Мұнай газ ісі кафедрасы Пән: Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау



бет1/2
Дата26.11.2023
өлшемі23,2 Kb.
#193601
  1   2
Байланысты:
Арматура және бақылау-өлшеу аспаптары құбырлық арматура бақылау-өлшеу аспаптары
Физика-2, Физика-2


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Техникалық факультет
Мұнай - газ ісі кафедрасы

Пән: Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау


Тақырыбы: Арматура және бақылау-өлшеу аспаптары: құбырлық арматура; бақылау-өлшеу аспаптары



Тексерген: Мерекеқызы А.
Орындаған: Алгазина Қ.

Бақылау өлшеу аспаптары және олардың түрлері
Өлшеуіш аспаптар-өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары. Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына: амперметр, вольтметр, термометр жатады.
Амперметр – электр тоғының күшін өлшеуге арналған құрал.
Вольтметр – тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткіш және жарықты көрсеткішімен); цифрлы(механикалық, электромеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.
Гальванометр – аз тоқтарды кернеулерді, және электр мөлшерлерін анықтауға арналған электр өлшегіш жоғары сезімталды құрал.
Омметр – актив электр кедергіні өлшеуге арналған құрал.
Термометр – дененің температурасын өлшеуге арналған құрал дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Г. Галилейді атайды. Термометрдің келесі түрлері бар:

  • Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер – сыртқы температураның өзгеруіне байланысты термометрдің ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне незізделген.

  • Электрлі термометрлер – бұл термометрдің жұмыс істеу принципі сыртқы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын қарсылыққа байланысты;

  • Механикалық термометрлер – мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента қолданылады.

  • Инфрақызыл термометрлер – денеге жанаспай ақ температураны анықтай алады.

Барометр – (грекше барос-ауырлық және метрео - өлшеймін) атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны сынапты барометр.
Шығынөлшегіш құрал – заттың шығынын өлшейтін құрал. Шығын өлшегіш құралдың түрлері:

  • Шығынның механикалық есептегіші;

  • Маятникті шығынөлшегіш;

  • Ауыспалы қысымды өлшейтін шығынөлшегіштер;

  • Тұрақты қысымды өлшейтін шығынөлшегіштер;

  • Оптикалық шығынөлшегіштер;

  • Ультрадыбысты шығынөлшегіштер;

  • Электромагнитті шығынөлшегіштер;

  • Кориолисті шығынөлшегіштер;

  • Жылу шығынөлшегіштер;

Диномометр – күшті өлшеу үшін арнайы құралдар диномометрлер (грекше диномис – күш және метрео - өлшеймін) қолданылады. Динометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын көрсеткіш бекітіледі. Градуилеу дегеніміз – құралды нақты бөліктері бар шкаламен жабдықтау.
Дозиметр – иондағыш сәулелердің дозасы мен қуатын өлшеуге арналған құрал. Детектор мен өлшеуіштен тұрады.
Өлшеу – белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу жабдығы көмегімен анықтау.
Өлшеу түрлендіргіштер – өлшеу информациясының сигналдарын беру каналдарынан жіберу үшін түрлендіретін өлшеу құралдары. Өлшеу түрлендіргіштің кірісіне х мәніне жіберіледі, ал шыққан мәні у кіріс мәнімен байланысты у=F(х) түрлендіру функциясы деп аталады. Түрлендіргіштер классификациясы біріншілікті түрлендіргіштер (БТ) және екіншіліктті түрлендіргіштер (ЕТ) болып бөлінеді.

Қазірге кезде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды өлшеу жұмыстарының көпшілігі электр тоғын қолдануға негізделген. Ал электр тогын пайдалану үшін әртүрлі электрлік құрал-жабдықтар қажет. Электрлік өлшеу құрал-жабдықтарына физикалық шамалардың өлшемдіктері, өлшеуіш аспаптар мен өлшеуіштік түрлендіргіштер кіреді.


Өлшемдік деп физикалық шаманың қабылданған мәнін сақтайтын, оны қайталайтын немесе оның орнына қолданылатын өлшеу құралын айтады. Мысалы, электрлік кедергінің өлшемдігі, электр сыйымдылығының өлшемдігі т.с.с. өлшеу дәлдігіне және қолдану аймақтарына қарай өлшемдіктер эталондық, үлгілік және жұмыстық өлшемдіктерге бөлінеді. Эталондық өлшемдік деп физикалық шаманың өлшем бірлігін сақтайтын және одан басқа өлшемдіктер үшін көшірме алуға арналған құралды айтады.
Үлгілік өлшемдіктер жұмыстық өлшемдіктер мен өлшеуіш аспаптарын өлшемдеуге және оларды тексеруге, ал жұмыстық өлшемдіктер өндіріс орындарында, ғылыми т.б мекемелерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Электрлік өлшеуіш аспаптары деп физикалық шамалардың мәндерін адамның қабылдауына қолайлы түсінікті информация түрінде бере алатын өлшеуіш құралдарын айтады. Мысалы: вольтметр, амперметр, ваттметр, санауыш және т.б.
Шама бірлігін іс жүзінде өлшеу үшін нормаланған қателіктері бар өлшем құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшем құралдарына жататындар: өлшемдер, өлшемдік түрлендіргіштер, өлшеуіш аспаптар, өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер, өлшеуіш жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет