Мрнти 370. 73 А.Қ. Рысбекова ж.Ұ. СӘрсенова



Дата22.06.2017
өлшемі97,41 Kb.
#19876
МРНТИ 370.73
А.Қ.РЫСБЕКОВА

Ж.Ұ.СӘРСЕНОВА
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

(Түркістан қаласы, Қазақстан)


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ
Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың зерттеушіллік іс-әрекетін қалыптастыру мәселелері және зерттеушілік іс-әрекеті ұғымының мағынасы қарастырылады. Зерттеушілік іс-әрекетінің оқу-зерттеушілік іс-әрекеті, зерттеушілік-жобалау іс-әрекеті, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті, зерттеу практикасы сияқты түрлеріне сипаттамалар ұсынылады. Зерттеушілік іс-әрекетінің басты бағыттары талданып, оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін проблемалық оқыту заңдылықтары негізінде ұйымдастыру мен проблемалық сипаттағы тапсырмалар беру арқылы бағытты ұйымдастыру жолдарын іздестіру мәселелері талданып зерттеледі.

Оқушыларының қазіргі жағдайдағы зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығы анықталып, зерттеушілік іс-әрекетінің құрылымы қарастырылады, жаңа білімдерді ізденіс деңгейінде игерту әдістемесін дамыту мен тиімділігін анықтау жүзеге асырылған, оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптар талданған және оқушылардың зерттеу іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалған.

Тірек сөздер: зерттеу, зерттеушілік іс-әрекет, танымдық белсенділік, зерттеушілік тәжірибе, зерттеушілік-жобалау іс-әрекеті, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, зерттеу практикасы, құзіреттілік.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқушының қабілетіне қарай шығармашылығы, интеллектуалдық дамуын және дарындылығын таныту мәселелері енгізіліп отыр [1].

ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, осыған орай біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген тұлғаларды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Білім берудегі ұлттық жүйенің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан, ізденімпаз шығармашыл, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың іздемпаздыққа үйрету, белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру басты мәселе болмақ. Бұл талапқа байланысты біздің елімізде ауқымды шаралар жасалуда. Соның бірі, жас ұрпақты тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды игерулеріне жағдай туғызу.

Зерттеу әрекетін қарастырудың негізін қалаушылардың бірі Д.Берлайн, ол өзінің анықтамасында – беймәлімділіктің туындауынан ынтаны бәсеңдетпеуге бағытталған әрекет [2], ал А.Н. Поддьяков зерттеу әрекетін сырттай қоршаған ортадан жаңа мәліметтер іздестіру мен оларды табуға бағытталған әрекет ретінде анықтады [3].

А.Н.Леонтьев [4] кез-келген белсенділікті зерттеушілік іс-әрекет деп қараған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана зерттеушілік іс-әрекет өз тұжырымын айтты.

А.Е.Әбілқасымова [5] білім алушылардың оқу-танымдық, шығармашылық әрекеттерін, яғни олардың өздігінен білім алудағы танымдық белсенділіктерін дамыту арқылы олардың пәнге деген қызығушылықтарын, ізденімпаздықтарын қалыптастыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеумен байланысты деп өз пікірін айтты.



Зерттеу әдістері

Зерттеу үдерісінде М.А.Даниловтың [6] дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістері яғни, шығармашылық іс-әрекет, мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері, И.Я.Лернердің [7] оқушылардың танымдық іс-әрекеті және өз бетімен білім алудың әдістері, Ю.К.Бабанскийдің [8] оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру, ұйымдастыру, бақылау әдістерін және М.И.Махмутовтың [9] ақпарат беру, түсіндіру және ынталандыру, Н.Д.Хмельдің [10] педагогика ғылымындағы жобалау әдісінің теориялары мен мен әдістемелері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері

Эксперименттік жұмыс оқу жылының бірінші жарты жылдығанда жүзеге асырылады. Жалпы орта мектеп оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін анықтау кезеңдерінің әртүрлі жолдары қарастырылады. Эксперимент үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңде сауалнама, зерттеулер мен сынақтарды жүргізу арқылы оқушыларының қазіргі жағдайдағы зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылығы анықталды. Сауалнама нәтижелері келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді: Оқушыларының көпшілігінің ізденіс жұмысын жүргізуге қызығушылықтары бар, бірақ дәстүрлі оқыту әдістері мен формаларының практикада басым қолданылуы оларды белгілі әдістерді таңдауға итермелейді, яғни ақпарат көздерінен дайын материялдарды алу. Олай болса оқушыларды зерттеу ісіне баулуды бағытты ұйымдастыру жолдарын іздестірудің маңыздылығы артады- деп өз пікірімізді білдіре отырып соның нәтижесінде оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың қажеттілігіне байланысты ақпарат жинап, ғылыми зерттеуді талапқа сай орындауды қарастырдық.

Екінші кезеңде жоғары айтылғандарды басшылыққа ала отырып оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетінің құрылымын қарастырамыз олар: таңдалатын материалды анықтау, әрекет ретін ойластыру, алынған нәтижені көрсету. Эксперименттің екінші кезеңі барысында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін арнайы тапсырмалар және жаңа білімдерді ізденіс деңгейінде игерту әдістемесін дамыту мен тиімділігін анықтау жүзеге асырылды. Эксперимент барысында таңдалған тақырыптар бойынша жаңа білімді игерту бағыты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін алдан – ала дайындалған тапсырмаларды орындатуды ұйымдастыру арқылы жүргізілді. Сонымен жүргізілген эксперименттің нәтижелері зерттеу жұмысын ұйымдастыруға арналған материалдарының тиімділігін көрсетті және теориялық болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

Үшінші кезеңде, жалпы орта мектепте оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптарды және сабақ кезеңдерінің ерекшеліктеріне байланысты материалдарды белгілі критерийлерге сүйене отырып таңдау арқылы ғана тиімді шешімін табатынына көз жеткіздік. Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың негізгі құралдарының бірі тапсырмалардың мазмұнының пән бағдарламасында белгіленген оқу материалымен тікелей байланыста болуы, тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта оқушының ой-өрісін, шығармашылық қасиеттерін дамытатындай болуы өз нәтижесін береді.

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша материалдарды игерту үшін зерттеушілік бағыттағы тапсырмаларды орындау, зерттеушілік іс-әрекет сабақтастықтары негізінде, соның ішінде ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекеттерді проблемалық оқыту заңдылықтары негізінде ұйымдастыру, талдау жасау оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытады және зерттеушілік қызығушылығын қалыптастырады.

Талқылау

Зерттеу біліктілігі мен дағдысы әр адамның түрлі саладағы іс-әрекеттерін дәлелді және тиімді ету үшін қажет - деп түйіндесек, ал оқу қызметінің ажырамас бөлігі зерттеушілік іс-әрекет деп айта аламыз. Сондықтан оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке баулу – жеке адамға бағытталған білім беру парадигмасын іске асыру болып табылады. Ол білімді шығармашылықпен игертуге, яғни жеке тұлғаның зерттеушілік қабілеттерін, біліктіктерін дамытуға бағытталған оқытуға негізделеді.

Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік - баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеу белгісізді іздеу, жоспарлау жаңа білімді іздеу үдерісі. Ал бұл - адамның танымдық іс-әрекеттерінің бірі.

В.В.Чебышеваның [11] пікірі бойынша, оқушыларды зерттеу үдерісінде жоспарлауға оқыту күрделі үдеріс болып саналады, дегенменен жоспарлау кезеңін ұйымдастыру мақсатты болжау мен қойылған мақсатты жүзеге асыруды байланыстыратын кезең болып саналады, бұл кезеңде орындалатын жұмысқа жауапты қатынас және қызығушылықты тәрбиелеу, оның тиімділігін арттыру құралдарын іздеуге белсенді ұмтылыс жасау, алдын ала орындалатын әрекетті ойластыру дағдысын тәрбиелеу, оны жетістікпен орындау. Жоспарлау барысында орындалатын зерттеушілік іс-әрекетінің барлық кезеңдерін анықтау және талдау жүргізіледі: зерттеушілікке қажет материалдарды, құрал-жабдықтарды таңдау, жұмыс орнын ұйымдастыру, зерттеушіліктің сапасын тексерудің өлшемдерін анықтау және нәтижесін көру.

Қазіргі таңда біздің міндетіміз тұлғаның тұрақты түрде жаңа білім алуына және соған сәйкес оларды қолдана алу іскерліктерін қалыптастыруға, яғни шығармашылық тұлға ретінде дамуына ықпал ету. Бұл міндетті жүзеге асыруда оқушылардың өз бетімен білім алуға ынталы ету, танымдық қызығушылығы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамыту және практикада нақты шешімін табумен тығыз байланыстыру өз нәтижесін береді. Зерттеушілік іс-әрекет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі, яғни арнайы шығармашылық қабілетінің дамуына да зор ықпал етеді.

Қорытынды

Қорытындылай келсек оқушыларға зерттеушілік іс-әректеті меңгерудің динамикалығы, проблемалық-танымдық тапсырманың құрамына жеке тапсырмалардың енгізілуімен және оларды ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі. Оқушылардың белсенділігі, проблемалық жағдайы, оның бастауы болатынымен және белсенді ойлау іс-әрекетінің үздіксіз адам психикасының сезімдік-эмоционалды саласымен байланысты болуына негізделеді. Ізденістік сипаттағы өзбетінділік ойлау әрекеті, оқу проблемасын қабылдаумен байланысты болады, сонымен бірге білім алушылардың эмоционалды белсенділігін туындатады.

Сонымен, аталған мәселені теориялық зерттеу нәтижесінде, проблемалық-танымдық тапсырмалар бізге оқушылардың танымдық қажеттілігі мен ойлауын белсендіруге жағдай жасайтын проблемалық жағдайларды ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынады; соңғы нәтижесінде оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетті жетістікпен меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру бойынша теориялық идеялар мен көзқарастардың негізінде, біздің зерттеудің келесі негізгі қорытындылары анықтады:

Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеуде келесі әдістемелік талаптардың орындалуы қажет:

- тапсырмаларды пән бағдарламасында белгіленген оқу материалымен тікелей байланыстыру;

- тапсырмалар оқушының ой-өрісін, қиялын және басқа да шығармашылық қасиеттерін дамытатындай мазмұны танымдық сипатта болуы;

- берілген тапсырмаға ұқсас, бірдей шешімге алып келетін тәсілдерді қолдануға болатын жобалардың болуы;

- берілген тақырыптың әр түрлі шешу тәсілдерін табуға арналған тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану және олардың тиімділігін салыстыру мүмкіндіктерінің болуы.
1. ҚР Білім туралы заңы. Егемен Қазақстан. 2017ж. 15.08.№254-256- газеттегі мақала

2. Берлайн Д.Мотивация поведения личности. – М., 1996. – 206 с. -кітап

3. Поддьяков А.Н. Исследовательское поведение: стратегии познания, помощь, конфликт. М, 2006. – 204 с.- журналдағы мақала

4. Леонтьев А.Н. Развитие творческой активности школьников. - М.: Педагогика, 1991. - 155 с. -журналдағы мақала

5. Әбілқасымова А.Е. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру /Монография. - Алматы: Білім, 1994. - 190 б. -кітап

6.Данилов М.А. Умственное воспитание школьников // Советская педагогика, 1964, №12. - С. 70-86. -журналдағы мақала

7.Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. - М.: Педагогика, 1981. - 185с.-кітап

8. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. - М.: Педагогика, 1977. - 252с.-кітап

9. Махмудов М.И. Проблемное обучение: Основные вопросы теории, - М: Педагогика, 1975.-кітап

10.Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата.: Мектеп, 1984. - 134с.-мақала

11. Чебышева В.В. Психология трудового обучения-Москва: Просвещения 1969.303с.-интернет желісі

РЫСБЕКОВА А.К¹

САРСЕНОВА Ж.У

Международный казахско-турецкий университет им. Ходжа Ахмета Ясави

(г. Туркестан, Казахстан)
НЕКОТОРЫЕ ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧЕНИКОВ.
Аннотация

В статье рассматривается формирование исследовательской деятельности у учеников общеобразовательний школы и смысл понятия исследовательская деятельность. Предлагаются описания таким видам исследовательской деятельности как учебно-исследовательская деятельность, проектно-исследовательская деятельность, научно-исследовательная деятельность, практика исследования. Анализируются основные направления исследовательской деятельности. Исследуются пути направленные на организацию исследовательской деятельности учеников на онове закономерностей проблемного обучения и выполнении заданий проблемного характера.

Определение интереса у учеников к современной исследовательской деятельности, рассматривается строение исследовательской деятельности, осуществлено развитие и эффективность определения методики усвоения новых знаний на уровне соискания, в заданиях направленных на развитие исследовательской деятельности учеников проанализированы методические требования предъявляемые к отбору, проведен обзор научно-педагогической литературы направленной на формирование исследовательской деятельности учеников.

Ключевые слова: исследования, исследовательская деятельность,позновательная активность,исследовательская практика,проектно-исследовательская деятельность, научно-исследовательская деятельность, практика исследования, компетентность.

RYSBEKOVA A.K¹

SARSENOVA ZH.U.
Internationa l Kazakh-Turkish University named after Khoja Ahmed Yasavi

(Turkestan city, Kazakhstan)


SOME WAYS OF FORMATION OF RESEARCH ACTIVITIES OF PUPILS
Annotation

The article deals with the formation of research activity of the pupils and the meaning of research. Descriptions of such research activities as teaching and research activities, research activities, scientific research activities, research practice. The main directions of research activities were analyzed. Explore ways to organize research activities of students on the basis of patterns of problem-based learning and the performance of tasks of the problem character.



The definition of interest in the students to modern research, we consider the structure of research activities carried out the development and efficiency of defining how learning at the level of the competition, in the tasks aimed at the development of research activity of students are analyzed methodological requirements imposed on the selection process, a review of the scientific and pedagogical literature aimed at the formation of research activity of students.

Key words: research, research activity, educational activity, research practice, design and research activities, research activities, research practice, competence.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет