Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет14/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
 
яғни

мемлекеттік идеологияның мазмұнынан көрінеді. Қазақтардың мінез - 
құлқындағы ұлттық сана-сезім мен тәкәппарлықтың әлсіздігін С.Темірбеков 
ұлтқа бірігу үрдісінің аяқталмағанымен байланыстырады [157]. 
Ұлттық мәдениетті қарастыру барысында ғылым салалары мысалы, 
этнография, әлеуметтану, әсіресе, аксиология және этнопсихология өзара 
тығыз байланыста болып, олардың ғылымаралық сипатымен көрінеді. Түрлі 


халықтардың әдет-ғұрыптары, діни және шығармашылық жүйесі туралы 
жинақталған мәліметтер мен білім мөлшерінен әрбір халыққа тән оның 
сапалық айырмашылығын табу мақсатында алынған бастапқы байланыстар - 
ұлттық р
у
х ретінде түсіндіріле бастады. 
Рух - әрбір адамның әлеуетін ашатын, көптің қуатын ортақ арнаға 
қосатын халық даналығының жиынтығы, еркіндіктің түрі. Өз ұлтының тілін, 
қол жеткізген тарихи жетістіктерін, өміршеңдік жолындағы ұмтылысын, жеке 
тұлғаларын мақтан ету, кейінгі ұрпаққа үлгі тұту рухты жаһандандыру болып 
табылады. Ұлттық білім мен тәрбие- ұлттық рухты қалыптастыруға
патриоттық тәрбие беруге септігін тигізеді. Рухты адамға – намыстылық, 
сергектік пен сезімталдық тән. 
Рухы биік, күшті елдер қандай заманда да бағы таймаған, 
жасампаздыққа қол жеткізген. Сол жасампаздық істерді жасаған да рухы биік 
тұлғалар. Ондай тұлғаларды өмірге әкелетін факторлардың бірі, әлеуметтік 
орта, әлеуметтік бағыт-бағдар, ұлттық тарихи тағылым. Ол мемлекеттік 
саясаттың, оның ішінде әлеуметтік саясаттың жағымды факторлары. Олай 
болса, біз мемлекеттік саясат пен ұлттық рухтың бірлік диалектикасын аталған 
жағдайлардан көреміз.
Ұлттық рухтың келесі бағыты елдік пен тәуелсіздік үшін күрес. Бұған 
жету жолы бірлесу, қауымдасу, бірлесе жүретін жол таңдау. Осы жолдағы 
еркіндік, тәуелсіздік үшін күрес жеке тұлғаның, елдің қалыптасуының басты 
белгісі. Соңғы уақытта көптеген ұлттар сол қасиеттерін жойылтып алғаны 
айғақ. Мемлекетіміздің басты борыштарының бірі осы қасиеттерді қалпына 
келтірудің сара жолы, ұлттық білім мен тәрбиеге баса көңіл бөлу деп 
есептейміз

Этнос сипаттамасындағы маңызды нәрсенің бірі - менталитет. Ол
 
латынша ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы дегенді білдіретін 
ұғым. Бұл латынның сөзі қазіргі мағынада жеке адамның, сондай-ақ әлеуметтік 
бірліктің өзіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылықтық бағдары 
деген мәнде түсіндіріледі. Менталитетке адамның рухани өміріндегі бүкіл 
құбылыстардың жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді 
қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінен моральдық нормаларға дейінгі 
өте үлкен ауқымдылықты қамтиды. 
Менталитет ұғымын ғылыми айналымға енгізгендер мәдени-
антропологиялық бағыттағы зерттеушілер - Л.Леви-Брюль, Л.Февер, И.Блок 
және т.б. Белгілі ғалым С.Ақатай өз мақаласында қазақтың ұлттық 
менталитетін қазақша өмір сүру дәстүрімен байланыстыра отырып, қазіргі 
мәдениетіміздегі қос ағымды - қазақ немесе казах (ресми) және қазақы 
(этникалық) мәдениеттерді бөліп көрсетеді [158]. Осыған ұқсас ой профессор 
А.Қасымжановтың еңбегінде де кездеседі [154, 77б.]. Ал зерттеуші ғалым 
М.Балтабаев өз монографиясында қазақ ментальдығының өзегі ретінде Батыс 
және Шығыстың танымдық формаларының синтезі түрінде көрінетін 


еуразияшылдықты насихаттап, келешектегі қазақстандық қоғамды біріктіруші 
бірден-бір ұлттық идея деп үміттенеді [159]. Д.Кішібеков өз еңбегінде қазақ 
менталитетінің өткенін, бүгінгісін, ертеңін барлық қырынан ала отырып 
сипаттайды [160]. 
Менталитет ұғымына ұқсас «ұлттық мінез-құлық»
 
түсінігі ұлттық 
мәдениет құрылымындағы өзге категорияларға қарағанда неғұрлым аз 
зерттелген. Ұлттық мінез-құлық бұл әрбір халықтың күнделікті тұрмыс-
тіршілігінде, дауысы мен сөйлеу мәнерінде, жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде, 
талғамы мен таңдауында байқалатын өзгеше қасиеттері мен ерекшеліктері. 
М.Бахтиннің пікірінше, ұлттықтың құпиясы оның дастархан мәзірінде 
де, киімінде де, биінде де, ұлттық рухында кездеседі [161]. Осы мәселеге 
байланысты профессор С.Темірбеков өз еңбектерінде Батыс және Шығыс 
менталитеттерін салыстыра отырып, ұлттық мінез-құлықтағы негізгі 
құндылықтарды сараптап, қазіргі заманға сай жағымды, жағымсыз жақтарын 
анықтайды. Мысалы, қазақтың бойындағы жақсы қасиеттің бірі 
бейімделгіштіктің арты қазіргі конформизмге ұласып кетіп жатыр [162]. Ал, 
қазақтың дүниетанымындағы синкретизм мен ұлттық мінезіндегі төзімділік 
қазіргі кездері негізгі қалыпты өркениеттік құндылықтардың біріне саналады. 
Ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына қоршаған орта мен биологиялық 
фактормен қатар, берік дәстүрлі қызметке негізделген және нақты тарихи-
мәдени жағдайларда қалыптасқан этнопсихологиялық-гомогендік ерекшелік – 
«қазақылық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет