Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет33/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
мойын кітап

Жауап эталондары

  1. Аталған патология омыртқалық артерияның зақымданғанынан болған. Бағдар ретінде VІ мойын омыртқа алынады, себебі оның тесігінен артерия өтеді. Омыртқалық артерия бұғана асты артериясының бірінші бөлімінен бастау алады.

  2. Операциялық бару жолы ұйқы үшбұрышы арқылы синокаротидтік зона аймағымен және төс-бұғана-емізіктің алдыңғы қырының бойымен белгіленген. Коллатералды қанайналым бұғана асты артериясының тармақтарынан (омыртқалық артериялар арқылы), сондай-ақ қарама-қарсы ішкі ұйқы артериясының есебінен іске асады.

  3. Құлақ маңы (шықшыт) безінің қатерлі ісік түріне ауысып кетуі кезінде сыртқы ұйқы артериясының қабырғасы зақымдануы мүмкін. Бұл артерияны ашу үшін бағдар ретінде төс-бұғана-емізіктік және жауырын тіластылық бұлшықеттерден пайда болған бұрыштың биссектрисасына сәйкес проекциялық сызық алынады.

  4. Тіл артериясын байлау Пирогов үшбұрышы шетінде жасалады, бұл үшбұрыш қосқарыншалы бұлшықеттің сіңірлерімен және тіласты нервімен шектеледі. Жұмсақ тіндерге тілік жасалған соң, тіласты-тілдік бұлшықеттің талшықтарын ажыратып, тіл артериясын ашады.

  5. Кеуделік лимфа ағыны сол жақ веналық бұрышқа (Пирогов бұрышы) құйылады, бұл сол жақ бұғанаасты және ішкі мойындырық веналарының қосылған жері болып табылады. Сол жақ веналық бұрыш пен кеуделік лимфалық ағын сатылық-омыртқалық үшбұрышта төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы жағында орналасады. Тілік сол жақ бұғанаға параллелді және бұғанадан 1 см жоғарылау жасалады.

  6. Жақасты флегмонасын тіліп ашу кезінде бет артериясы мен бет венасын зақымдап алмау міндет. Вена жақасты безінің алдыңғы бетінде, ал артерия – артқы бетінде орналасқан.

  7. Өңештің мойын бөліміне операциялық бару жолы сол жақ төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің алдыңғы беті арқылы тілік жасау болып табылады.

  8. Өңештің жарақаттануы нәтижесінде іріңдік ағымның артқы көкірекаралыққа таралуы мүмкін. Ретровисцералды шелмайлық кеңістікті ашу үшін төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы қырының бойымен тілік жасалады.

  9. Қалқанша без мойнағының айтылғандай орналасуы кезінде төменгі трахеостомия жасалады. Этаптары: кеңірдекке дейін жұмсақ тіндерге тілік жасау, кеңірдекті тілу, Труссо кеңірдек кеңіткіші көмегімен трахеостомиялық түтікті енгізу және оны бекіту, жараны тігу.

  10. Превисцералды фасция аралық шелмайлық кеңістіктен ірің алдыңғы көкірекаралыққа таралуы мүмкін.

  11. Трахеостомияның жоғарғы, ортаңғы, төменгі түрлері бар. Балаларға төменгі трахеостомия жасау тиімді, себебі балаларда кеңірдек құйғыш пішінді болып келеді және ауаның кіруіне жағдай туғызу үшін тарлау жерден төмендеу әрекет ету қажет, сонымен қатар қалқанша бездің мойнағы скелетостопиялық жоғары орналасады да, кеңірдектің сақиналары мойнақтан төмен жатады. Трахеостомия этаптары: 1-теріге тілік жасау – ол сақина тәрізді шеміршектің жоғарғы шетінен төссүйектің мойындырық ойығына дейін тура ортаңғы сызықтың бойымен жүргізіледі. Мойын тіндері қабаттарын өз кезегімен кеңірдекке дейін тіледі, гемостаз жасау, қалқанша бездің мойнағын ашып, жоғары қарай ығыстыру; 2- кеңірдекті біртісті ілмек көмегімен бекітіп ұстау және шеміршектің 2-3 сақинасын тілу; 3- Труссо кеңірдек кеңіткішін кеңірдек тілігіне енгізу, содан кейін, кеңіткіш арқылы Люэр трахеостомиялық канюлясын өткізу; 4- канюля бойымен жарақатты тігу.

  12. Қалқанша безді алып тастау операциясы кезінде бездің артқы және медиалды беттерін ашу әрекеті этапында қайырылма нерві зақымданған.

  13. Ірің алдыңғы көкірекаралық шелмайына таралуы мүмкін. Қауіпті асқыну – медиастенит болып табылады. Претрахеалды шелмай мен алдыңғы көкірекаралық медиастеналды кеңістік арасында тікелей байланыстың болуы кеуде аймағына іріңдік экссудаттың таралуына соғып, оның нәтижесінде алдыңғы медиастениттің пайда болуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет