Морфология саласын кесте, сызба түрінде оқытудың тиімділігі



бет2/5
Дата22.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#23838
1   2   3   4   5

Осы жерде басқа да сөз таптарынан зат есім тудырушы жұрнақтарды қарастырып өтеміз.

8-тақырып. Зат есімнің түрленуіндегі кейбір ерекшеліктер (көптік жалғаулардың мәні тәуелдеулі сөздің түрленуі)

Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

  1. Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);

  2. Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);

  3. Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);

  4. Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады.

Көптік мағына көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.

Тапсырма : Оқулықтағы ережені оқып түсіну арқылы бір сөзді жай септеу мен тәуелді септеудің үлгісін жаса.

А.с. қол, қолы, қолың

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.
9-тақырып
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз

Білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөз байланыстыру қызметіне қарай жалғаудың қазақ тілінде төрт түрі бар.

Жалғау, түрлері және өзіндік ерекшелі

Атау – кім? не?

Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.

Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.

Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

1. Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;

а) тұр, жүр

ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;

бармақ(шы), келмек(ші).

б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б. (Мұғаліммін, ....)

в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б. (Үлкенмін, ....)

г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б. (Үшіншіін, ...)

ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б. (Кіммін, ....)
2. Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

3. Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

4. Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.

Тәуелдену үлгісі оңаша, ортақ тәуелдеуде екі түрлі болады.

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын


Жіңішке
буын


Жуан
буын


Жіңішке
буын


1. I жақ





-ым

-ім

2. II жақ





-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі









Жекеше

Көпше

менің

ата-м, қалам-ым

ата-лар-ым, қалам-дар-ым

сенің

ата-ң, қалам-ың

ата-лар-ың, қалам-дар-ың

Сіздің

атаңыз, қаламыңыз

аталарыңыз,қаламдарыңыз

оның

атасы, қаламы

аталары, қаламдары
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:


10-тақырып Қазақ тілінде сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ білдіретін грамматикалық мағынасы мен қызметі әр түрлі қосымшаларды айыра білуде оқушылар қиналып қалатыны кездеседі. Мәселен, Сөзтүрленім қосымшаларының өз ішінде де омонимдік сипат кездесіп отырады: -ды, -ді, -ты, -ті табыс септік жалғау мен көсемше тұлғасынан кейін жалғанатын 3-жақ жіктік жалғауы (бара-ды, келе-ді, барып-ты, келіп-ті) мен жедел өткен шақ жұрнағы (бар-ды, кел-ді, айт-ты, кет-ті) омонимдес екендігін көреміз. Немесе жатыс септік жалғауы мен зат есіанен туынды етістік тудыратын жұрнақ, да, де, та, те шылаулары , болымсыз етістік жұрнағы мен сұраулық демеулік шылаулар өзара сыртқы тұғасы жағынан ұқсас болып келеді.

Тапсырма№1 : да,де,та, те шылаулары мен осы тұлғалас қосымшаларға мысалдар жаз. Құс екеш құс та балапанын қорғайды. Аспанда бозторғай үздіксіз шырылдайды.

Тапсырма№2: Басқа да ұқсас тұлғаларға байланысты мысалдар келтір.

11-тақырып. Дара, күрделі сөз, күрделі сөздің түрлері.

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жолдас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі, бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас:түбірі -жол, -дас - жұрнақ; аялда-ма: түбірі - аялда, -ма - жұрнақ) тұрады.

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

Күрделі сөздердің түрлері, бірігіп жазылатын қос сөздер, кіріккен сөздер( өйткені, сөйткені , бүгін, биыл,, ендігәрі, әпер, апар , құранды етістіктер, көнерген күрделі сөздер (сексен, тоқсан)

Күрделі сан есім мен күрделі сын есімдерді, күрделі үстеулерді оқушы сөз тіркесінен айыра алады, алайда тіркескен күрделі зат есім мен сөз тіркестерін айырап тануда қиналып жатады

Күрделі сөздердің түрлері:

Біріккен сөз –біріккен, кіріккен сөз

Қос сөз: қайталама қос сөз, қосарлама қос сөз

Қысқарған сөз: БҰҰ, ҚазМИ, педучилище, м (метр), см (сантиметр), КА-700

Тіркесті сөз: мәдениет сарайы, он тоғыз, қара ала, т.б.

12- тақырып Күрделі сөзді сөз тіркесінен айыра білуге жаттығулар

Оқушылар ҰБТ- ге дайындық барысында тіркесті сөздер мен сөз тіркестерін айыра алмай жататындығы кездеседі. Сондықтан осы тақырыпты енгіздім.

Тіркесті сөздер

Тұрақты тіркес

Сөз тіркесі

Екі немесе одан да көп сөзден жасалып, бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады.

Бірнеше сөз тіркесіп келіп, бір ғана ауыспалы мағынадағы сөз мағынасын береді. Сөздердің орны тұрақты, басқа сөздермен ауыстыруға келмейді

Бірненеше сөз өзара бағыныңқылы- басыңқылы қатынаста тіркесіп белгілі тәсілдермен байланысып, әрқайысысы жеке-жеке сұрақтарға жауап береді.

Күрделі сан есім-жиырма төрт

сын есімдерді – қызыл ала

үстеулерді – ала жаздай

күрделі етістік- келе жатыр

күрделі зат есім – мәдениет сарайы

оқушы түсініп жатады.



Екі аяғын бір етікке тығу

Қызыл сирақ

жылан жалағандай

төбе шашы тік тұру

қыздың жиған жүгіндей


Он екі дәптер

Қызыл сиыр

Балаша қуану

Ақсаңдап жүгіру



Темір күрек

2.Тапсырма: әр түрін мұқият оқыған соң әдеби шығармалардан өзің мысалдар келтіру.

3. "Біріне-бірі үйрету" ойыны.

Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі. I тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы оқиды, екінші оқушы жауап береді. II тапсырмада орындарын алмастырады, яғни зат есім, сан есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің түрлері туралы айтып, мысалдармен дәлелдеп беруі қажет. Оқушылар схема-таблицамен жұмыс істейді.

13- тақырып Қос сөздердің ерекшелігі

Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.

Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер

Бір түбірден екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Оладың жасалу жолдары мынадай:

1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау - тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.;

2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.;

3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.;

4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе - мүйе, т.б.;

5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт - жұлт етті, т.б.;

6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.

Қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлерінің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да, біріншіден сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян), екіншіден, қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, темір-терсек, жата-жастана), үшіншіден, күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, аш-жалаңаш) жасалады.

14-тақырып. Ма, ме, ба, бе шылаулары мен болымсыз етістік жұрнақтары

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Яғни жіктік жалғауының алдына келеді. Мысалы, – Әкесісіз бе? – Әкесімісіз? Келесің бе? Келемісің?

Сұраулық шылау бөлек жазылады

Сұраулық шылау бірге азылады

Оқисың ба?

Оқимысың?

Тапсырма : көркем әдебиеттен диалогқа құрылған осындай үлгісі бар үзінді тауып оқу. Өзі осындай үлгіде диалог құру.

15-тақырып. Да, де, та ,те жұрнақатары мен жалғаулары, осы тұлғалас шылаулар

Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.

Тұлғалас қосымшалара мен шылаулар естесі

Шылау

Септік жалғаулар

Зат есімнен сын есмі тудырушы жұрнақтар

жалғаулық

демеулк

Жанар да, Жарас та, Жандос та Алматыда тұрады.

Алматы да, Аснана да -еліміздің үлкен қалалары

Құс есеш құс та балапанын қорғайды.

Біз де естіп қканып жатырмыз.

Жанарда он теңге, Жараста одан екі теңге артық, Жандоста Жарастан екі есе аз теңге бар.

Асан Алматыда тұрады.

Ол тапсырманы жақсы орындады.



16-тақырып. -ды, -ді, -ты, -ті тұлғалы қосышаларды айыра білу


ІІІ жақ жіктік жалғау

Табыс септігінің жалғауы



Тұлғалас –ды, -ді, -ты, -ті қосымшалары



Қатыстық сын есім жасайтын жұрнақ

Жедел өткен шақ жұрнағы



Нақтылық ұғымды беретін демеулік шылау


Тірек сызбаны пайдаланып оқушыларға бірнеше сөйлем айтқызу, әр түріне мысал келтіре отырып түсіндіру. Оқушылар , мәселен, туынды сөзді тап деген сұрақ беріліп, оның жауабында бес нұсқасы берілген жағдайда дұрыс таба алмауы мүмкін. Сондықтан мысал келтіре отырып дәлелдеп берудің нәтижесі болады.

Әр түріне мысалды кесте арқылы көрсету

Табыс септік жалғауы

ІІІ жақ жіктік жалғауы

Жедел өткен шақ жұрнағы

Нақтылық ұғымды білдіретін демеулік шылау

Қатыстық сын есім жасайтн жұрнақ

Мектеп-ті бітіру, кітап-ты оқу, көмір-ді тасу, қазды асырау

Кел-е-ді,

сұра-й-ды

Кел-ді,

тасы-ды,

допты теп-ті,

жұмыс тап-ты

Келген- ді,

оқыған-ды ,

Орманды алқап, тасты жер, білімді адам,

білекті жігіт

Оқушы жұмысы:

Табыс септік: кітапты оқу, жұмысты аяқтау, жерді жырту.

ІІІ жақ жіктік жалғау: келеді, сөйлейді, жазады, барыпты, оқыпты,

Жедел өткен шақ жұрнағы: келді, сөйледі, барды, оқыды.

Қатыстық сын сеім тудыратын жұрнақ: орманды (қандай) жер, тасты (қандай) жер, өзенді (қандай)өлке.

Нақтылық ұғым беретін шылау: Ол биыл оқу бітірген-ді.

Тапсырма: Осы білімге сүйене отырып өзің тест сұрағын құрастырып көр.

Бір ғана сөзбен тіркестіру арқылы салыстыра қарастырып түсіну

Білімді меңгеру, білімді адам; тасты теру, тасты жер; орманды аралау, орманды алқап; білекті түру, білекті жігіт.

17-тақырып. Сөздерді сөз құрамына (талдау білімді бекіту)

Мәтінді оқып, сөз құрамына талда.

Бауырласу

Қазақ халқында бауырласу деген тамаша дәстүр бар. Адам баласы жалғыздықты қаламайды емес пе? Әрине, көбіне отбасындағы жалғыз баланың туған-тумасы болса деген арман-мақсатымен осы дәстүрге көңілі құлайды. Кейде көп баласы бар шаңырақта өскен жан өзіне ұнаған, рухани үйлесімі жарасқан жанмен бауырласып жатады. Ата-анасы шамасы келсе ірі қара алмасып, балаларын бауырластырып жатса, осындай дәстүр монғол елінде де бар екенін олардыңң «анда» деген дәстүрінен білеміз. Олар білек қандарын қосу арқылы саналады екен.

  • Сөз таптарын, сөздің түбірі мен қосымшасын, қандай қосымша екенін көрсету.

18-тақырып Есім сөздер, олардың өзіндік ерекшеліктері

Төмендегі сызбаға қарап отырып есім сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік жататынын байқау, әр есім сөздердің анықтамасы мен түрленуін білдіретін ұғымын, сұрақтарын ескке түсіру




Атауыш сөздер

Көмекші сөздер

Одағай сөздер





есімдер

етістіктер

Көмекші есім

шылау



Көмекші етістік

одағайлар



Зат есім

Сын есім

Сан есім

есімдік



Тапсырма: Есім сөздердің білдіретін мағынасын, түрленуі туралы өз білімдеріне сүйене отырып конспект жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет