Мүсіндеудің мақсаты


Тұзды қамырдың артықшылығы



бет3/41
Дата31.01.2022
өлшемі441,49 Kb.
#116700
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
кщебердин колы ортак

Тұзды қамырдың артықшылығы:

  1. Көп шығын шығармай, өзіңізге керек уақытта дайындап алуға болады.

  2. Тез жуылады, дақ қалдырмайды.

  3. Ауызға түскенде қауіпсіз.

  4. Мүсіндегенде қолға жабыспайды.

  5. Кептіруге болады.

  6. Боялған қамырмен жұмыс істеуге болады, дайын мүсінге сурет салуға қолайлы

  7. Тұзды қамырдан жасалған ойыншықтармен қорықпай ойнауға болады

  8. Лакпен қатырса, ұзақ мерзімге сақталады.

Тұзды қамырдан мүсіндеу жасау балабақша тәрбиеленушілеріне өте қолайлы.

вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің күнтізбелік- тақырыптық жоспары.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Тарау: «Шебер қолдар» (Тұзды қамырдан мүсіндеу)




Р\с

Айы

Тақырыбы

Сағат саны

Апта күні

1

Қыркүйек

1. «Күз сыйлығы»

2. «Добым, добым дөңгелек»

1

1




2

Қазан

1. «Жүзік»

2. «Алтын балық»

1

1




3

Қараша

1. «Үйрек»

2. «Торғай»

1

1




4

Желтоқсан

1. Үй жануары «Қозы»

2. «Шыршаға арналған ойыншықтар»

1

1




5

Қаңтар

1. «Мен, менің достарым жануарларым»

2. «Аққала»

1
1




6

Ақпан

1. «Ұшақ»

2. «Машина»

1

1




7

Наурыз

1. «Анама арналған гүл»

2. «Қуыршаққа арналған моншақтар»

1

1




8

Сәуір

1. «Түймедақ»

2. «Адам бейнесі»

1

1




9

Мамыр

1. «Гүлді алма ағашы»

2. «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар»

1
1







Барлығы




18






Тұзды қамырды дайындау әдісі

Ең алдымен құрғақ заттарды араластырып аламыз.


Тұз өте ұсақ болуы керек (экстра) 2 стақан ұнға 1 стақан тұз қосамыз





Араласқан тұз бен ұнға жарты стақан су қосып араластырамыз, оған 1 қасық желім қосқан дұрыс.














Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Күз сыйлығы» Мақсаты: Білімділік: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Тұзды қамырмен мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тұзды қамырды еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.

Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттерімен муляждар.

Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: алма-яблоко, қияр-огурец.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялау


- Балалар, бізде бүгін ерекше күн.

- Біз оқыту іс-әрекетімізді шаттық шеңберінен бастайық.

Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.
-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Бүгін аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айларын атаңдар.

Күз мезгілі екенін қалай білеміз?
-Дұрыс айттыңдар.

-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Қанекей кім айтады?

-Ғажайып сәт:

Көңілді әуенмен, күз кіреді.
Сары жібек көйлегімді

желбіретіп,

Жапырағын ағаштың

селбіретіп.

Тойға бөлеп елімді

«Күз» боп келдім

Нұр тамшысын аспанның

мөлдіретіп.
Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.
-Рахмет балалар!

- Мен сендерге ойын алып келдім.
- Жарайсыңдар балалар!

Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.
Сергіту жаттығуы.

Ойын: «Ғажайып қоржын».

мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.
Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.

Қияр – сопақша, түсі жасыл.

Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.

Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.

Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.

Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:

I – Жемістер орталығы.

мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында тұзды қамырды есіп жасау.
II – Көкөністер орталығы.

мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында тұзды қамырдан жасау.
Қонаққа кім келді?

Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?

Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!



Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!


Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.
Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.

Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жылы киінеміз
Жантөре:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.
Аружан:

Түсіп жатыр аулада

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ма?

Сарғайыпты жапырақ.

Жомарт күз

Жемісті мол теретін

«Күз» дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «Күз» деген!
Ойын: «Дәміне қарай тап!»

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.
Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.

Алма,қияр,сәбіз, анар.


«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Күз келді!

Алма, қияр.
Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.



Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер пісіп, жиын-терім болатынын түсіне білді.

Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.

Істей біледі: Балалар өз бетімен іс-әрекет жасап, алма мен қиярдың мүсінін жасауды меңгере білді.

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 18.09.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Добым, добым дөңгелек, Тоқтамайсың дөңгелеп»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі, әр түсті доптар.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, сүлгі.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Доп-мяч

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18


Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме?

Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.



- олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады?

- Доптар сондай жеңіл олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін үйретіңдер.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!


  • Балалар ия жақсы көреміз.



Балалар доптарды көріп, ойнағылары келетіндерін айтады.
Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? (допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін)


(бір - бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немес бір - біріміздің қолымызға лақтырамыз т. б.)


Балалар жауабы
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды

Іздену барлау

Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар доп қандай болады екен? (Добымызға қарап,

«Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» деп айтсақ болама?
Біздің тобымызда бұлардан басқа қандай доптар бар? Және ойнаған доптарымыз кішкентай болған. Ал мұналар қандай? (үлкен) Демек доптар үлкен, кішкентай пішінде бола береді екен.

Мен сендерге бүгін тұзды қамыр арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?


Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес тұзды қамырда таңдаймыз.
2. Тұзды қамырды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына тұзды қамырды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)


дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады


Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады
Үстел үстіндегі заттарды атайды. (тұзды қамырды, тақтайша, сүлгі)
Мұқият тыңдайды
Ауада қайталайды
өз еріктерімен допты мүсіндеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет