Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет86/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Аруаққа сену. Ата-ананы сыйлап пір тұту -халықтың асыл қасиеттерінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, әлпештеп өсірген ана алдындағы қарыз сенімі әр адамның адамгершілік деңгейінің елшемі, азаматтық жауапкершілігі болып саналады. Ата-бабалар аруағына сыйыну салты арғы замандардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау, жалғастыру, алға апару жауапкершілігінен туған. "Өлі риза болмай, тірі жарымас" деген қанатты сөз де осы сарынды тағылым. Ал аруақ дегеніміздің өзі бұл ғұмырдан өткен адамның рухы. "Аруақ" - күш, қуат, дем деген ауыспалы мағынасы бар "рухтың" кепше түрі (Бекмұхамедов) негізінен араб тілінен ауысқан сөз. Аруаққа сыйыну - тіршілікте іске асырған істеріне байланысты айрықша қасиет иесі саналған аталардың рухымен қанаттану, мұрагерлік жауапкершілікке талаптану ұғымын білдіреді. Аруаққа сыйыну салты ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеуде, патриоттық сезімді ұштауда орасан зор әлеуметтік мәнді болған және бола да бермек. "Қазақтар әдетте ата-баба аруағын Алладан да құдіретті деп түсінген" (Ақтаев) деген ұсыныстың жаны бар. Аруақтың кейінгі ұрпақтың ой-сезімі мен нанымына әсерінің құдіретін осыдан-ақ байқауға болады. Ата-бабаны қастерлеу ғұрпы-қоғам мен адам тануға көмектесетін жауапкершілікті мүмкіндік. Халқына ерекше еңбегі сіңген, ақыл ойымен, адамгершілігімен, имандылығымен белгілі болған жандардың өмірін кейінгі ұрпаққа өнеге ету-ұлттық қасиеттерді сақтау мұратындағы жауапкершілікті арттыруды көздейді. Бұл дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етіп, халықтың ауыз бірлігін және ынтымақтастығын арттырады. Ортақ мақсатты орындаудағы жауапкершілігін күшейтеді.

Ауыл түрғындары арасында әруақтарга, тірілер мен өлілер арасында жүмбақ байланыстар бар екеніне сенім күшеймесе, кеміген жоқ. Мәселен, Үлкен Қаратал ауылында жыл құрғатпай өмірден озған туыстарына арнап қатым-қат оқу дәстүрге айналган.

Мұндағы әр отбасында о дүниелік барлық ағайын-туыстарының тізімдері жазылған. Қатымға барлық туыстар, көршілер, молда шақырылады. Олар үйге кіре берісте: «Түсірген қатпым сауапты болсын», «қатым сауапты болсын, құдай қабылдасын» деген тілектер білдіреді. Қарттар мен құрметті меймандар таңдалган бөлмедегі қадірлі дастарқан басында, қалған ер азаматтар мен әйелдер жеке бөлмелерде (немесе бөлек дастарқан басында), жастар ас үйінде жайғасады. Көбінесе қысқы соғым басы әкелініп, мол дастарқан жасалады. Әдетте меймандарға алдымен тәтті тағамдары бар шәй, сонан соң басты ас (ет, палау), бұдан кейін тағы да шәй ұсынылады. Әр ас алдында молда құран оқиды. Басты асқа келгенде даусы ашық та үнді туыстардың бірі тізімдегі өмірден озган ағайындардың есімдерін оқып шыгады. Жиналғандар бас киімдерін шешпеуі тиіс.

Бізбен әңгімелескен Күршім ауданында тұратын келіншек жыл сайын туыстарымен бірге қатым-қат (арасында әжесі де болған) оқытып келген. Ол тұрмысқа шығып, Үлкен Қараталға қоныс аударғаннан кейін әжесін еске алуын қояды. Содан болар әжесі түн құрғатпай оның түсіне кіреді. Бірде келіншек Күршімдегі туыстарына қонаққа барғанда түсі жайлы анасын хабардар етеді. Анасы одан: «Сен әжеңді еске алып Құран оқыдың ба?» - деп сұрайды. Осы келіншектің туыстарының біріне де түсінде атасы кіріп: «Мен жаурадым, аяғымды жапшы», - деп өтініпті. Қазақтардың дағдысы бойынша өмірден озган адам үшін бір жыл ішінде қабір үсті құрылыстары тұрғызылуы керек. Ал жоғарыда сөз болған ақсақалдың бейітінде әлдеқандай себептермен күмбез орнатылмапты. Осы оқигадан кейін оның артында қалған туыстары дереу мазар тұргызады.

Әруақтарга сену күні бүгінге дейін бүкіл Қазақстанда терең етек жайган. Мәселен, славяндармен салыстырғанда қазақтардың зираты үрей, қорқыныш тудыратындай мәнде емес. Айталық, қараталдықтардың баяндауынша, егер жолда боран соқса, таяу арадагы бейіттердің басына барып, Құран оқыса, әруақтар қолдап аман қалады деген сенім бар.

Қазақтар үшін әруақтарга сенімді (исламга дейінгі ата-бабалар рухын құрметтеу) исламның қасиетті кітабымен ұштастыру жөн және бұл назар аударарлық жәйт болса керек. Халықтық, исламга дейінгі және нормативтік ислам бастау болган мүндай рухани синкретизм қазіргі қазақ азаматының рухани мәдениеті мен тұрмысының құрылымына елеулі ықпал етеді. Аруаққа сиыну, аруақты қастерлеу - қазақ үшін имандылық жолы, бұл дегеніміз жауапкершіліктің басты моральдық-этикалық құрылымының бірі. Неғұрлым тереңнен тамыр алатын құндылықтық қазыналарымызға сенетін болсақ, болашақта ұлттың нақтылығы мен өміршеңдігі соғұрлым анық көрініс беретін болады. Халқымыздың көшпенді руханияты, оның өзіндік менталитеті тек жеке пәндердің үлесіне ғана тиісті емес, қюғамдық жаңа қатынастарға да қажетті дүние. Ол дегеніміз -азаматтық, қоғамдық және галамдық жауапкершілікке бастайтын мәнді әрекеттердің бастауы деген сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет