Н. А. Маженова экономикалық теория


 Кейнсиандық тепе-теңділік моделі



Pdf көрінісі
бет79/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

11.3. Кейнсиандық тепе-теңділік моделі 
 
Кейнс «жинақ – инвестиция» «классикалық» макроэкономика-
лық тәуелділігінің жаңа түсіндірмесін бере отырып, экономикалық 
ғылымға  үлкен  үлес  қосты.  «Классикалық»  моделіндегі  жинақ 
және  инвестиция  мөлшерінің  тепе-теңдік  қажеттілігі  жиынтық 
ұсыныстың  өсуіне  басымдылық  беруін  білдірді.  Кейнсиандық 
тұрғысынан  жиынтық  сұраныс  басымдылығынан  шықты.  Бұл 
келесі пайымдаулардан туындайды.  
Жұмысбастылықтың  өсуі  ұлттық  табыстың  (ҰТ)  өсуіне 
алып  келеді.  ҰТ  көп  болған  сайын,  жиынтық  сұраныста  көп 
болуы керек. Бұл жағдай орын алмайды, себебі  ҰТ өсуі кезінде 
оның  көп  бөлігі  жинақтауға  бағытталады.  Сонымен,  ҰТ  көп 
болған сайын, оның нақты («тиімді») тұтынушылық сұраныс аз 
болады.  Ол  өндіріс  көлеміне  және  жұмысбастылық  мөлшеріне 
әсер етеді.  
Сөйтіп,  жұмысбастылық  өсуі  ҰТ  арттыра  отырып, 
сұраныстың  өсуіне  емес,  жинақтаудың  өсуіне  алып  келеді. 
Нәтижесінде  өндіріс  қосымша  сұраныстан  (жинақ  мөлшеріне) 


Экономикалық теория 
 
125 
айырылады  және  қысқарады.  Нәтижесінде  жұмыссыздықтың 
өсуі  орын  алады.  Сондықтан  Кейнс  тиімді  сұранысты 
ынталандыратын саясат қажет деген қорытынды жасайды.  
Кейнсиандық модельде тепе-теңдік динамикасы механизмінің 
негізін классикалық модельдегідей «табыстар – жинақ» байланысы 
емес, «табыстар – сұраныс» байланысы құрайды.  
«Бағадан»    «сату  көлеміне»  өтуі  жиынтық  сұраныс  пен 
жиынтық  ұсыныс  тепе-теңдік  көлемінің  қалыптасу  механизмін 
жаңаша көрсетуге мүмкіндік берді.  
Егер бір графикте  жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс 
қисық  сызығын  құрсақ,  онда  оны  келесі  графикте  көрсетуге 
болады,  А  нүктесі  нарықтық  экономиканың  тепе-теңдік 
жағдайын  көрсетеді.  Мәселе,  нақты  ҰТ-дан  ауытқу  кезінде  бұл 
мөлшерді қалпына келтіретін нарықтық механизмді түсіндіруде.       
Мұнда  тек  екі  жағдай  мүмкін:  ҰТ  тепе-теңдік  мөлшерінен  
«көп» немесе «аз» болады.  
 
 
 
1.18-сурет. Нарықтық экономиканың тепе-теңдігі 
 
Табыстың  бөлігі  жинақталады,  сондықтан  сұраныс  қисық 
көлбеу  түрінде  болады.  ОА1=ЖҰӨ  (тұтыну  және  инвестициялық 
тауарларға  жиынтық  сұраныстың  болуы),  және  экономиканың 
тепе-теңділік  жағдайына  сәйкес.  Нақты  шынында  екі  басқа 
жағдай болуы мүмкін. 
S,D 


  A1 


ҰТ 


Н. А. Маженова 
 
126 
1  жағдай.  Ұлттық  табыс  өскенде,  жиынтық  ұсыныс  және 
жиынтық сұраныс өседі. Ұсыныс, сұраныстан жылдам өседі сақтау 
әсерінен,  содан  тепе-теңділік  бұзылады.  Бірақ,  тепе-теңдікке 
ұмтылу, өндірісті қысқартуға және жұмыссыздыққа әкеледі. 
2 жағдай. ҰТ тепе-теңділік деңгейінен төмен болса. Сұраныс 
ұсыныстан артық. Тауар қоры қысқарады. Өндірістің өсу тиімділігі 
жұмыс істей бастайды. Бұнда тепе-теңдікке жетуге болмайды, яғни 
өндіріс бар ресурстарын пайдаланды, өз көлемін көбейте алмайды. 
Салғыртқа  қарамай,  баға  өсе  бастайды,  инфляция  басталады. 
Сондықтан,  экономика  жұмыссыздықтың  немесе  инфляцияның 
салмағының астында қалады. Бұнда мемлекеттің араласуы қажет. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет