Мкт-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші



Дата07.02.2022
өлшемі7,03 Mb.
#83041
Байланысты:
ashik-sabak (1)
ashik-sabak (1), 00041dfe-58ee8ecc, 00050aa3-b2ffc1d6

Физика 10 сынып

Үй тапсырмасы:Өткен тарау бойынша қайталау сұрақтары

Бізді қоршаған орта


Материя
Материяның түрлерін ата
Зат және өріс
Еркін түсу дегеніміз не?
Ауырлық күшінің әрекетінен болатын қозғалыс
Еркін түсу үдеуінің мәні нешеге тең?
9,8 н/е 10 м/с2
Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама?
жылдамдық
Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты не деп аталады?
Период
Центрге тартқыш үдеу қалай бағытталады?
Центрге қарай
Период қандай әріппен белгіленеді?
Т
Ньютонның бірінші заңын ата.
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе онда ол өзінің тыныштық қалпын сақтайды н/е бірқалыпты түзусызықты қозғалыста болады.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда.
Екі нүктелік дене арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал
Ағын түтігі дегеніміз не?
Ағын сызықтарымен шектелген сұйық бөлігі
Ағын сызықтары дегеніміз не?
нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтарды атайды

МКТ-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші.

Жылу құбылыстарын зерттеу әдістері

Термодинамикалық

Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмей, энергетикалық түрленулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі

Молекулалы-кинетикалық

Жылулық құбылыстарды қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы теориясын көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің жалпылама қорытындысы ретінде М.В.Ломоносов жасады.


МКТ-ның негізгі қағидалары
Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
Бөлшектер бейберекет қозғалыста болады. Әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді. Сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды.
Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады.

МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік дәлелдемелер: 1. заттар бөлінгіш. 2. Газдар сығылғыш 3. Газ кез келген көлемді алады. 4. Диффузия –бір зат молекулаларының екінші зат молекулааралық кеңістігіне ену құбылысы. 5. броундық қозғалыс –сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Диффузия құбылысы

Молекула өлшемі

Май қабатының көлемі V оның S ауданын қалыңдығы d-ге көбейткенгетең, яғни: V=Sd

Молекула саны мысалы судың массасы 1 г, көлемі 1 см3 деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтаймыз. Су молекуласының диаметрін d=V/S арқылы анықтаймыз. Тамшының көлемін молекуланың көлеміне бөліп, молекула санын анықтаймыз.

Салыстырмалы молекулалық масса Мr -деп берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады. Мысалы, көмірқышқыл газы СО2 -нің салыстырмалы молекулалық массасы шамамен 44-ке тең, өйткені көміртегінің салыстырмалы атомдық массасы -12-ге, ал оттегінікі шамамен 16-ға тең, сонда Мr=12+2*16=44

Заттың мольдік массасы дегеніміз- бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы: M=m0NA Заттың мольдік массасы заттың салыстырмалы молекулалық массасымен M= Мr·10-23 кг/моль қатынасы арқылы байланысады.

Зат мөлшері ν дегеніміз- берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама: ν=N/NА=m/M зат мөлшерін мольмен өлшейді. NА-Авогадро тұрақтысы. NА=6,02*1023моль-1

Бір бөлшектің (молекуланың) m0 массасы m0=M/NA=m/N Кез келген m массадағы бөлшектер саны N=m/m0 =νNA=(m/M)NA

Заттың күйлері


Қатты
Сұйық
Газ

Физикалық диктант 1 Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады. 2 Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- ……… тұрады 3 Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады. 4 Диффузияның өту жылдамдығы дененің ….. Тәуелді 5 Броундық қозғалыс дегеніміз — ….. қозғалыс, ол температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды. 6 Авогадро тұрақтысы .............тең. 7 Халықаралық бірліктер жүйесінде заттың мөлшері ............өрнектеледі. 8 Диффузия құбылысы .........куйінде тез жүреді. 9 Зат мөлшерін ..........белгілейді. 10 Зат мөлшерінің формуласы .........тең.

Есептер шығару 1. 1 кг суда қанша молекула бар? 2. О2 оттектің 450 молінің массасы қандай? 3.Азоттың 2*1023 молекулаларының массасын табыңдар. 4. Массасы 10г гелийде молекулалар саны неге тең?

Үйге тапсырма: §4.1, 4.2, 4.3 9-жаттығу(2,3,4)



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет