Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі


"Музыка" пәнін оқытудың мақсаты



бет2/21
Дата08.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#118865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ктж 1.2.3.4.5.6
Ктж 1.2.3.4.5.6, Генетика СРСП7,8,9,10
2. "Музыка" пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерінде шығармашылық пен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 3. "Музыка" пәнін оқытудың міндеттері:
1) музыкалық сауаттылық негізі бойынша білімдерін қалыптастыру;
2) стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) музыкалық сауаттылықтың негізгі терминдері мен ұғымдарын меңгеру;
4) музыкалық іс-әрекет процесінде білімдері мен дағдыларын, сонымен бірге музыканы өнердің басқа да түрлерімен кіріктіре отырып дамыту;
5) музыкалық орындаушылық дағдыларын, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қалыптастыру; 
6) қазақтың дәстүрлі музыкасы мен фольклорының, әлем халықтарының музыкалық шығармашылығының, классикалық және заманауи композиторлар шығармаларының озық үлгілерін білу;
7) музыкалық іс-әрекеттер процесінде білім алушылардың көркемдікті қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;
8) музыкалық іс-әрекеттер процесінде зерттеушілік, шығармашылықпен және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру;
9) білім алушылардың өмір тәжірибесі негізінде іс-әрекеттерінің танымдық және эмоционалдық өрісін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, ассоциациялық және бейнелеп ойлау дағдыларын, музыкалық іс-әрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге деген талап-тілектерін қалыптастыру.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
 5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен тығыз байланыста дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты басты құндылықтарын бойына сіңіруіне негіз болады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқы мен күнделікті іс-әрекетіне ықпал ететін тұрақты тұлғалық бағдарына негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет