Монографиялық әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты


Өндіріс орындарын желдету әдістері



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,5 Kb.
#91903
түріМонография
1   2   3
Байланысты:
Аселья ондиристик

Өндіріс орындарын желдету әдістері.
Желдету ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені.
Өндірістік желдету жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады.
Өндіріс процесі кезінде бөлменің ауасы әрдайым әр түрлі зиянды заттармен ластанады, адамдардың денсаулығына, кейде шығарылып жатқан өнімге кері әсерін тигізеді. Сондай зиянды заттарға әртүрлі түрдегі шаң, бу, газ, сонымен бірге артық жылу мен ылғал, химиялық бу, жалпы уытты заттектер немесе тітіркенгіштік әсері, улы және сусыз шаң, зиянды радиоактивті факторлар жатады.
Қоршаған ауаның ластануы жалпы жылудың бөлінуі, ылғалдылық пен көмірқышқыл газы, жылу мен ылғалдың бөліну мөлшеріне байланысты физикалық дәрежесі адамға артық жүктеме және қоршаған ортаның температурасына қатысты болады.
Қазіргі заман талабына сай адам өміріне жасанды құрал тиімділігі ауа ортасына қажет.
Техникалық желдету ауадан зиянды заттарды жою жолымен күресу және соңғы таза өтемақы жүйесін пайдаға асыру мақсатымен қызмет етеді.
Желдету жүйесі ұстаным әсеріне қарай: табиғи және механикалық болып бөлінеді. Табиғи желдету жүйесі сирек кездеседі, оның ерекшелігі жалпы ауа алмасу, яғни бөлмені барлық ауамен алмасуды қамсыздандыру.
Механикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның берілуімен жойылады.
Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды,
механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау, орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

-Қ.Т. Жантасов, М. Қ. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.


-Ш.Т. Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ. Семей.2011 ж.
-М.А. Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет