ілияс Жансүгіров қазақ поэма жанрын қалыптастыруда үздік еңбек еткен ақындардың бірі. Оның жаңалық ашуға ұмтылуы, күрделі, көп планды поэмалар жазуға кірісуі түп-түгел кедір-бұдырсыз шыға берген жоқ. Тың сапардың тың қиындықтары кездесті: бірде халық фольклорының дәстүрлі жақтары басып кетіп, шешендік арыла алмай жатса, бірде, әлеуметтік оқиғаларға сипат берген жерлерінде социологизмдік элементтер килігіп кете береді, ондай тұста ақын қоғамтану пәндерінің тілімен де («Құлагерде») сөйлеп кетеді. Кейде ақынның өз тарапынан айтылар әдемі толғаулары мөлшерден аса айтылғанда, негізгі оқиғаларды суытып та алады... Бірақ, осындай өсу үстіндегі қиындықтарға қарамай, Ілияс «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары арқылы қазақ поэзиясында (біз талдап түсіндіруге тырысқандай) жаңа сөз айтты, тың үлгілер ұсынды, өз мектебін ашты. Бұл мектептен өткен талантты ақындар, сөз жоқ, Ілияс шәкірттері саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет