Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет22/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Операция техникасы (О.В.Николаев әдісі). Мойын терісіне оң және сол төс-бұғана емізіктік бұлшықеттердің медиалды қырларын жалғайтын және төссүйектің мойындырық ойығының үстінен 1-2см жоғарылау өтетін тілік жасалады. Теріні астындағы шелмай қабатымен және беткей фасцияны теріасты бұлшықетімен қоса тіліп ашады. Тіліктің шеттерін жоғары және төмен қарай тартып тұрып, екі қысқыштар арасына алып, бірінші және екінші фасциялар аралығында жататын мойынның беткейлік веналарын қысады. Субфасциалды кеңістікке новокаин ерітіндісін жібергеннен соң ортаңғы сызықпен екінші және үшінші фасцияларды тіледі де бездің алдында жатқан бұлшықеттерді ашып, ығыстырып бездің бөлімдерін ашу процестерін бастайды.

Безді ашу үшін төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттердің ішкі шеттерін екі бүйірге қарай тартады (кеспейді), енді төртінші фасциялық париеталды жапырақшасын кеседі де, оны висцералды жапырақшасынан (саусақпен және доғал аспаппен) сыдырып ажыратады. Осыдан соң хирург жара аймағына бездің оң бөлігін шығара бастайды. Операция жасаушының келесі міндеті – бездің оң жақ бөлігінің екі полюсін де фасциялық қапшықтан босату, ал бездің жоғарғы бетінде тек оның ішкі (өзіндік) қапшығын ғана қалдыру. Ол үшін хирург субфасциалды кеңістікке новокаин жібереді де, төртінші фасцияның вицералды жапырақшасы мен бездің өзіндік қапшығы арасында фасциядан шығатын қантамырларға қысқыштар салады. Бұл міндетті түрде осы аралықтарда жасалады, себебі бұл жағдай көмей нервтері мен қалқанша маңы бездерінің зақымданбауына жол ашады. Осыдан соң, қалқанша бездің мойнағын кеседі, қанаған қантамырларға қысқыштар салады да бездің оң бөлігін жараға шығарады. Осы әрекеттер кезінде, бездің артқы бөлігінің кеңірдектің бүйір бетімен жалғасқан жерін сақтау өте маңызды: бұл жағдай кейіннен, көмей нерві мен қалқанша маңы бездерін жарақаттанудан сақтайды. Бұдан әрі бездің затын кеңірдек жағына резекция жасай келе осы тұста бездің аздаған бөлігін, (шамамен, ұзындығы 2-3см, көлденеңі 1см) қалдырады. Артынан, бұл қалдырылған бөлік төртінші фасцияның висцералды жапырақшасымен жабылады.

Бұдан кейін, қантамырларға салынған қышқыштарды босатып, олардың орнына кетгут лигатураларын салып байлайды. Жарада лигатураларды барынша аз қалдыруға тырысу қажет, сондықтан бір лигатурамен бірнеше тамырларды байлауға болады. Тамырларды байлап болған соң, бездің оң жақтағы қалдырылған бөлігін болғанынша жабу үшін, бездің сыртқы қапшығының бөліктеріне тігістер жасайды. Жараны новокаин ерітіндісімен жуады, ал оның бұлшықеттік қабаттарына тағы да новокаин жібереді. Осыдан соң бездің сол жақ бөлігін шығаруға кіріседі, оның барысында безді жараға шығаруды, әдетте, оның төменгі полюсі жағынан бастайды. Қалқанша бездің сол жақ бөлігіне резакция жасауға арналған бұдан арғы әрекеттер, оның оң жақ бөлігіне жасалған операциялық қимылдармен бірдей.

Бездің екі бөлігінің капсулаларына (өзіндік қапшығы) тігістер салынған соң, кесілмеген төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттерді орнына тартып безді жабады, бұдан кейін тағы да жараның қабырғасындағы бұлшықеттік қабаттарға және теріасты шелмайға новокаин жібереді. Науқастың арқасындағы валикті алады да, кесілген бұлшықеттерге (төс-тіласты және төс-қалқанша бұлшықеттері) тігіс жасайды. Осыдан соң, жара ішін тағы да новокаинмен жуады, безден қалған бөліктерге 1-2 тәулікке жұқа дәке немесе резина жолақтарын жақындатып қалдырады. Теріасты шелмайға, одан соң теріге кетгуттық тігістер салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет