Қмж пән: жаратылыстану



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#84330
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Суды қалай тазартады

3. (Жұппен) «Нәтиже» Мақсат: алынған зерттеу нәтижесін кестеге түсіру.

  • Нәтижесін кестеге толтырыңдар.

-Суды тазарту үшін қандай құралдарды қолдандыңдар?


-Оларды басқа құралдармен алмастыруға бола ма?
-Осы қолданған барлық заттардан сүзгі жасауға болады.
-Сүзгі деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Кімнің үйінде су сүзгісі бар?
Қорытынды: оқушылар фильтр моделін ұсынады.


4. (Жұппен) «Шешімді іздеу» Мақсат: проблемалық жағдаяттан шығу жолын ұсыну
«Ата – анаңмен демалыс орнына келдіңдер. Су таусылып қалды. Өзен, көл суын қалай пайдаланасыңдар?»

-Ашық су құрамында бактериялар болады. Оны қалай жоямыз?


-Үлкен қалаларда су құбырынан келетін суды қалай тазартады?



Эврика мен Негештің рөлінде екі оқушы шығып, оқулықтағы диалог бойынша сахналайды.


-Себебі, өзен ашық суқоймаға жатады. Оған түрлі шөптер түседі, лай, жиегінің опырылуы. Жануарлар жүреді. Өзен суларында бактериялар көп болады. Себебі олар тазартылмаған.

Барлық топтар бірлесіп зерттеу жұмысының жоспарын жасайды.


-Магнитке қағазқыстырғыштар тартылып жабысады.


-Магнитке тек темір денелер тартылады.

-Күріш дәндері қалып қойды.


-Себебі ол дуршлаг тесіктерінен кішкентай.


-Тесігі өте ұсақ елеуіштің көмегімен.

-Жоқ. Су құрамында лай мен саз бар.


Суды дәке мен сүзгіш қағаздарынан өткіземіз.
Оқушылар зерттеу нәтижесін кестеге толтырады.

Судан шыққан денелер

Оларды алып шыққан құралдар

қоқыс

қасық

темір денелер

магнит

күріш

дуршлаг

құм

елеуіш

лай мен саз

дәке, сүзгіш қағаздар

Оқушылар алған білімдері негізінде ойларын айтады:


-Өзен, көл суын сүзгіден (дәке, сүлгі) өткізіп тазалап аламыз.

-Алған суды қайнатамыз.


-Суды тазарту үшін хлор қосады.

Дұрыс жауап берсе, қол соғу арқылы белгі беріледі

Жасаған жұмыстарының қорытындысына қарай «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар топтарды бағалау

Жеке орындап болған соң, жұпта бірін – бірі тексеріп, смайлик арқылы бағалайды.
Жұптағы оқушылар бір – бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды


«Қарқын» тәсілі


Кейбір оқушылар жылдам жұмыс жасап, алға ілгерілеп отырады

«Тапсырма»


Көмекті қажет ететін оқушыларға жұпта көмек көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет