талдау әлемдік мәдениеттің бұрынғы, оқшау сипатын алмастыратындай
қандай да біртұтас мәдениеттің қалыптасуы туралы қағидалар дәлелденбейді.
Жаһандануға белсенді түрде еніп кеткен елдер өздерінің ұлттық рухани
мәдениетінен мүлдем бас тартпайды, керісінше оны әлемдегі өзгерістерді
ескере отырып, сақтайды және дамыта түседі. Мұның ең жарқын үлгісі ретінде
экономикада, технологиялық салада табысты жаңаруды жүргізген және
ғаламдық мәдени үдеріске ықпалдасқаннан
кейін де өздерінің ұлттық
мәдениеттерінің ерекшеліктерін сақтап қалған мемлекеттерді атауға болады.
Оның үстіне сол елдердің мәдениеті, өз кезегінде, батыстық әлемнің
мәдениетіне барған сайын зор ықпал етіп келеді.
Ұлттық мәдениеттердің өмір сүруі, дамуы бүкіл адамзат үшін ортақ
болып
келетін
құндылықтардың
мойындалуына
нұсқан
келтірмейді.Ұлттардан құралатын адамзат туралы
ұғым олардың барлығын
біріктіретін жалпы өлшемді логикалық түрде қабылдауды көрсетеді. Бұлай
өзара толықтыру негіздері дін философиясына да тән. «Бүкіладамзаттық ұлттан
жоғары тұрған туыстықсыз адамзат рухы мен мәдениетінің өрлеуі мүмкін
болмайтын ұлттық құрылымдарсыз оған қол жеткізу мүмкін емес» , - деп
жазды И.А.Ильин.
Қорыта келе, жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беру мәселесін
зерделегенде мәдениет саласындағы әр түрлі халықтардың барлық
жетістіктерінің ұлттық-рухани дәстүрлерге негізделетінін ескеру қажет.
Ұлттық мәдениетті дәріптеу мен оны
тарату ерекше психологиялық
тартымдылыққа ие болады,
ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мәдениеттерді
сақтау ұлт өкілінің терең эмоциялық-психологиялық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандырып, танымдық әлемін кеңейтеді.
Осы орайда
жаһандану біртұтас, өзара ынтымақта және өзара байланысты рухани ортаны
қалыптастыра отырып, бүкіләлемдік тарихтың жаңа кезеңін өмірге әкеледі.
Мұндай рухани – мәдени біртұтастық аясында ұлттық мәдениеттердің
ерекшеліктері мен қайталанбас тәжірибесі, тарихи құндылықтары өміршең
сипатта дамитыны сөзсіз.