МоөЖ. кеңес беру МӨЖ: тапсырмалары моөЖ. кеңес беру МӨЖ: Асан Бахтидың «Шумерлер. Скифтер. Қазақтар»



Дата06.02.2022
өлшемі14,41 Kb.
#81658
Байланысты:
Тілдің тарихын дәуірлеу МӨЖ


Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
МОӨЖ. кеңес беру МӨЖ: тапсырмалары

1. МОӨЖ. кеңес беру МӨЖ:


Асан Бахтидың «Шумерлер. Скифтер. Қазақтар» еңбегіне тақырыптық- мазмұндық талдау.
Мына мәселелерге назар аударыңыздар:
Кітаптың атауына түсінік беріңіздер.
Кітаптың бөлімдері қандай тақырыптарды қамтитындығын түсіндіріңіздер.
Кітаптың мазмұнын тарқататын мәселелерді анықтап, өзектілігін талдаңыздар.
Автордың көзқарасына келісетін келіспейтініңізді білдіріп, тұжырым жасаңыздар.
2. МОӨЖ. кеңес беру МӨЖ
О.Сүлейменовтің «АЗиЯ» және «Сөз коды» еңбегіне тақырыптық- мазмұндық талдау
Мына шарттарды орындаңыздар:
Кітаптың атауына назар аударып, болжам жасаңыздар.
Кітаптың бөлімдері қандай тақырыптарды қамтитындығын түсіндіріңіздер.
Кітаптың мазмұнын тарқататын мәселелерді анықтап, өзектілігін талдаңыздар.
Автордың екі кітабының арасындағы мазмұндық байланысты ашыңыздар.
Автордың көзқарасына келісетін келіспейтініңізді білдіріп, тұжырым жасаңыздар.

3. МОӨЖ. кеңес беру МӨЖ


К.Нарымбаеваның Туран –колыбель древних цивилизаци» еңбегіне шолу
Мына шарттарды орындаңыздар:
Кітаптың атауына назар аударып, болжам жасаңыздар.
Кітаптың бөлімдері қандай тақырыптарды қамтитындығын түсіндіріңіздер.
Кітаптың мазмұнын тарқататын мәселелерді анықтап, өзектілігін талдаңыздар.
Ең маңызды ақпараттарды конспектілеп, сілтеме ретінде пайдаланыңыздар.
Автордың көзқарасына дербес пікірлеріңізді білдіріңіздер.
4. МОӨЖ._қорғау_МӨЖ__Түркі_халықтарының_мәдени_дамуындағы_тарихи_кезеңдерге_шолу._Көшпелілердің_географиялық_кеңістіктегі_жасаған_мәдениеті'>МОӨЖ. қорғау МӨЖ
Түркі халықтарының мәдени дамуындағы тарихи кезеңдерге шолу. Көшпелілердің географиялық кеңістіктегі жасаған мәдениеті
Тақырып бойынша істелетін жұмыс түрлері:
Талдау нысаны етіп алынған мәселелерді жан – жақты ашу үшін алдымен пайдаланылатын әдебиеттеріңізге қысқаша шолу жасаңыздар.
Түркілердің мәдени дамуындағы кезеңдерге тоқталып, Ұлы Жібек жолына сипаттама жасаңыздар.
Көшпелілердің жасаған мәдениетін талдап, географиялық кеңістігін картадан тауып көрсетіңіздер.
5. МОӨЖ. қорғау МӨЖ
Ж.Баласағұнның «Құдатқу білігі» еңбегі дүниеге келген орта және қоғамдық-әлеуметтік мәні.
Талдау нысаны етіп алатын мәселелеріңіз:
Ж.Баласағұнның өмір сүрген ортасы мен өмірлік мақсаты жайында қысқаша баяндаңыздар.
Ойшылдың көтерген қоғамдық мәселелерін анықтап, әлеуметтік мәнін бүгінгі күнмен байланыстыра талдаңыздар.
Осы еңбектен алынған цитаталарды қандай жағдаятта қолданатындарыңызға тұыжырым жасаңыздар.

6. МОӨЖ. қорғау МӨЖ


«Кодекс –куманикус» сөздіктеріне талдау
Талдау нысаны етіп алатын мәселелеріңіз:
Қыпшақ тілінде жазылған сөздіктің қазақ ғылымын дамытуға қосар үлесін анықтаңыздар.
Сөздіктің көтерген идеясы мен жазылу мақсаты жайында қысқаша баяндаңыздар.
Еңбектегі қазақ тіліне қатысты мәселелерді анықтап, ғылыми мәнін мысалдармен талдаңыздар.
Осы еңбектен алынған нақыл сөздерді қандай жағдаятта қолданатындарыңызға тұжырым жасаңыздар.

7.Көне қыпшақ даласында дүниеге келген еңбектердің елтанымдық мәні


Мына шарттарды орындаңыздар:
Көне қыпшақтар мәдениетіне түсінік беріңіздер.
Қыпшақ дүниесі болып саналатын еңбектерге тақырыптық–мазмұндық шолу жасаңыздар.
Бұл еңбектер жайлы жазылған зерттеулерге идеялық тұрғыдан баға беріңіздер.
Қыпшақ даласында дүниеге келген еғбектердің елтанымдық мәніне талдау жасаңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет