Модуль Бизнес-жоспарды пайдалану бағыттары Тақырып 14. Кәсіпкерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
Дата24.08.2020
өлшемі305,63 Kb.
#76755
Байланысты:
Дәріс 14



Модуль 4. Бизнес-жоспарды пайдалану бағыттары 

Тақырып 14. Кәсіпкерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету 

1. Кәсіпкерлердің қызметтін реттейтін негізгі құқықтық актілер 

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары 

 

 



1. Кәсіпкерлердің қызметтің реттейтің негізгі құқықтық актілер 

ҚР заң актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті реттейтін келесідей 

құқықтық актілер бар: 

1.  ҚР Азаматтық Кодексі 

2.  ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы 

3.  ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы 

4.  ҚР Президентінің заң күші бар «шаруашылық серіктестіктер 

туралы» Жарлығы 

5.  ҚР Президентінің заң күші бар «Ӛндірістік кооперативтер 

туралы»Жарлығы 

6.  ҚР «Шектелген және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер 

туралы» заңы 

Заңды тұлға қызметінің құқықтық негізі болып құрылтай құжаттары – 

жарғы және құрылтай шарты табылады. 

Шаруашылық  серіктестігі  –  бұл  ӛзінің  қызметінің  негізгі  мақсаты  кіріс 

тарту  болып  табылатын  жарғылық  қоры  құрылтайшылардың  жарнасына 

(үлесіне) бӛлінген заңды болып табылатын коммерциялық ұйым. 

Шаруашылық серіктестіктердің формалары: 

-  толық серіктестік; 

-  сенім серіктестігі; 

-  жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 

-  қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі. 

Ӛндірістік  кооператив  –  бұл  кооператив  мүшелерінің  жеке  еңбек 

қатысуына  және  оның  мүшелерінің  пайларын  біріктіруге  негізделген 

шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі. 

Акционерлік  қоғамдар  -  ӛзінің  қызметін  жүзеге  асыру үшін  қаржы  тарту 

мақсатында  акция  шығарумен  айналысатын  және  жарғылық  капиталы 

шығарылған акциялар санына бӛлінген заңды тұлға. 

Мемлекеттік кәсіпорындар: 

-  шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 

-  шұғыл басқару құығына ие (қазналық кәсіпорындар). 

Кәсіпорынның мемлекеттік меншік түріне байланысты: 

-  республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 

-  республикалық  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындар  болып 

бӛлінеді. 

Ӛзге мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуымен құрылған мемлекеттік 

кәсіпорындар еншілес мемлекеттік кәсіпорындар болып саналады. 

Кәсіпорындардың ұйымдық-экономикалық формалары: 

-  картель; 

-  синдикат; 




-  трест; 

-  ассоциация; 

-  корпорация; 

-  қаржылық-ӛнеркәсіптік  топтар; 

-  кластерлер т.б. 

 

 



 

2. Кәсіпкерліктің  ұйымдық-құқықтық  нысандары 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі  және  қолданылып 

жүрген  заңдар  мен  заңдылықтарға  сәйкес  кәсіпорындардың  мынадай 

ұйымдық-құқықтық нысандары бар: 

-  мемлекеттік кәсіпорын; 

-  серіктестік  (толық  жауапкершілікті,  аралас  және  жауапкершілігі 

шектеулі жауапкершілікті); 

-  акционерлік қоғам, бірлестіктер. 

Кәсіпкерлік  қызметке  қатысушылар  мен  олардың  әріптестерінің  бірігуі 

«серіктестік»  деп  талады.  Серіктестік  шаруашылықтарға  әріптестердің 

қатысуы  жазбаша  келісімдер    мен    шарттар    түрінде    бекітіледі. 

Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. 

Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: 

● басқару істеріне қатысуға; 

●  серіктестік қызметі жӛнінде мағлұматтар алуға; 

●  оның құжаттармен танысуына; 

● несие  берушілермен  есеп  айырысқаннан  кейін  қалған  пайданы 

бӛлісуге; 

●  тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар. 



Толық серіктестік тӛмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді: 

1.  Кәсіпкерлік  қызмет  және  оған  қатысушы  серіктестіктің  қызметтері 

олардың  ӛз  қызметтері  болып  саналады,  ал  оның  міндеттері  бойынша  кез- 

келген қатысушы ӛзінің барлық мүлкімен жауап береді. 



Командитті  серіктестікте  бір  немесе  бірнеше  қатысушылар  несие 

берушілер  алдында  бүкіл  мүліктерімен  жауап  береді.  Біреуінің  немесе 

бірнешеуінің  жауапкершілігі  олардың  әрқайсысының  қоғамдастыққа  қосқан 

үлесі (салымы) бойынша шектеледі. 

Салық тұрғысынан қарағанда,  командитті серіктестік –  жауапкершілігі 

шектеулі  қоғам.  Мұндай  құрылым  жауапкершілігі  шектеулі  командитті 



серіктестік  деп  аталады.  Оның  артықшылығы  –  салық  тӛлеу  тұрғысынан 

қарағанда,  ол  –  серіктестік,  ал  азаматтық  тұрғысынан  алсақ,  жауапкершілігі 

шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да кӛп болмайды. 

Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  –  алдын-ала  белгіленген 

пайшылар  үлестерінің негізінде  құрылған  бірлестік.  Оның  мүшелерінің  (жеке 

және 

заңды 


иегерлері) 

қоғамның 

міндеттемелерін 

орындауда 

жауапкершіліктері жоқ, олар тек ӛз үлестерінің мӛлшерінде ғана тәуекелділік 

жасай алады. 




Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен  құрылатын заңды құқығы және 

ӛзіндік  жарғысы  бар  бірлестік.  Акционерлер  болуға  жеке  адам,  заңды 

тұлғалар  да  хақылы.  Акционерлік  қоғам  құру  үшін  нотариус  куәландырған 

серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. 




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет