Мұнайгаз факультеті



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі386,69 Kb.
#87671
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
nfhb[


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Мұнайгаз факультеті
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе
ЕСЕБІ


Тақырыбы: «Мұнайды сумен поршенсіз ығыстыру моделі негізінде біртекті қабаттарды игеру көрсеткіштерін есептеу»






Орындаған:МГІ-19 ТжКБ қ/б студенті
Аманбай Батырбек
Тексерген: «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Зоя Булекова


Атырау, 2020

Мазмұны






Бөлімдер атауы

Бет




Кіріспе

3

1

Игерудің негізгі көрсеткіштері

4

2

Мұнайды сумен поршеньді ығыстыру моделі негізіндегі қатпарланған қабаттың өндіру көрсеткіштерінің есептелуі

8

3

Біртекті қабат өндірісі көрсеткіштерінің екіфазалық фильтрация моделі негізінде есептелуі

12































Қорытынды

15




Пайдаланылған әдебиеттер

16



Кіріспе

Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланылады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан басталған. 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге енгізілді. Республикадағы мұнай өндіру өнеркәсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркәсіп объектілері және жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шығаратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми зертхана құрылды. Ұзындығы 847 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры мен ҚандыағашГурьев темір жолы іске қосылды.


Мұнай кен орындарын игеру деп құрамында көмірсутектер және олармен қоса жүретін пайдалы қазбалары бар заттарды жер қабатынан алудың ғылыми негізделген үдерісін айтады. Бұл үдеріс кен орнын бұрғылауды және мұнай мен газ қорларын игеруді қамтиды. Мұнай кен орындарын игеру тау-кен ғылымдарына жатады. Тау-кен ісі – адамзаттың ең ежелгі мамандықтарының бірі. Адамзат пайдалы қазбаларды тауып, оларды қолдануды тас және қола ғасырларда бастаған. Адамзаттың дамуындағы осы кезеңдердің атауы тастан, қоладан жасалған құралдарды табу мен дайындаумен, яғни тау-кен ісімен байланысты. Мұнай кен орындарын игеруді жобалау, талдау және бақылауының дамуы күрделі математикалық әдістер мен есептеу жабдықтарын талап етті. 30-50-жылдары есептеулер кезінде жерасты гидромеханикасының мәселелерді шешу әдістерінің анық немесе ұқсас түрлері қолданылды, ал 50- шы жылдардың соңы мен 60-шы жылдары фильтрация мәселелерін шешудің есептік әдістері қолданыла бастады.
Осы жылдары мұнай қабаттарына су айдау арқылы әсер етудің негізі болды, бірақ сол кездердің өзінде бұл жолмен мұнайды, әсіресе, 7 тұтқырлығы жоғары және жоғары-парафиндік мұнайды толықтай өндіру мәселесі әлі де толық шешілмейтіні анықталды. Маңызды зерттеулер жүргізіліп, мұнай кен орындарын жылу арқылы, қабаттарға жылусақтағыштар мен ішкі-қабаттық жануды енгізумен байланысты жүретін игерудің дамуына әсер еткен инженерлік шешімдер берілді. Сол жылдары бүкіл әлемде қабаттан мұнайды алудың көмірсутектік ерітінділермен, полимерлік және мицеллярлы-полимерлік ерітінділер арқылы мұнайды қабаттан ығыстырып шығару секілді физикалық-химиялық әдістерінің дамуына айрықша көңіл бөлінді.
Мұнай кен орындарын игерудің күрделі үдерістерін есептеу тек қана қабаттардағы көп ағымдардың есебін ғана емес, ондағы көп компоненттіліктің, фазалық ауысымдардың, қабаттағы фильтрленіп жатқан заттар қасиеттерінің өзгергіштігін, яғни көп фазалы көп компонентті фильтрация теориясын қолдану есебін де талап етті.
Мұнай кен орындарын игеру – ғылымның қарқынды дамып келе жатқан саласы. Оның кейінгі дамуы қабаттан мұнайды алудың жаңа технологияларын қолданумен, қабат ішіндегі үдерістердің өту сипатын анықтаудың жаңа әдістерін пайдаланумен, ұлттық шаруашылықтың ұқсас салаларының мәліметтерін есепке алумен кен орнын бақылау мен өндіруде заманауи әдістерді қолданумен, пайдалы қазбаларды өндіру үдерістерінде автоматтандырылған басқару жүйесін қолданумен, қуатты ЭЕМ-дерде іске асырылатын, анықтайтын модельдер негізінде қабаттар құрылысының және оларда жүретін үдерістер сипатының бөлшектік есебі әдістерінің дамуымен байланысты болады.
Мұнай кен орындарын игеру адамзаттың табиғатқа елеулі әсер етуімен байланысты және сол үшін жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша бекітілген заңдарды сөзсіз ұстануды талап етеді. Мұнай кен орындарын игеру бойынша барлық жобалық құжаттар мұнайды, суды герметикалық жинауды, өндірілетін суды тазалауды және соңынан оны қабатқа айдауда қолдануды, мұнай газын пайдалануды, қабаттардан мұнайды көп өндіру үшін қолданылатын химиялық заттардың регенерациясын және олардың кейінгі қолданылуын қарастыратын тұйық өндірістік циклдерді пайдалану жолымен жерді, суды, ауаны қорғауға байланысты бөлімдерді міндетті түрде қамтуы керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет