Н. А. Маженова экономикалық теория


 Салықтандырудың принциптері және түрлері



Pdf көрінісі
бет111/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

15.3. Салықтандырудың принциптері және түрлері 
 
Салық  –  бұл,  белгіленген  мерзімде  және  белгілі  заңмен 
мөлшерленіп бюджетке түсетін міндетті төлем.  
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады: 
- жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту; 
-  тұрақтылық,  салық  мөлшері  мен  салық  түрінің 
тұрақтылығы; 
- тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдей 
болуы керек; 
-  міндеттеме,  яғни  салықтың  мәжбүрлілігі,  төлемнен 
құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі; 
-  әлеуметтік  әділдік,  яғни  салық  мөлшері  мен  салық 
жеңілдігін құру. 
Салықтың түрлері: 
Салықтандыру объектілері бойынша белгіленеді: 
Табысқа  салық.  Мүлікке  салық.  Белгілі  тауарлар  және 
қызметті сатыпалушылар шығындарына салынатын салық. 
 Төлету тәсілдері бойынша салықтар бөлінеді: 
  Тікелей  (мүліктің  иелерінен  немесе  табыс  алушылардан 
тікелей алыну: табыс салығы, меншікке салық). 
  Жанама  (белгілі  тауарлардың  бағасына  қосылады  және 
сол  тауарларды  сату  кезінде  тұтынушылардан    алынады  – 
акциздер және кедендік баж). 
Салықтың  мөлшерін  белгілеу  үшін  үш  жүйесін  көруге 
болады: 
а)  пропорционалды  салық  табыс,  шығын  немесе  мүлік 
құнының сомасына тәуелді емес өзгермейтін пайыздық ставкасы 
бар  салық  болып  табылады;    б)  табыс  өскен  сайын  ставкасы  да 
өсетін  салық  прогрессивті  деп  аталады;  в)  табыс  өскен  сайын 
ставкалары төмендейтін салықтар регрессивті деп аталады.  
Салықтар  сомасы  келіп  түсетін  бюджет  деңгейі  бойынша 
жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.  
Пайдалану 
тәртібі 
бойынша: 
жалпы 
салықтар 
– 
мемлекеттің бірыңғай кассасына түседі, белгілі бір мақсаты бар 
мақсаттық немесе  арнайы салықтар болып бөлінеді.  


Н. А. Маженова 
 
176 
Қазақстанда  ҚР  Салық  кодексімен  бекітілген  келесідей 
салықтар бар:  
- Корпоративті табыс салығы;  
- Жеке табыс салығы;  
- Қосылған құн салығы;  
- Акциздер;  
-  Жер  қойнауын  пайдаланушылардың  салықтары  мен 
арнайы төлемдері;  
- Әлеуметтік салық;  
- Жер салығы;  
- Көлік құралдарына салынатын салық;  
- Мүлік салығы.  
Салықтардан  басқа,  бюджетке  алымдар  да  келіп  түседі: 
сауда құқығы, автокөлікті қою құқығы үшін, курорттық алымдар.  
Салықтандырудың  өзінің  шегі  болады.  Салық  ставкалары 
белгілі бір биіктікке дейін өседі, ал одан кейін төмендейді: 
  адамдардың экономикалық белсенділігі төмендейді; 
  адамдар салық төлеуден бас тартады; 
  көлеңкелі экономика өседі. 
Ставкалар  және  салықтың  түсірілу  арасындағы  өзара 
байланысты Лаффер қисығы көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет