Мөж тақырыбы: Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі46,69 Kb.
#186001
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері
приказ министра, 10 кл СОР2, fwdhgwAz8f2gsz1898qhz79jwlddnmr18pny7rpbtzx4fsdjjfv4sg7st3whyz7zll1wdmqgfqhcbds42xvp8w9m9029zckzm81d5A7sfhls9ktphdhx0htlfnrwjg334d75knngqt6s9ds3zb5b0klxqlmcqAvArfhd8nhgz01kqgz2wct1ys56hAsr2A0wd93mszr1jt77m

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ


Тақырыбы: Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері


Орындаған: Асан Р.А
Тобы: МЕП-23-4нк2
Қабылдаған: Спанов М.Ж

Шымкент
2023 ж
Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері


Жоспары:
І.Кіріспе
1. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның пайда болу ерекшеліктері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ніл аңғарының табиғаттық жағдайы, халқы және өркениеттің қалыптасуы
1.1 Ежелгі Египет мәдениеті
1.2 Ежелгі Қытай мәдениеті
1.3 Ежелгі Үндістан мәдениеті
2. Ежелгі Египеттіктердің өнер саласындағы жетістіктері
3. Ежелгі Египеттіктердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктері
ІІІ. Қорытынды


Кіріспе
1. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның пайда болу ерекшеліктері
Ескі дүние өзінің көркем өнерімен, сәулет өнерімен, әдебиетімен, дінімен, философиясымен күні бүгінге дейін таң қалдырып келеді. Сондықтан болар, солар арқылы өзімізге өзіміз тізе отырып осы заманның мәдениетінің ерекшелігін, мәнін байқаймыз, аңғарамыз.
Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.
Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.
Батыс тарихында жеке тұлғалардың дараланып шығуы олардың билік пен жеке меншікке құштарлығының салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғамға үстемдік жасайтын өкіметтің қажет екендігі айқындала бастады. Өкімет жаңа қалыптаса бастаған тәртіптілікті қорғаштады.
Біріншіден оқшауланып бөліне бастаған топтың артықшылығын сақтауға мүмкіндік туғызса, екіншіден адамдар мен топтардың арасындағы кейбір қақтығыстарды жұмсарта отырып, адамдардың қоғамдық келісімнін кешуге бағыттады. Былайша айтқанда, варварлық жүгенсіздік жағдайында пайда болған адам еркіндігінің көбі батыста мемлекеттердің пайда болуына әкеп соқты. Батыста мұндай типті мемлекеттердің пайда болуының мәні еркінді іске асуының әлеуметтік түрі еді.
Шығыс елдерінің тарихында еркіндіктің жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталды. Өйткені Шығыста қалт-құлт өмір сүрудің басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып астықтың
коғамдық қорын жасай білуде болды. Өйткені, табиғаттың дүлей
күші соны талап етті. Осының барлығы қордалана келіп табыс
қорының қомақты және жоспарлы шығындалуын, әкімшілік жолымен басқарылуын және көптеген жеке ауылшаруашылық қауымдарды топтастыруды талап етті. Шығыс мемлекеттерінің негізінде жеке адамның өзіндігін және еркіндікті жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастық идеалы жатты. Шығыс деспотиясының рухани мәні осында.
Мұндай мемлекеттіліктің типтік сипаттары Шумер,Үнді, Египет, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет