Н. А. Маженова экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет112/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Эконом теория

 
 
 
1.23-сурет.  Лаффер қисығы 


Экономикалық теория 
 
177 
L  нүктесі  N  нүктесіне  қарағанда  артықшылығы  бар.  Бұнда 
экономикалық  белсенділік  жоғары,  жұмысбастылық  және 
өндіріс көлемі көп, игілікті тұрмыс деңгейі жоғары. 
       
15.4. Әлеуметтік қорғау саясаты 
   
Табыстар  деп  түсінетініміз  –  жеке  тұтынуға  байланысты 
қызметтер  және  игіліктерге  ие  болуға  арналған,  белгілі  уақыт 
арасында алатын қаржы құралдарының ақшасы. 
Қаржы табыстарының үш басты қайнар көзін белгілеуге болады: 
  жалақы; 
  меншіктен түсетін табыстар (рента, % дивиденд); 
  әлеуметтік төлемдер (зейнетақысы,  жәрдем ақшалар). 
Яғни,  қоғамның  бастауыш  ұясы  жанұя  болады,  ол 
көрсеткіш  жанұя  табысының  жиынтығымен  есептелінеді. 
Әртүрлі жанұялар үшін, әртүрлі табыстардың мәнділігі әр түрлі.  
Сондықтан,  халықтың  өмір  сүру  деңгейінің,  сенімді 
суреттемесін алуға болады. Бұл мақсат үшін Лоренц қисығы деп 
аталынатын қисық пайдаланылады. 
 
 
 
1.24-сурет. Лоренц кисығы 
 
Лоренц қисығы – бұл халық топтарына қарай табыстардың 
бөлінуін  көрсететін  қисық.  Егер,  халақтың  10%-дың  10%-ға  
Жанұя пайызы 
 


Н. А. Маженова 
 
178 
табысы  бар  деп,  ал  20%-дың  20%  табысқа,  30%-дың  30% 
табысқа және тағы басқа деп болжамдасақ, онда бұл график ОА 
биссектрисасы түріндегі түзуді көрсетеді.  
Ал  өмірде  басқаша:  халықтың  10%-ы  барлық  табыстың 
50%  алатын  болса,    халықтың  50%-ы  барлық  табыстың  20% 
алатын  болса,  онда  біз  Лоренц  қисығы  деп  аталатын  қисықты 
алар  едік.  L-ОА  түзуінен  қашығырақ  орын  алса,  онда  сол 
қоғамда табыстар біркелкі болып бөлінбегені.  
Жиынтық  табыстың  қандай  үлесі  бай  және  ең  кедейлерге 
келетіні  талданады.  Ресейде  халықтың  жоғары  10%  (жаңа 
орыстар) төменгі 10% -нан бай болды. Мәселен: 
1989 жылы 7 есе;  
1991 жылы 10 есе; 
1993 жылы 16 есе;  
1994 жылы 20 есе;  
1995 жылы 26 есе;  
1998 жылы 30 есе;  
2003 жылы 14 есе, экономиканың тұрақтануымен алшақтық 
қысқара  бастады.  Әсіресе  жоғарыдағылар  үшін  әлеуметтік 
тыныштық бір сәттік олжаға қарағанда маңыздырақ.  
1960 жылы Батыс елдері мен Жапонияда табыстардың жалпы 
сомасында  жалақы  үлесі  орташа  шамамен  40%,  2000  жылы  65% 
құрады.  Ең  бай  және  ең  кедейлер  арасындағы  айырмашылық 
ақырындап  6-7  еселік  мөлшерді  құрайды.  Батыста  9-еселік  деңгей 
айырмасы  шекті  болып  саналады.  Дереу  әлеуметтік  қорғаныстың 
барлық түрлері, трансферттің әр түрі, мемлекеттік реттеудің барлық 
жүйесі іске қосылады. Білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын үй 
құрылысына (қоғамдық қызметтерге) АҚШ және Жапонияда ЖҰӨ-
нің 20%, Германияда 31%, Англияда 27% құрады.  
Табысты  бөлудегі  теңсіздік  дәрежесінің  басқа  көрсеткіші 
Джини  (Италия  экономисі  1884-1965)  коэффициенті  болады.  
Бұл  индекс  0-ден  жалпы    теңділіктен    1-ге  (жалпы  теңсіздікке) 
дейін  өзгереді.  Индекс  1-ге  жақындаған  сайын,  табысты 
бөлудегі теңсіздік көп болады. 
Адамдар  дамуының    индексі  (АДИ)    өзіне  көрсеткіштер 
жүйесін  қосатын  жалпылама  өлшем:  өмірдің    ұзақтығы,    білім 
деңгейі,  адам басына келетін ЖҰӨ. 


Экономикалық теория 
 
179 
Нарық  идеалды  болмайды  және  бұнда  мемлекеттің  
әлеуметтік саясаты қажет. 
ҚР әлеуметтік саясат келесі екі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
-  еңбек  және  кәсіпкершілік  үшін  қолайлы  мүмкіндіктерді  
қамтамасыз ету; 
-қоғамның  барлық  мүшелері  үшін  белгілі  стандарттағы 
игілікті тұрмысты қамтамасыз ету. 
Кәсіпкерлік 
және 
еңбек 
үшін 
қолайлы 
жағдайды 
қамтамасыз ету үшін төмендегілер қажет:  
- заң шегінде кәсіпкерліктің толық еркіндігі;  
-  шағын  бизнесті  ынталандыру  (несиелер,  салықтық 
жеңілдіктер);  
-  жұмысбастылықты  ұстап  тұру  (жұмыс  орындары,  қайта 
біліктендіру, жұмысқа орналастыру);  
-  еңбек  қатынастарын  реттеу  (еңбекақыны  төлеу,  жұмыс 
уақытының, демалыстардың ұзақтылығы, еңбекті қорғау);  
Қоғамның  барлық  мүшелері  үшін  әл-ауқаттылықтың 
белгілі бір стандартын қамтамасыз ету:  
-  қоғамда  табысты  қайта  бөлу    бюджет  есебінен  жүзеге 
асырылады;  
-  еңбекке  жарамсыз,  аз  қамтылған  және  жұмыссыздарға 
зейнетақы, жәрдемақы;  
-  барлығы  үшін  жалпы  білім  беру  және  қажетті 
медициналық көмек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет