Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі


ТАРАТПАУ Ж НЕ ОРНАЛАСТЫРМАУ



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev
Le Chatelier's Principle - Chromate-Dichromate - C12-4-07, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, Кыскаша кобейту формулалары

ТАРАТПАУ Ж НЕ ОРНАЛАСТЫРМАУ:
Д УІР ПРИНЦИПТЕРІ
Ядролы   аруды таратпау ж ніндегі шарт:
уа ыт пен мемлекеттер талабы
Орналастырмау жолымен таратпау...
Хиросима  мен  Нагасаки  сумдығынан  шошынған  адамзат  ядролық
құбыжықты  талай  рет  ауыздықтауға  тырысты.  Ядролық  дүние  жаңа
109

басталғанда  көп  адамдар,  соның  ішінде,  атом  бомбасын  жасағандар  да,
оның  елдер  мен  континенттерге  тасбақа  аяңмен  таралып  кету  қаупін  көре
алған-ды.  Бірақ  айта  кетуім  керек,  ядролық  бомбаның  ерекше
итжандылығы  кей-кейде  мистикалық  пошымға  ие  болып  кететін.  Атом
қаруының тіршілік етіп, таралуын шектейтін бірқатар халықаралық актілер
мен шарттар қабылдауға бағытталған бірлескен шараларға қарамастан, кей-
кейде  «ядролық  дию»  өзінің  дербес  өмірімен  əлдеқашан  күн  кешіп,  тіпті
өзінің жасаушылары мен иелерін де тыңдамайтын сияқты эсер қалатын.
Дегенмен  əлемдік  қоғамдастықтың  ядролық  қарудың  таралу
процесін  ауыздықтау  жолындағы  ұжымдық  күш-жігері  көбінесе  елеулі
табыстармен  атап  өтілетін.  Өкінішке  қарай,  адамзат  оны  толық  жоя  алған
жок,  бірақ  дегенмен  де  біз  оның  бүкіл  дүниеге  жылжи  жайылуын  едəуір
шектей алдық.
Атом  қаруының  таралуын  шектеу  жолындағы  елеулі  белестер
дүниежүзілік ядролық қауіпсіздіктің мүддесіне сай келетін, ядролық қаруды
таратпау режимін қамтамасыз етіп, қолдап отыратын оңтайлы да сындарлы
механизм жасау идеясын бірте-бірте бұлжытпай туындатып, ұштай түсті.
«Ядролық  диффузиямен»  күрестегі  бұл  процесте  парықсыз
жанталаса  қарулануға  тартылмаған,  атом  қаруын  иеленуге  «есі  кете»
мүдделілік білдірмеген елдердің басым көпшілігі басты рөл атқарды. Бірте-
бірте мемлекеттердің бейбітшіл қоғамдастығының ұжымдық күш-жігерінің
арқасында, «ядролық дию» өзінің позициясынан шым-шымдап айырылып,
белгілі бір жерлерге орналасу дəмесінің географиялық өрісін шектей түсуге
мəжбүр болды.
Ұлттардың  осынау  ұжымдық  ізгі  ниетіне  куəлік  ететін  алғашқы
құжат 1959 жылғы Келісім болды, ол халықаралық Антарктиканы ядролық
қарудан ада ресми континенттік аймақ деп жариялады.
Келісімде ядролық державалардың бірде-біреуі ешқашан жəне ешбір
жағдайда  осынау  оңтүстік  континент  Антарктиданың  ешбір  нүктесінде
ядролық қару орналастыруға құқықсыз екендігі көзделді.
Келісім  тұңғыш  рет  ядролық  державалар  күш  тіліне  негізделмеген
диалог  жүргізуге  жəне  ядролық  қарусыз  адамзат  мүддесіне  жəрдемдесе
алуға  қабілетті  екендігінің  айтулы  фактісін  көрсетіп  берді.  Келісім
фактісінің  өзі  бұдан  ядролық  қауіптің  ине  көзінен  өтіп  кететін
«жымысқылығын»  шектеудің  ғана  емес,  сайып  келгенде,  зұлымдықтың
түп-тамыры  -  атомдық  жəне  термоядролық  қарудың  өзін  жоюдың  нақты
мүмкіндігін аңғарған елдерге белгілі бір үміт ұшығын ұстатты.
1962  жылғы  Кариб  дағдарысы  кейбір  Латын  Америкасы,  соның
110

ішінде,  Кариб  бассейнінде  ядролық  қарусыз  аймақ  құру  идеясына  алып
келді.  1962  жылы  болашақтағы  осындай  оқиғалардан  мықтап  секем  алған
Бразилия  келісімнің  инициаторы  болды.  Бірақ  толып  жатқан  келіссөздер
мен  ақылдасулардан  кейін,  ақыр  аяғында  Мексиканың  Тлателолко
қаласында  Оңтүстік  Америкадағы  ядролық  қарусыз  аймақ  құру  туралы
шартқа қол қойылғанша бес жыл уақыт өтті.
Дəл  сол  1967  жылы  жасалған  Халықаралық  шарт  ядролық  қаруды
Жер  төңірегіндегі  кеңістікте,  Жердің  табиғи  серігінде  (Айда)  жəне  Күн
жүйесінің басқа ғарыштық объектілерінде орналастыруға тыйым салды.
1971  жылғы  Халықаралық  шарт  теңіз  жəне  мұхит  түбін  ядролық
қарудан құтқарды.
1985  жылғы  Раротонга  шарты  бойынша  Тынық  мұхиттың  оңтүстік
бөлігі де ядролық қарусыз аймаққа айналды.
Ядролық  қарудан  ада  аймақ  Австралияны,  Жаңа  Зеландияны,
Папуа-Жаңа  Гвинеяны,  Соломан  аралдарын,  Науруды,  Вануатуды,  Жаңа
Каледонияны жəне Океанияның басқа да аралдарын қамтыды.
1995 жылы  Тайландта  ядролық  қарусыз  аймақ  құру  туралы
Бангкок  шартына  қол  қойылып,  оған  АСЕАН  елдері  кірді.  Оның  1997
жылы  наурызда  күшіне  енгені  мəлім.  Алайда  Бангкок  шарты,  сол  секілді
басқа  шарттардан  өзгеше,  АСЕАН  елдері  су  кеңістігінің  түбінде
радиоактивті қалдықтарды көмуге тыйым салған жоқ.
1995  жылы  сəуірде  Африкада  ядролық  қарусыз  аймақ  қуру  туралы
Каир  шартына  қол  қойылды.  Африка  бірлігі  ұйымымен  саяси
алауыздықтар  салдарынан  Шартқа  қол  қоймаған  Мароккадан  баска,  бұл
шартқа Африка континентінің барлық елдері косылды.
1997 жылы 28 тамызда Алматыда біздің ел, Өзбекстан, Кыргызстан,
Тұрікменстан  жəне  Тəжікстан  Алматы  декларациясына  қол  қойып,  ол
Орталық Азияны іс жүзінде ядролық карудан ада аумақ деп жариялады.
Халықаралық қоғамдастық ядролық бомбалардан ада аймақтар қуру
туралы  идеяны  əрқашанда  сұмдық  қарудың  таралуымен  күрестегі  ең
пəрменді де тиімді куралдардың бірі деп санайды.
БҰҰ-ның  1975  жылғы  11  желтоксандағы  №3472В  карарында
мұндай  аймақтарға  мынадай  анықтама  берілген:  «Ядролық  қарудан  ада
аймақ  деп  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясы  солай  деп  таныған,  мемлекеттердің
кез  келген  топтары  өздерінің  егемендігін  Конвенция  туралы  шарттың
күшіне  сəйкес  еркін  жүзеге  асыру  жағдайында  курган  кез  келген  аймақ
саналады,  оларда:  осы  аймақ  турасында  əрекет  ететін,  соның  ішінде,
аймақты  белгілеу  процедурасын  қамтитын,  ядролық  Қарудың  мүлдем
111

жоктығы
туралы
статус
белгіленеді,
сол
статустан
туындайтын
міндеттемелердің  сақталу  кепілдіктерін  қамтамасыз  етудің,  тексеру  мен
бақылаудың  халықаралық  жүйесі  құрылады».  Мұндай  аймақ.  -  тардың
сипатының  өзі  олардың  тұжырымдамасының  негізіне  басты  ғаламдық
принциптердің бірі: орналастырмау арқылы таратпау принципі алынғанын
көрсетеді.  Əрине  ядролық  қарусыз  аймақтар  тек  орналастырмау  дегеннен
неғұрлым  кең  ұғым.  Бірақ  бұл  идея  даты  негізгі  принцип  сол  той  деп
ойлаймын. Бұл оның күші мен қолданылу сипатынан да көрінеді. Ядролық
қарусыз  аймақтар  туралы  толып  жатқан  шарттарды  қабылдап,  оларды
орындау  «ядролықжұқпалы  аурудың»  осынау  «рецептінің»  пайдалы
қасиеттерін көрсетті.
Əр  тұрлі  ядролық  қарусыз  аймақтар  құру  туралы  ұжымдық
келісімдердің  ядролық  қару  таратпау  жəне  орналастырмау  принциптерінің
салтанат құруында бата жетпес рөл атқартаны күмəнсыз.
Көп жатынан, мемлекеттердің ядролық қарусыз аймақтар құру жəне
жұмыс  істеу  жолындаты  бейбітшіл  күш-жігерінің  арқасында  планетаның
бүкіл оңтүстік жарты шарында қазіргі кезде ядролық қару жоқ.
Планетаның үлкен бөлігін ядролық қарудан ада аймаққа айналдыру
фактісінің  өзі  жаппай  қарусызданудың  қиын  да  үзақ  жолындаты  нақ
ұжымдық, келісілген күш-жігердің шексіз əлуеттік мүмкіндіктерін барынша
анық  айтақтайды  той  деп  ойлаймын.  Бұл  белгілі  бір  үмітке  жол  ашады.
Бірлескен  күш-жігерді  одан  əрі  дамыту  ерте  ме,  кеш  пе  Жер  планетасын
жаппай  қырыпжоятын  қүлантаза  аумаққа  айналдырута  мүмкіндік  береді
деген үмітке жол ашады.
Дегенмен халықаралық қатынастардың одан арғы даму динамикасы
«ядролық  қарусыз  географиялық  аймақтар»  проблемасы  ядролық  қарудың
таралу проблемасын шешуде оңтайлы құрал бола алмайтынын көрсетті.
Уақыт өте келе бұл жолдың белгілі бір кемшіліктері мен шектеулілігі
анықталды.  Ядролық  қарусыз  аймақтарды  құру  негізінен  планетаның
ядролық  мемлекеттерінің  де,  атом  қаруын  жасау  жөніндегі  өздерінің
бағдарламаларын  өрістетуге  мүдделі  мемлекеттерінің  де  стратегиялық
мүдделері  мен  саяси  ықпалы  аймағына  жатпайтын  аймақтарында  ғана
мүмкін екендігі анықталды.
Сондықтан  ядролық  қарудың  болуынан  жалпыға  бірдей  дəру
ретінде  ядролық  қарусыз  аймақ  ұғымы  қазіргі  кезде  өзінің  ғаламдық
мəнінен  айырылып  қалды  десем,  тук  те  қателеспеймін.  «Ядролық  қарусыз
кеңістікті»  планета  халқының  көпшілік  бөлігі  шоғырланған  жене  не
қазірдің  өзінде  ядролық,  не  ядролық  қару  жасау  табалдырығында  тұрған
112

державалар  билептөстейтін  аймақтарда  кеңейтудің  мүмкін  еместігі  айқын
болып  отыр.  Оңтүстік  жарты  шар  үшін  мүмкін  жəне  қолдануға  болатын
нəрсе  Солтүстік  үшін  мүмкін  емес  екен.  Таратпау  схемасы,  əскери
адамдардың  тілімен  айтқанда,  «аландарға  оқ  ату»  принципі  бойынша
кұрылған  еді.  Бірақ  бұл  схема  оны  қарусыздану  жене  ядролық  қаруды
таратпау
мəселелері
жөніндегі
көзқарастары
мүлдем
басқа-басқа
мемлекеттердің
мүдделері
қақтығысатын
аймақтарда
пайдалануға
тырысқан  кезде  дəрменсіз  болып  шықты.  Бұл  əсіресе  «ядролық  клуб»
мемлекеттерінің  өмірлік,  стратегиялық  мүдделерінің  оңбай  қақтығысатын
жанжалды аймақтарында солай болып шықты.
Бейнелеп  айтқанда,  біз  «ядролық»  бацилла  пайда  болуы  ықтимал
жерлерде  «алдын  ала»  бактериологиялық  өңдеу  жүргіздік,  сөйтсек
планетаның  басқа  шалғай  аймақтарында  «ядролық»  жұқпалы  аурулар
қоздап тұр екен.
Мысалға,  бүкіл  адамзаттың  одан  əрі  дамуы  үшін  аса  маңызды
ресурстық  жəне  энергетикалық  базасына  сөзсіз  ие  Антарктиданы  алып
қарайық.  Тұтас  бір  материктің  ядролық  қарусыз  статусы  жаппай
қарусыздану мен орналастырмау процесіне қосылған ірі үлес екені даусыз.
Бірақ сөйте тұра, географиялық тұрғыдан қашықта жату жəне геосаяси мəні
шамалы  екендігі  салдарынан  ірі  ядролық  державалар  оңтүстік  материкті
өздерінің  геостратегиялық  мүдделері  аясына  енгізбеген.  Сондықтан
«пингвиндер  жерін"  ядролық  қарудан  ада  аймақ  ретінде  заңдық  хаттау  ірі
державалар  тарапынан  елеулі  кедергіге  ұшырай  қоймаған.  Осыған
байланысты  Оңтүстік  полюсті  ядролық  карусыз  аймақ  деп  күні  бұрын
жариялау салыстырмалы түрде оңайға түскен. Мұның планетаның ядролық
қарудан  ада  аумақтар  деп  жарияланған  көптеген  баска  аймақтарына  да
қатысы бар.
Сонымен бір мезгілде, планетаның ядролық каруы бар немесе оның
өмірге  келу  мерзімі  жақындап  калган  аймақтарында  ядролық  қарудан  ада
аймақтар  тужырымдамасы  елеулі  кедергілерге  жəне  өз  таралуында
шектеулерге тап болды.
Сөйтіп  ядролық  қарусыздық  негізінде  кең  аумақтар  құру
принципіне  негізделген  келісімдердің  салыстырмалы  тиімсіздігінің  түп
себебі, біздің ойымызша, оларда іргелі əмбебаптық қасиеттің жоқтығы.
Яғни
объективті
себептермен
олар
планетаның
барлық
географиялық  нүктелеріне  таратыла  алмайды,  сондықтан  олар  едəуір
шектеулі  сипатта.  Əмбебаптық  қасиеттің  болмауы,  менің  ойымша,  «ада»
аймақтар  туралы  келісімдер  жиынтығы,  əсіресе  казіргі  дүниеде,  ғаламдык
113

ядролық  қауіпсіздіктің  өзекті  негізі  бола  алмайды.  Ғаламдық  немесе
аймақтық  қауіпсіздіктің  бірде-бір  тұжырымдамасы,  егер  онда  толықканды
əмбебаптық  қасиет  болмаса,  тиімді  жəне  өздігінен-ақ  жеткілікті  бола
алмайтынын бəріміз де түсінеміз. Бірак бұл əмбебаптық жай жарияланатын,
көкейіміздегі  ғана  нəрсе  емес,  нақты  практикада  жүзеге  асырылған
əмбебаптық  болуға  тиіс.  Сондықтан  тіпті  нашар,  бірак  əмбебап  қауіпсіздік
жүйесі ең жақсы, бірақ ондай қасиеті жоқ жүйеден тиімді де сенімді.
Бірақ  дегенмен  ядролық  карусыз  аймақтар  принципі,  ұйқылы-ояу
кезеңнен  өтіп,  əйтеуір  бір  кезде,  бəлкім  едəуір  тез  арада,  өзін  тағы  да
көрсетеді деп ойлаймын. Тегінде бұл адамзат басын тауға да, таска да ұрып
ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздіктің бірыңғай принциптерін айқындап,
оларды практикада жүзеге асыра бастағанда болатын шығар.
Сонда  ядролық  қарусыз  аумақ  ретіндегі  Жер  туралы  ой  соншалық
сағымды немесе алыс болашақ болып көрінбейді.
114

Сына тар а тыйым салу аркылы таратпау...
Сəті  түскенде  Иосиф  Бродскийдің  Адамзаттың  Ұлы  ұстаздары
Махатма Ганди мен Лев Толстой туралы ой толғамдарын оқып шыққаным
бар.  Ол  солардың  «жамандыққа  зорлық-зомбылықпен  қарсы  тұрмауын»
жаңадан  ой  елегінен  өткізуге  тырысқан  екен.  Зорлық  жасамау
теориясының идеялық негізі Інжілдің «Шапалақ сол бетіңе тисе, оң бетіңді
тос»  деген  (бұған  қазақтың  «Таспен  атқанды  аспен  ат»  деген  мəтелі  сай
келсе  керек)  өсиетіне  сүйенеді.  Бірақ,  -  дейді  И.Бродский,  -тіннен  бөліп
алынған,  сондықтан  ешқашан,  ешбір  жағдайда  күш  қолданбауға
негізделген  табиғи  пацифизм  мағынасына  ие  болады.  Тіпті  өзін  қорғау
мақсатында  да.  Алайда  шын  мəнінде  Інжілден  алынған  толық  тіркес
шамамен  былай  болып  келеді:  «Егер  шапалақ  сол  бетіңе  тисе,  оң  бетіңді
тос. Егер əлдекім сені бір жолды жүріп өтуге мəжбүр етсе, онымен бірге екі
жолды  жүріп  өт.  Егер  əлдекім  көйлегіңді  шешіп  алса,  дамбалыңды  қоса
бер».  Бұл  дегеніңіз,  -  деп  түсіндіреді  И.Бродский,  -  зорлық  жасамау
теориясы  қате  алғышартқа  негізделген  деген  сөз,  өйткені  толық  мəтіннің
мағынасы мүлдем басқа! Сөйтіп бұл үзіндіге жаңадан мағына беру үшін, ол
бір саяси тұтқын өмірінен мысал келтіреді.
Дəл мазмұнын қайталай алмаспын, бірақ мағынасын дұрыс келтіріп
отырған секілдімін: «Бір диссидент (И.Бродский, тегінде, өзін айтқан болуы
керек)  ұланғайыр  Гулаг  архипелагының  бір  аралы  Дубровлагқа  тап
болады.
Былай қарағанда, алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ, бірақ мұнда
күллі социалистік лагерьлердегідей, қанға сіңген социалистік жарыс жүйесі
болатын.  Сол  диссидент  тұрған  бараққа  бірде  жасауылдар  келіп,  баршаға
ағаш  кесу  жөніндегі  «социалистік  жарысқа»  баруды  бұйырады.  «Ал,
бармасам  ше?»  дейді  диссидент.  «Таңғы  астан  да,  түстіктен  де,
қонақасыдан да қағыласың!» дейді жасауылдар. Баруға тура келеді.
Таң атпай жұмыс басталады. Таңғы ас уақыты да жетеді. Бəрі де көп
ойланбай  балта,  арасын  тастай-  тастай  асқа  жөнеледі.  Бірақ  сол  диссидент
қана жұмыс істей береді. Жападан-жалғыз. Жасауылдар мен қамаудағылар
қайтадан  жұмысын  бастап,  уақыты  соққанда  түстік  асқа  жөнеледі.  Бірақ
саяси  тұтқын,  ештеңеге  көңіл  аудармастан,  аянбай  жұмыс  істей  береді!
Күзетшілер  енді:  жынданып  кеткеннен  сау  ма  деп  күдікпен  байқастайды.
Түстен  кейін  де  бəрі  баяғыдай.  Кешкі  ас  кезінде  жұрттың  бəрі  жұмысын
тоқтатпаған  диссиденттен  көз  айыра  алмайды.  Əлденеден  секем  алған
күзетшілер оған жақындап, тоқтатудан да қаймығады. Ақырында жұмысты
доғару  туралы  бұйрық  естіліп,  бəрі  де  өз  барақтарына  шұбырады.  Бірақ
115

сонда  да,  əбден  көз  байланғанға  дейін,  жалғыз  араның  ызыңы  мен
балтаның тықылы естіле береді!
Тек  түн  ортасына  таяу  буы  бурқыраған,  аяғын  əрең  алып  жүретін
саяси  тұтқын  өз  төсегіне  əрең  жетіп,  қулап  түседі  де,  үш  тəулік  бойы  селт
етпей  ұйықтайды!  Мұнысы  несі?  Бірақ  осынау  лагерьде  содан  кейін
ешқашан социалистік жарыс өткізілмеген!»
Осынау  мысалды  келтіріп,  И.Бродский  мынадай  ой  айтады:
дұшпаныңның  есін  тандыру  үшін  оң  бетіңді  тосудың  қажеті  жоқ,  оған  өз
істегенін екі еселеп қайтару керек! Онымен бірге бір емес, екі жол жүріп өт,
сонда  оның  өзі  беріледі.  Оның  қандай  жол,  бейбіт  немесе  қарулы  жол
екенінің бəрібір.
Мен  бұл  оқиғаны  атом  қару-жарағы  саласындағы  есуас  жарыс
тужырымдамасы таңылған өзекті көрсету үшін келтіріп отырмын: егер сені
ядролық  жарысқа  тартқан  екен,  жалтарма,  қосыла  кет.  Бірақ  бір  жолдан
емес, екеуінен өт. Оныкінен де көп қару-жарақпен жауап бер! Тек осындай
амалмен ғана сен қарсыласыңды бастапқы пиғылынан біржола бас тартуға
мəжбүр етесің. Соққыға тезе берме, қос соққымен жауап бер. Əу баста бір
жолды жүріп өтпек болған дұшпаның екі жол жүріп өтуге мəжбүр болады.
Сөйтіп  жарым  жолда  қалжырап  бітеді.  Бірақ  мұның  бəріне  тек  алапат,
кейде адам айтқысыз күш-жігермен, азап пен аяусыз күшенудің арқасында
ғана жетуге болады!
Өткен  ғасырдағы  екі  антипод-алыптың  арасындағы  ядролық
жанталаса  қаруланудың  мадағы  да  осында:  бір-бірін  бір  жолдан  өтуге
мəжбүрлеп,  тағы  бір  жолдан  өтуге  итермелеп,  олар  кім  алдымен
қалжырайтынын күтумен болды...
Бұл  жолда  жасалған  жарылыстар  саны  жағынан,  біз  тегінде
ғаламдық  жəне  аймақтық,  шектеулі  жəне  жаппайжүздеген  ядролық
соғыстан өткен болуымыз керек.
Өйткені  Өлілер  алқабындағы  алғашқы  американ  бомбасын
сынаудан бастап, осы кезге дейін Жер планетасы 2053 ядролық жарылысқа
төтеп беріпті.
Бұл  арада  рекорд  американдықтар  еншісінде.  Невада  полигонында,
Бикини  атолында,  Аляскада  (3  жа-  рылыс),  Нью-Мексикада  (3  жарылыс),
Миссисипиде (2 жарылыс) жəне Колорадода (2 жарылыс) осы кезеңде 1030
атом  жене  сутегі  бомбалары  жарылды.  Кеңес  Одағында  Семей
полигонында, Жака Жер аралында, Украинада (2 жарылыс), Өзбекстанда (2
жарылыс)  жене  Тұрікменстанда  (1  жарылыс)  -  716  жарылыс  жасалды.
Француз  Алжирінде,  Муруроа,  Фангатауфа  атолдарында,  Рождество
116

аралында  (30  жарылыс)  жене  Полинезияның  баска  аралдарында  -  210
жарылыс. Лобнор көлі маңындағы полигонда - 45 жарылыс. Ақыр аяғында
Ұлыбритания  Канберрамен,  Вашингтонмен  келісе  отырып,  Австралия
аумағында  12  жене  Невада-  Да  44  ядролық  жене  термоядролық  жарылыс
жасады.
Ақыр  аяғында  үшінші  ядролық  дүние:  үндістандық  Покхаран  -  6
жарылыс  (1974  жылды  қосқанда),  пəкстандық  Чагай-Хиллзде  -  7  ядролық
жарылыс.
Кепілдік беріліп қойған «сан рет» қырып-жою михра- бына тағы да
бір  жаппай  жоюды  қосқысы  келетін  əске-  ри  стратегтер  мен  тактиктердің
аласүруына  қарамастан,  олар  жеңімпаздар  да,  жеңілгендер  де  бəрібір
болмай- тын шектен əлдеқашан өтіп кеткенін əйтеуір түсінді.
Ядролық қаруды одан əрі жетілдіруде əскери көзқа- рас тұрғысынан
мəн  қалмағаны  былай  тұрсын,  оны  қисынды  түсіндірудің  өзі  мүмкін
болмай  қалды.  Ағыл-  шын  философы  Уильям  Оккам  айтқандай,
«қажеттілік  болмаса  мəн  санын  көбейте  бермеу  керек».  Бірін-бірі  1001  рет
қырып  жіберуде  парасатты  қажеттілік  түгілі,  жай  ғана  орындылық  та  жоқ
еді! Оккам үстарасы əлде- қашан іске қосылуға тиіс болатын.
Адам  сенетін  нəрсе  емес,  бірақ  «есуастар»,  кезекті  бір  айналымда
орға  қүлаудан  əрең  қалып,  сайып  кел-  генде,  ядролық  болидтерін  тежей
тұруды үйғарды. Бірден емес, қалай десек те, ядролық жарыс инерция- сы
тым  зор.  Атом  бомбаларының  жаңа  түрлерін  жасау  процесін  бірте-бірте,
абайлап
тоқтатып,
гигатонналар-
ға
бармай-ақ,
мегатонналармен
шектелген жөн.
* * *
Сөйтіп  жанталаса  қаруланудың  ядролық  əткеншегі  бірте-бірте
баяулай  бастады.  Ақыр  аяғында  бұл  про-  цеске  саяси  селекционерлер
қосылып,  эксперименттік  ядролық  «саңырауқүлақтар»  шоғыры  біртіндеп
болса  да  азая  бастады  жəне  бұл  процестің  негізіне  сынаққа  тыйым  салу
арқылы таратпау принципі алынды.
Саяси  ерік  іске  қосылды,  «ядролық  ібілісті»  аластау  процедурасы
басталды.
1963  жылы,  ядролық  ақырзаман  бұрқ  етуге  сəл-ақ  қалғаннан  кейін
бір  жылдан  соң,  Мəскеуде  АҚШ-тың,  КСРО-ның  жəне  Ұлыбританияның
басшылары,  ядролық  «шоқпарды»  үйіре  беруден  пайда  жоқтығын  түсініп,
үш  ортада:  əуеде,  жер  бетінде  жəне  суда  ядролық  сынақтардың  барлық
түрлерін өткізуге тыйым салу туралы Шартқа қол қойды. Бұл шартқа бірте-
бірте  120-дан  астам  ел  қосылды.  Диалог  бұл  жолы  тек  АҚШ  пен  КСРО
117

арасында  1974  жылы  жер  асты  сынақтарын  шектеу  туралы  шартпен
жалғастырылды.  Жер  асты  жарылыстарының  қуаты  150  килотонна
деңгейімен, тиісінше сынақ санын азайтумен шектелді.
Екі жылдан кейін, өз басым белгілі бір дəрежеде екіжүзді деп білетін
Шартқа  қол  қойылды.  Өйткені  ол  Кеңес  Одағының  «бейбіт»  ядролық
полигоны ретінде біздің елімізге тікелей қатысты болды.
Екі  жақты  Американ-Кеңес  келісімінде  əңгіме  атом  зарядтарын
бейбіт  мақсатта  қолдану  деген  желеумен,  азаматтық  міндеттерді  шешуге
пайдалану  мүмкіндігі  турасында  өрбігенді.  Ол  қандай  бейбіт  мақсаттар
Дейсіз  ғой?  Атап-атап  айтайық:  бөгендер  салу,  газ  конденсаты  үшін  жер
асты  қоймаларын  жасау,  жартастарды  ұсату  немесе  қиыршық  тасқа
айналдыру.  Шарттың  негізгі  екіжүзділік  мағынасы  мынадай:  жарылыстар
енді  тек  полигондарда  ғана  жасалмайды,  қалаған  жерде,  тіпті  қала
маңындағы көлде де жасала алады.
Жыртқыш  еркіндік  алды  да,  «халық  шаруашылығына»  пайдасынан
əлдеқайда көп қасірет əкелді.
Атомдық  хайуанды  қолға  үйрету  əрекетінен  не  шыққанын
елестетудің  өзі  қиын.  Бірақ  «бейбіт»  жарылыстар  бəрібір  жасалды.  Кеңес
Одағының  аумағындағы  əр  тұрлі  жерлерде  120-ға  жуық  «бейбіт»
жарылыстар гүрсілдеді. Тіпті Медеу шатқалындағы тасқынға қарсы атақты
бөген де бір бағыттағы ядролық жарылыспен «тұрғызылуы» мүмкін еді!
Бірақ  ақыр  аяғында  осынау  Шарттардың  тиімсіздігі  санаға  жетті.
Тыйым  салу  жарияланғанымен,  қол  қойылып,  бекітілген  шараларда
ядролық  сынақтарды  бақылау  процедурасы  көзделмеген  болатын.
Бақылаудың  болмауы,  егер  мемлекет  техникалық  қиындықтардан
«айналып»  өтіп,  ол  сынақтар  беймəлім  күйінде  қала  беретіндей  ете  алса,
онда олар ядролық сынақтарды барлық ортада жалғастыра алатын еді.
Дегенмен  де  бұл  сынақтарды  қадағалау  мен  бақылау  жүйелері
байқағанша  солай  ете  берер  еді.  Əрине  бақылаудың  спутниктік  жүйелері,
жер  асты  тербелістерін  немесе  атмосфералық  құбылыстарды  тіркейтін
сезімтал  аспаптар  бар  еді.  Бірақ  əйтсе  де  осы  шарттар  шеңберінде
сынақтарды бақылайтын арнайы қызмет болған жоқ. Атом сынақтарының
ерекшеліктеріне  байланысты  барлық  реңктерді  ескеру  тұрғысынан
барынша əмбебап болатын сондай шарт жасау мəселесі туындады.
Бұл  үшін  1994  жылы  қаңтарда  қарусыздану  жөніндегі  Женева
конференциясы  шеңберінде  ядролық  сынақтарға  тыйым  салу  жөніндегі
комитет  кұрылып,  оған  болашақ  əмбебап  келісімнің  мəтінін  əзірлеу
жүктелді.
118

Екі  жылдан  кейін  1996  жылы  24  кыркүйекте  Ядролық  сынактарға
жаппай  тыйым  салу  туралы  шарт  (ЯСЖТШ)  қол  қою  үшін  ашылды.  Осы
дəуірлік  оқиғадан  бірнеше  күн  бұрын  Біріккен  Үлттар  Үйымының  Бас
Ассамблеясы  ол  Шарттың  мəтінін  түпкілікті  бекіткен  болатын.  Келісімнің
негізгі  максаты  1-бапта  көрсетілген:  «Əрбір  қатысушы  мемлекет  ядролық
қарудың  кез  келген  сынақ  жарылысы  мен  кез  келген  басқа  ядролық
жарылысты
жасамауға,
сондай-ақ
өзінің
құзырындағы
немесе
бақылауындағы  кез  келген  жерде  сондай  кез  келген  ядролық  жарылысқа
тыйым салуға жəне жол бермеуге міндеттенеді...
Əрбір қатысушы мемлекет бұдан былай ядролық қарудың кез келген
сынақ  жарылысын  жəне  кез  келген  баска  ядролық  жарылысты  жасауға
итермелеуден, ынталандырудан немесе оларға қандай да бір қатысудан бас
тартуға міндеттенеді».
Шартка бірінші болып қол қойған мемлекет - АҚШ. Шартты бірінші
болып  бекіткен  ядролық  державалар  —  Франция  мен  Ұлыбритания,  олар
бекіту грамоталарын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне 1998 жылы өткізді.
Қабылданған  сəттен  бері  Ядролық  сынактарға  жаппай  тыйым  салу
туралы шартқа казірдің өзінде 149 мемлекет кол қойды. Олардың арасында
«Үлкен  бестік»  те:  АҚШ,  Ресей,  Қытай,  Франция  жене  Ұлыбритания  бар.
Алайда  бүгінде  шарттың  ойдағыдай  жүзеге  асырылуы  оған  қол  қойған
барлық  мемлекеттердің  оны  бекітуіне  байланысты  проблемаларына  тап
болып отыр.
Соған қарамастан, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы
шарт - белгілі бір державаның емес, бүкіл адамзаттың мүддесін бейнелейтін
біренсаран  құжаттардың  бірі.  Тыйым  салу  жолымен  таратпау  режимі
халықаралық  жағдайды  едəуір  сауықтырып,  ғаламдық  жəне  аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне орасан зор үлес қосты.
Бұл Шарт əсіресе біз, қазақстандықтар үшін маңызды. Өйткені біздің
аумақта  көлемі  жағынан  əлемдегі  екінші  сынақ  полигоны  болды,  ал
шекарамызға  тиіп  тұрған  жерде  ең  ірі  ядролық  полигондардың  бірі
орналасқан.
Бірақ, меніңше, сынаққа қазіргі нұсқадағы тыйым ядролық қарудың
одан  əрі  жетілдірілу  жəне  айналадағы  ортаны  ластау  проблемасын  шеше
алмайтын  секілді.  Еңалдымен,  сынаққа  тыйым,  Ядролық  сынақтарға
жаппай  тыйым  салу  жөніндегі  шарт  секілді  неғұрлым  мінсіз  құжаттағы
күйінде жамандық тамырының өзін - атом қаруы сыналатын полигондарды
жою мəселесін көздемейді.
Жаппай  тыйым  салынғанына  қарамастан,  полигондар  «зая»
119

режимінде  жұмыс  істеуде  жəне  де  бір  ел  өзінің  белгілі  бір  мүддесін  яғни
қажетін  көздеп,  сынақ  өткізбеу  режимінен  əбден-ақ  дербес  шыға  алуының
ықтималдығы  бар.  Мəселен,  1996  жылы  дəл  солай  болып,  Франция,  басқа
ядролық державалар атом сынақтарын өткізуді доғарғанына қарамастан, бір
жақты  түрде  сынақтарын  қайтадан  жүргізе  бастады.  Сонысымен  дүниені
бір  дүрліктірді.  Муруроа  атолында  жарылыстар  гүрсілдеді:  француз
əскерилері  жаңа  баллистикалық  зымырандарға  арналған  ядролық
боеголовкаларын  тексеріп  алды,  ол  зымырандарды  «Триумфан»  сүңгуір
қайықтарында  орнату  көзделген  болатын.  Сондай-ақ  компьютерлік
сынақтар бағдарламасын іске асыру үшін қажет деректер жинады.
Сөйтіп  француз  мысалы  ядролық  қаруға  тыйым  салу  жөніндегі
күшінде  бар  Шарттардың  белгілі  бір  селкеуліктерін  көрсетті.  Ядролық
сынақтарға тыйым салудың өзіне ғана емес, атомдық сынақ полигондарын
жабу ісіне көбірек ден қойған жөн болар еді.
Мұндай  үлгіні  біз  көрсеткеніміз  белгілі,  Қазақстан  Семей  ядролық
полигонын жауып, өзінің сынақ өткізу мүмкіндігінің жолын кесті. Барлық
полигондарды
өзара
келісім
деңгейінде
ресми
жабу
ядролық
державалардың  ешқандай  бұлталақсыз  ядролық  бомбалардың  Қандай  да
сынақтарын  тоқтату  ниетінің  шынайылығы  мен  риясыздығын  айғақтау
болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет