Мирзалиева Динара Бейсенбековна



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі186,42 Kb.
#93206
1   2   3
Байланысты:
Усенбекова А.Е. блум такс

«
Блум таксономиясы
» 
атты кітабында өз 
теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті 
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау 
дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум 
таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру [2]. 


 Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен 
оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты 
ойлау деңгейлері мен көрсетіледі. 
1. Білу 
2. Түсіну 
3. Қолдану 
4. Талдау 
5. Жинақтау 
6. Бағалау 
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау 
немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi 
еске түсiредi. Мысалы, биологиялық терминдерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесе 
өткен сабақты еске түсіру. 
Түсіну - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді 
түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде 
сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп 
болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі. 
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты 
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, 
ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану 
кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. 
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы 
анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің 
бөліктерінің 
арасындағы 
өзара 
байланыстарды 
анықтау, 
бүтіннің 
қалайша 
ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар 
оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. 
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке 
бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға 
бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. 
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын 
анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу 
нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын 
анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау [3, 4]. 
Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері: 
- балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра 
отырып, білімін толықтыра түседі; 
- берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын 
оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады; 
- сабаққа деген қызығушылығы артады; 
- оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады; 
- ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді;
- әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ 
соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады; 
- оқытушы да оқушы да көп ізденуге дағдыланады. 
«Омыртқалылар және олардың құрылыс ерекшеліктері» атты тақырыпта өткізген 
сабағым «Блум» таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері 
деп жоспарланды. Сабақта оқушылар топқа біріктіріліп, топтық, жұптық, жеке деңгейлік 
тапсырмалар берілді. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бір-бірін тыңдады, пікір 
алмасты, ой бөлісті, талқылады, ой жинақтады,ынтымақтастықта білімді бірлесіп құру
арқылы түсінікпен дағдыларды қалыптастырды [5]. Сабақтың мақсаты: Омыртқалы 
жануарлардың негізгі ерекшеліктері, олардағы мүшелердің дамуы, көбею ерекшеліктері 
түсіндірілді. Сыни тұрғыдан ойланып, ойларын еркін айта білуге дағдыландырды. Күтілетін 


нәтиже: Омыртқалы жануарларда пайда болатын аурулар және олардың алдын алу, 
экологиялық жүйедегі орнын білу. Сабақта қолданған әдіс -тәсілдер: «Ой-қозғау», «Өрмекші 
торы», «Балық қаңқасы», «Бес саусақ» ,«Аяқталмаған сөйлем» , «Ойлан, бірік, бөліс», 
«Сұрақ қою» әдістері. 
Білу кезеңі. Үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші 
торы» әдісі арқылы сұралды. Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті қағыт алып 
қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, өзі де сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың есте 
сақтау қабілетін дамытуға тиімді болды. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап 
арқылы диолог жасады. Мeрсер мeн Литлтон (2007 ) өз еңбeктерінде диолог-сaбақта 
оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қатaр олaрдың білім дeңгейінің өсуіне үлес 
қосaтынын айтып көрсеткен.
Оқушыларды топқа бөлуде омыртқалы жануарлар (бауыр, өкпе, жүрек, ми) мүшелерінің 
суреттері арқылы бөлінді. Әр топ өздерінің топтарынан топ басшы сайлады. Топ ережесін 
еске түсіріп, барлығы топ ережесіне және топ басшыға бағынатынын айтты. Топқа бөлу 
арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. 
Түсіну кезеңі. Оқушыларға жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен сыни тұрғыдан ойлату 
мақсатында «Оқытудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»
арқылы интерактивті тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды. 
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қaбылдауын 
жылдaмдататын, түсінулерін жеңілдететін, мұғaлімнің сaбақ өтуіне көмектесетін бүгінгі 
күнде аса маңызды құрал болып тұр. 
Қолдaну кeзeңі. Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма бердім. Бұл 
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою. 
Талдау кезеңі: Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі қолданылды. Ол 
үшін оқушыларға суреттердің қиындысын беру және сол бойынша тапсырмалар берілді. 
Олар суреттерді құрастырып, төмендегі тапсырманы орындады. Яғни бес саусақ әдісі 
арқылы оқушыларға омыртқалы жануарлардың эволюциялық дамуы, құстардың алдыңғы 
аяқтарының қанатқа айналуы, қосмекенділердің терімен тыныс алуы, балықтардың б.йір 
сызығы мен торсылдағының ерекшеліктері, т.б. жайттар талқыланды.
Жинақтау кезеңі: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолданылды. 
Яғни, әрбір топқа сұрақтан қойылып, миға шабуыл жасалды.
Бағалау кезеңі. Сабақты оқушылар қалай меңгергенін бақылау үшін «ББҮ» әдісі бойынша 
кері байланыс ұйымдастырылды. Оқушыларға стикер таратылды. Әр тапсырманы бағалау 
парағына топбасшылар бағалап отырды, топ мүшелері келісіп отырды.
Нәтижесі: 
- қызығушылығы артады; 
- бір-бірін тыңдайды
- ойлау,есте сақтау қабілеті дамиды; 
- өзіндік пікірі қалыптасады; 
- татулықта жұмыс жасайды. 
Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға, студенттерге 
сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар 
компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
студенттердің қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа 
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, 
Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу 
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Әдебиеттер 
1. Торманов Н.Т., Аблайханова Н.Т. «Биологияны оқытудың инновациялық әдістемесі», 
Алматы, Қазақ университеті, 2013ж. 


2. Есмұқан М.Е. «Студенттердің танысдық ізденімпаздығын қалыптастыру», Алматы, 
2004ж. 
3. Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері», Алматы, 2000ж.
4. Коменский Я.А. «Ұлы дидактика», М., 1955ж. 
5. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, 1992ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет