Мұнайгаз факультеті


Игерудің негізгі көрсеткіштері



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі386,69 Kb.
#87671
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
nfhb[

Игерудің негізгі көрсеткіштері

Мұнай кен орындарында су айдау әдісін қолдану мұнайды жер бетіне шығару, сондай-ақ қабат қысымын ұстау мақсатында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда бұл әдісті кен орындарда қолдану ең бір кең тараған әдістердің бірі болып саналады. Осы су айдау әдісінің ішінде көбінесе, нұсқа ішінен су айдаудың қатарлы немесе блокты-қатарлы және ұңғымалардың ауданды орналасу кестесі, сондай-ақ нұсқа сыртынан су айдау әдісі қолданыс тапқан. Сонымен қатар ошақты және таңдамалы суландыру да қолданылуда.


Технологиялық түрде су айдау келесі түрде іске асырылады. Қоспалардан тазартылған суды, сорап станцияларында жоғары қысымдағы орнатылған сораптар арқылы, мұнайлылық аумағында орналасқан, айдау ұңғымаларына (нұсқаның ішінен су айдау) немесе оның сыртқы бөліктеріне (нұсқа сыртынан су айдау) айдайды. Суды бірегей түрде бірнеше ұңғымаларға айдайды (жиынды түрде). Сол себептен де, мұнай қабаттарын суландыру мақсатында қолданып жатқан сорапты станциялары жиынды сорапты станциялары деп аталады. Қабатқа айдалатын суды сапасына келесідей талаптар қойылады: орташа алғанда тартылған бөлшектердің саны өткізгіштігі төмен қабаттар үшін 5мг/л, ал өткізгіштігі жоғары қабаттар үшін 20 мг/л-дан аспауы қажет.
Қабатқа су айдау барысында айдау ұңғымаларының сағадағы қысымы 5-10МПа деңгей аралығында болуы қажет, ал көбісінде 15-20 МПа болады. Бөлек тұрған ұңғымалардағы түп аймақ өткізгіштігі әртүрлі болғандықтан, айдалып жатқан судың шығыны әр ұңғымада да әртүрлі болады. Мұнай қабаттарының сулануы жөніндегі теорияға сүйенетін болсақ, айдау ұңғымаларына айдалып отырған судың qвс шығыны Дарси заңы бойынша қысымның ауытқуына қатынаста болуы қажет. Бірақ та, факті бойынша алатын болсақ, ол сызықты емес түрде, қысымның ауытқына тәуелді болады, оның кішкентай белгілері тәуелділік сызығына жақын келеді, бірақ та кейбір қысым ауытқуы кезінде ∆рс* шығын qвс, тез ұлғая бастайды. Бұл өзгерістің себебі қысымның ауытқуы кезінде ∆рс = рс–рк = ∆рс* ұңғыманың түп аймағында жарықшақтар ашыла бастайды және осы қабаттағы өткізгіштік жылдам өсе бастайды.
Мұнай кен орындарын су айдау әдісін қолданып игеру барысында, бастапқы кезде тек таза мұнай өнімдері алынады, яғни құрамында суы жоқ, таза мұнай, кейін қабатқа айдалып жатқан судың көлеміне байланысты, мұнай мен бірге су да шыға бастайды. Егер де qвз – игеріліп отырған қабатқа айдалып отырған судың толық шығыны деп алсақ, qв – қабаттан алынып жатқан судың көлемі, ал qн – мұнайдың шығымы деп алатын болсақ, онда келесі түрдегі шығарылымды аламыз:
Қабатқа айдалған судың жиналған көлемі t уақыт сәтіндегі

Q вз= вз(t)dt.



  1. Сол уақыт кезеңіндегі қабаттан өндірілген мұнайдың көлемі

Q н= н(t)dt.



  1. Қабаттан өндірілген судың көлемі



Qсу= су(t)dt.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет