Мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн


Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер –



бет3/9
Дата22.09.2023
өлшемі85,86 Kb.
#182094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
көмекші сөз 3
№2 конспект Курбаналиұлы Жалғас, буллинг, информация по ДП 9.09, 4. Септіктің аналитикалық формалары 2, неолит Аят, шпор пед , shpora, обратная пропорция
Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер – атауыш сөздің жетегінде келетін, лексикалық мағынасы жоқ (немесе лексикалық мағынасынан сөйлемде уақытша айырылған), өзі тіркескен сөзге әралуан грамматикалық мағыналар жамап түрлендіретін, өзі етістік сияқты түрленетін (етіс, болымсыз етістік, шақ, рай, модаль тұлғаларын қабылдайтын) көмекші сөздер.
  • Көмекші етістіктердің атауыш етістіктер сияқты түрлену қабілеті оларды морфологиялық принцип бойынша етістіктердің аясында қарастыруға негіз болған. Көмекші етістіктер де шығу төркіні жағынан толық мағыналы етістіктерден қалыптасқан. Олардың көмекші етістікке айналуына өзі тіркескен сөзге грамматикалық мағына жамау үшін жұмсалуы, лексикалық мағынасынан айырылуы себеп болған.
  • Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер қатарына отыздан аса сөз жатады. Бұлардың саны соншалықты аз болғанмен, тілдегі атқаратын қызметтері орасан зор және білдіретін мағыналары аса бай.
  • Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер тілде жұмсалу ерекшелігіне қарай тұрақты көмекші етістіктер және уақытша көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
  • Тұрақты көмекші етістіктерге бүгінде тек көмекшілік қызмет қана атқаратын, лексикалық мағынасынан толық айырылған етістіктер жатады. Тіліміздегі бұл қатардағы етістіктердің саны шектеулі, олар: е-, ет, қыл, жазда көмекші етістіктері. Осы қатарға шартты түрде бол етістігін де қосуға болады. Бол етістігін, негізінен, уақытша көмекші етістік деп те тануға болады. Өйткені бұл сөз кей жағдайларда тездету және біту, бару етістіктерімен синонимдес лексикалық мағынаны білдіре алады (мысалы, Бол! Бас аяғыңды! Бүгінше болдым. Ол аймақта болғанмын.).
  • .).Сонымен қатар бол етістігі ет, қыл етістіктері сияқты көмекшілік қасиетке де ие. Бұл үшеуі, негізінен, есім сөздерден құранды етістік жасайды: ыза болу, ие болу, еңбек ету, қанағат қылу, т.б. Бол етістігі, сонымен қатар, қимылдың соңғы, аяқталу кезеңін білдіретін аналитикалық формант құрамында да кездеседі. Мысалы, Үйді салып болған. Бұл қасиет

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет