Мұнай қҰрамын парафиннен тазарту әдістері және оның тиімділігі. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Инженерлік-техникалық» факультеті



Дата11.05.2023
өлшемі1,56 Mb.
#176442
түріҚұрамы
Байланысты:
Мұнай-құрамын-парафиннен-тазалау-әдістері-және-тиімділігі-1


МҰНАЙ ҚҰРАМЫН ПАРАФИННЕН ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ.
АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Инженерлік-техникалық» факультеті
«Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасы
Атырау, 2020ж
Оқытушы магистр Қуанбаева Э.А.
Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібі және ауыр өнеркәсіптердің жетекші салалардың бірі болып табылады.
Мұнай өнімдеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі – олардың төмен температураларында жылғыштығы. Отындар мен майлардың жылжығыштығының жоғалуы қатты көмірсутектердің температурасының төмендеуінен мұнай фракцияларының ерітінділерінен сұйық фазаны байланыстырушы құрылымдық жүйе түзелуімен қарастырылады.
Мұнайды өндеу өнеркәсібінің мақсаты мұнай өнімін арттыру тиімді пайдалану, өңдеу шараларын, одан әрі жетілдіру, қайта өңдеу болып табылады.
 
Парафинсіздендіру процессі рафинаттардан қатты көмірсутектерді жоюға негізделген, төмен температурада майлардың жылжымалылығын жоюына әсер етеді.
Парафинсіздендіру процессінің негізі, рафинат еріткіште немесе еріткіштер қоспасында ерітілуі, одан кейін төменгі температураға дейін салқындатылып қатты көмірсутектерден түзілуінен тұрады.
Парафинсіздендіру экстракция процессінің бір турі болып келеді, экстрактивті кристаллизация мен әртүрлі майлардың көмірсутектерінің компоненттеріне негізделген.

Мұнайдың массасының көпшілігінде, оның құрамы мен құрылысындағы сутек пен көмірсутек молекуларының ара қатынасы бойынша үштурлі көмірсутегі тізбектері дараланады, олар: 1) парафиндік көмірсутер (қанық) немесе алкандар, 2) нафтендік, көмірсутер 3) хош иісті көмірсутер. Парафинсіздендіру процессінің негізгі нәтижесі парафинсіздірілген май алу болып табылады.


Мұнайлы көмірсутектерінің құрамы бойынша әртүрлі немесе алуан түрлі болады. Кен орындарынан мұнайды игеру барысында парафин бөлінбейді. Парафиннің ұсақ бөлшектері еріген күйде мұнай құрамында қалып, сұйық ағынымен айдалып кетеді.
Мұнай өндіру процесінде парафиннің қат-қабаттануымен күресу әдістерін таңдамас бұрын, мұнайдың құрамындағы парафиннің физикалық және химимялық қасиеттерін анықтап білу қажет болады.
Құрамында қатты көмірсутегілер болуына байланысты мұнайдың кұрамында 0,2 %ден 30%-ға дейін парафин кездеседі.
Мұнай құрамындағы парафин мөлшері тұрғысынан үшке бөлінеді: аз парафинді ( яғни парафин 1,5%-ға дейін), парафинді ( яғни парафин 1,5%-дан 6,0%-ға дейін), мол парафинді (яғни парафин 6,0%-дан жоғары). Парафиннің мұнайда қатты бөлшектері пайда болатын температура кристалдану температурасы деп аталады. Ол мұнай түріне және парафин фракциясының құрамының әртүрлі болуына байланысты. Парафинның балқу температурасы +270С-тан +710С-қа дейін болады. Парафиннен мұнайды тазалау процесі-мұнай майларын өндірудің ең күрделі, көп еңбекті қажет етеді және еңқымбат бағаланатын процесс.
ҰНҒЫМАНЫҢ ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫН ПАРАФИННЫҢ ҚАТ-ҚАБАТТАЛУЫНАН ҚОРҒАУ ҮШІН ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
Парафинның қат-қабатталуынан пайдаланатын негізгі әдістерді төрт топқа бөлуге болады, олар:
    • Механикалық әдістері:

    • а) серпелі қырғышты пайдалану аркылы;
      б) ұшатын деп аталатын автоматты қырғышты пайдалану;
      2. Жылулық әдістері:
      а) құбыр бағанасын жылыту арқылы қыздырылған буды құбыр аралық кеңістікке айдау;
      б) құбырды жылыту арқылы ыстық мұнайды айдау;
      в) ыстық мұнайды айдау арқылы ұңғыманы парафинсіздендіру;
      3. Әр-түрлі еріткіштерді қолдану арқылы құбырды парафинның қат-қабаттанудан сақтау.
      4. Химиялық қоспаларды пайдалану арқылы.

Парафин құбырларды қат-қабаттанудан тазарту мақсатында оның құрамына және тағыда басқа өзге де ерекшеліктеріне байланысты, әр жағдайда әр түрлі әдістер қолданылады. Жылу әдістерімен парафинді жою үшін жылжымалы автокөліктер немесе шынжырлы жүрісті бу генераторлы қондырғылар ППУ-3 қолданылады, оның өнімділігі – 1т/сағ., қыздыру температурасы +310оС. Бу қондырғы таза суды буландыруға қажетті арнаулы қазаннан тұрады.
Бу генераторлы қондырғы ППУ-3
Сондай-ақ парафинденген майды тазалау кезінде түсетін, асфальтты-шайырлы заттар мен еріткіштер құрамындағы өзге де заттар болады, оны тауарлы май ретінде немесе оның компоненттері есебінде қолдануға болмайды. Себебі майдың тауарлы сорттарын дайындау үшін майды парафиннен тазарту қажет.
Сондықтан парафинденген майды тазарту мақсатында бағыттар қарастырылған олар қосымша
  • сутазалау, немесе
  • сазбен тазалау және
  • күкіртті қышқылмен тазарту бағыттары қарастырылады.

  • Сутазалау парафинденген майдың сапасын жақсартады әрі техникалық экономикалық жағынан тиімді бағыт болып табылады.

. Парафин сонымен қатар дәрілік мақсаттарда қолданылады, атап айтқанда косметологияда: Парафиннің емдік қасиеттері бұрыннан белгілі.
Медицина косметология саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан, әлі де парафинді қолдануды ұнататын адамдар көп.
Қыздырылған парафин қан айналымын жақсартады, жараларды тездетуге көмектеседі, бірлескен функцияны едәуір жақсартады.
Парафинмен емдеу жарақаттан кейінгі кезеңде жарақаттануды қалпына келтіруде кеңінен қолданылады, буындарды емдеуде таптырмайтын болып табылады. Косметологияда парафинді қолдану өте пайдалы деп саналады. Атап айтқанда, парафин тері тесігін ашып, теріні жұмсартады және жылытады, токсиндерді кетіреді.
Сонымен қатар, парафиннің маңызды артықшылықтарының бірі - теріні керемет ылғалдандыру. Парафинмен емдеу терінің су тепе-теңдігін қалпына келтіруге өте жақсы, оның бетіндегі ылғал буланып кетпейді, терінің тынысы жақсарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет