Мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн



бет2/9
Дата22.09.2023
өлшемі85,86 Kb.
#182094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
көмекші сөз 3
№2 конспект Курбаналиұлы Жалғас, буллинг, информация по ДП 9.09, 4. Септіктің аналитикалық формалары 2, неолит Аят, шпор пед , shpora, обратная пропорция
үстелдің үстінде жатыр. Сөйлемде өзара матаса байланысқан зат есім мен көмекші есімнің тіркесі (баяндауыш қызметіндегі) жатыр етістігімен пысықтауыштық қатынаста байланысқан. Бұл жерде пысықтауыштың жасалуына, байланыстың қалыптасуына көмекші есімнің еш қатысы жоқ, мұндағы байланыс жатыс септігі арқылы орнаған және пысықтауыштың жасалуы да тек жатыс септігімен байланысты. Көмекші есім өзі тіркескен зат есіммен тәуелдік жалғауы арқылы байланысып, оған (зат есімге) мекендік мағына жамаған. Атап айтқанда, үст сөзі арқылы заттың (үстелдің) бір бөлігі, тұсы (нақтырақ айтқанда, жоғарғы бет жағы) меңзелген
  • Ал тәуелдік жалғау осы бөліктің (үст) затқа (үстелге) қатысты екенін білдіріп, көмекші есімді зат есіммен байланыстырған. Зат есімнің құрамындағы ілік септігі зат (үстел) көмекші есім (үст) арқылы аталған заттың бөлік-мекенінің иесі екенін білдіріп, зат есімді көмекші есіммен байланыстырған. Жатыс септігі зат есім мен көмекші есімнен тұратын тіркесті зат (дәлірек айтқанда, көмекші есім арқылы белгілі бір бөлігі көрсетілген зат) қимылдың мекені екенін білдіріп, етістікпен пысықтауыштық қатынаста байланыстырған. Сөйтіп өзара матаса байланысқан зат есім мен көмекші есім тіркесінен тұратын морфологиялық тұлға жымдасып бір бүтінге (бір компонентке) айналады.
  • Олардың басқа сөздермен байланыс орнатуы, синтаксистік қызметтері көмекші есімнің құрамында тәуелдік жалғауынан кейін келетін септік жалғауларының (немесе басқа тұлғалардың) осы тіркеске үстейтін грамматикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Мысалы, үстелдің үстін тазала, үстелдің үсті таза, үстелдің үстіне қой.
  • Мұндағы бірінші мысалда табыс септігі зат (көмекші есім арқылы белгілі бір бөлігі көрсетілген зат) қимылдың тура объектісі екенін білдіріп, зат есім мен көмекші есімнің тіркесін етістікпен тура толықтауыштық қатынаста байланыстырған, екінші мысалда атау септігінің нөлдік жалғауы зат (көмекші есім арқылы белгілі бір бөлігі көрсетілген зат) қимылдың иесі екенін білдіріп, зат есім мен көмекші есімнің тіркесін етістікпен бастауыш қызметіне қойып байланыстырған, үшінші мысалда барыс септігі зат (дәлірек айтқанда, көмекші есім арқылы белгілі бір бөлігі көрсетілген зат) қимылдың нақты бағыты (адресат-мекені) екенін білдіріп, зат есім мен көмекші есімнің тіркесін етістікпен пысықтауыштық қатынаста байланыстырған.
  • Көмекші есім үстейтін мекендік мағыналар өз ішінде бір-бірімен антонимдік (алд – арт, аст – үст, іш – сырт), синонимдік (жан – жақ – маң, сырт – тыс, ара –орта) қатарлар түзетін мәндерге ие. Бұл құбылысты көмекші сөздердің грамматикалану процесін бастан өткерсе де, лексикалық мағыналарының әлі толық жойылмағанының, тек солғындағанының белгісі деп қарауға болады.
  • Сол сияқты судың беті, сөздің басы, таудың етегі, т.б. с.с. тіркестердегі тәуелдік жалғауындағы зат есімдерді дәл көмекші есімдер сияқты өзі тіркескен ілік септігіндегі зат есімдерге мекендік мағына үстеп тұрғандықтан (ілік септігіндегі зат есім арқылы аталған заттың (судың, сөздің, таудың) белгілі бір бөлік-мекенін көрсетіп тұрғандықтан), көмекші есім деп көрсетіліп жүрген жайлар да бар. Бұл – аталған сөздердің грамматикалану процесін бастан өткеріп жатқанының көрінісі. Бірақ ауыспалы мағынада жұмсалған мұндай полисемиялы сөздердің бәрін көмекші есімге айналды деуге әзір ертерек сияқты.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет