Мирзалиева Динара Бейсенбековна


Түйін сөз: оқытудың Блум таксономиясы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі186,42 Kb.
#93206
1   2   3
Байланысты:
Усенбекова А.Е. блум такс

 
Түйін сөз: оқытудың Блум таксономиясы. 
 
Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған 
білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. 
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік 
беретіндей құралдармен қамтамасыз ету және студенттің жекелей дамуы, жеке тұлғаның 
қалыптасуы, өзін - өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық 
қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, 
оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа 
технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру 
оқытушының басты міңдеті. Сондықтан, әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты 
үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-
тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің 
әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу 
мазмұны мен оқушылардың, студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың 
маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан -
жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір 
оқытушының шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін [1]. 
Осыған байланысты жұмыстың негізгі мақсаты – биологияны оқыту үрдісіндегі
қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу 
бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формаларын, яғни, 
технологияларын қолданудың әдістемелік негіздерін ашу.
Бенджамин 
Блум
 –
америкалық 
оқыту 
әдістемесінің 
психологі, 
Блум 
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы 
Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго 
университетінде докторлық деңгейін қорғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет