Молекулалық физика. Оқу құралы. Қызылорда, 2003ж., 155 бет



бет4/22
Дата08.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#168054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
жаңасы 1-2тарау мол-физ
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Дипломная, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
n= n1+n2+…..


Газ қоспасының әртүрлі массадағы молекулаларының орташа жылдамдықтары әртүрлі болғанмен, берілген Т температурадағы молекулалардың орташа энергиясы бірдей болады. Бұл қоспаның ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы:


P = n КT = (n1+n2+…..)КT,


Немесе


P = n1KT+n2KT+….. (2.16)
мұндағы, P = n1КT - газ қоспасындағы бірінші газдың қоспада басқа компоненттердің болмағандағы ыдыс қабырғасына түсіретін парциал қысымы.
Қоспаның барлық газдарының парциал қысымдарын ескерсек,

P=P1+P2+P3+….=




-Дальтон заңы шығады. Бұл заң бойынша идеал газ қоспасының қысымы қоспа құрайтын газдардың парциал қысымдарының қосындысына тең болады.
§6. Газ молекулалары жылдамдықтарының Максвелл бойынша таралуы


Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін қорытып шығарғанымызда молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын ескергенбіз. Алайда газдың көптеген қасиеттері молекулалардың тек орташа энергиясына ғана емес олардың энергиясының оған сәйкес жылдамдықтарының таралуына байланысты.
Газдың жеке молекулаларының жылдамдығы соқтығысу нәтижесінде шамасы және бағыты жағынан өзгереді. Молекулалар қозғалысы барлық бағытта тең ықтималды болғандықтан қозғалыс бағытындағы молекулалардың таралуы бірқалыпты болады. Егер молекулалар жылдамдығының абсолют мәндері нөлден шексіздікке дейін өзгеретін болса, онда қозғалыстың барлығы бірдей тең ықтималды бола алмайды. Сондықтан жылдамдықтарының абсолют мәні бойынша молекулалардың таралуын қарастырайық. Газдың тепе-теңдіктегі күйінде молекулаларының жылдамдықтары бойынша таралуы өзара соқтығысу нәтижесінде өзгермеуі тиіс, яғни уақытқа байланыссыз болуы керек. Бұл молекулалардың үздіксіз қайта таралғанда белгілі бір интервал аралығында белгілі бір жылдамдықтағы молекулалар санының тұрақты болып қалуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет