Мұнайлы ауданы «№3 жалпы білім беретін мектеп» кмм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пиржанова Жадыра Нажимовна Педагог-зерттеуші



Дата03.03.2023
өлшемі115,22 Kb.
#170946
Байланысты:
Етістіктің шақтары
28,10,06, функция, жоба, портфолио титул, 10-сынып Қазақ тілі БЖБ, Бағалау парақшасы, 3 сынып тест, сенсорлык бузылысы бар

Мұнайлы ауданы «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пиржанова Жадыра Нажимовна Педагог-зерттеуші


Етістіктің шақтары
Іс-қимылдың уақытын білдіретін
етістіктің тұлғасы
Осы шақ
Өткен шақ
Келер шақ

Осы шақ

Осы шақ

Етістіктің осы шағы сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды білдіреді.


Осы шақ
Нақ осы шақ
Ауыспалы осы шақ

Шақ түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысал

Ауыспалы осы шақ

Күнделікті болып жатқан іс-қимылды білдіреді

Етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғау

Мен барамын
Ол жазады
Құс ұшады

Нақ осы шақ

Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді

Қалып етістігі: отыр, тұр, жатыр, жүр + жіктік жалғау

Мен жүрмін
Ол отыр
Ол сөйлеп тұр

Шақ түрі

Жасалу жолы

Мысал

Жалаң нақ осы шақ

Қалып етістігі + жіктік жалғау

Мен жүрмін
Мен отырмын
Мен тұрмын

Күрделі нақ осы шақ

Көсемше / қалып етістігі + жіктік жалғау

Мен келіп жүрмін
Мен келіп отырмын
Мен келе жатырмын

Нақ осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары

Өткен шақ

  • Өткен шақ
  • Етістіктің өткен шағы сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-қимылды білдіреді. Оның 3 түрі бар:

Жедел өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ

Шақ түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысал

Жедел өткен шақ

Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді

Етістік – (-ды, -ді, -ты, -ті) + жіктік жалғау

Мен бардым
Сен келдің
Біз айттық

Бұрынғы өткен шақ

Болғанына көп уақыт өткен іс-қимылды білдіреді

Етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғау

Мен барғанмын
Мен барыппын

Ауыспалы өткен шақ

Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді

Етістік + (-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жіктік жалғау

Мен баратынмын
Сен жүретінсің
Сіз ойнайтынсыз

Келер шақ

  • Келер шақ
  • Етістіктің келер шағы сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-қимылды білдіреді. Оны 3 түрі бар:

Болжалды келер шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы келер шақ

Шақ түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысал

Болжалды келер шақ

Іс-қимылдың келешекте болатынын болжап көрсетеді

Етістік – (-ар, -ер, -р, -с) + жіктік жалғау

Мен барармын
Сен жүрерсің
Біз бармаспыз

Мақсатты келер шақ

Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді

Етістік + (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) + жіктік жалғау

Мен бармақпын
Сен жүзбексің
Ол айтпақ

Ауыспалы келер шақ

Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді

Етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғау

Мен ертең барамын.
Сен бүгін жүресің
Ол қазір кетеді

Ауыспалы келер шақ

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақтың жасалуы осы шақтың жасалауымен бірдей, бірақ мағынасына қарай ажыратылады. Ауыспалы келер шақта мезгіл мәнді сөздер, мезгіл үстеуі болады. Мысалы:
Мен бүгін барамын. Біз қазір кездесеміз. Олар ертең келеді.

Ауыспалы осы шақта мезгіл мәнді сөздер болмайды. Мысалы:
Мен барамын. Біз кездесеміз. Құстар ұшады. Олар келеді.

Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер
шақтың айырмашылығы

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет