Сабақ т ақырыбы: Өмірің өз қолыңда



Дата01.04.2017
өлшемі61,4 Kb.
#12906
түріСабақ
Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім

беретін мектебінің педагог – психологы

Отарова Назгүл Талғатқызы
Сыныбы: 8

Тренинг сабақ тақырыбы: Өмірің – өз қолыңда.

Мақсаты:  Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.              

Міндеттері:                                                                                       


  • Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;                                

  • Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге  тәрбиелеу

Көрнекілігі: Плакат, маркер, стикер, бейне ролик, слайд, жіп т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

І. «Сәлемдесу» тренинг

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Кіріспе

ІV. «Ойланып көрейік» постер қорғау

V. «Қиындықтан құтылу» жаттығуы

VI. «Бәрі өз қолында» бейне ролик

VII.«Шешімін табу» жаттығуы

VIII. Қарапайым ережелерді есінде сақта

ІХ. Қорытынды




  1. «Сәлемдесу» тренинг.

Мыңау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін - осы басқарған.

Мынау – оң қолым,

Мынау – сол қолым,

Барлық істі атқарған.


  1. Топқа бөлу. (Оқушылардың мінез – құлықтарын анықтау барысында жеміс –жидектерді пайдалана отырып топқа бөлу.)

І – топ. Алмұрт сүйетіндер оптимистік мінез – құлықты адамдар сүйеді. Сондай адамдармен әрқашан көңілді, олар еш уақытта мұнаймайды, олардын айналасы оқиғалар иірімімен және мейірім түйсігі сезінеді. Олар тамаша жан, әрқашан сіздерге көмекке келуге дайын.

ІІ – топ. Алманы ұнататын адамдар жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарасты адамдар. Берілген қандай тапсырманы болса да жан салып тиянақты атқаратын, өз-өзіне риза адамдар.

ІІІ – топ. Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табысады, ашық, жарқын адамдар. Олардан сыпайылық пен мәдениеттілік айқын көрініп тұрады. Тек бір кемшілігі-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

  1. Кіріспе

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, білім алуда, жұмысқа, мектепке бара жатады, жұмыстан, мектептен қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады.

Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.


  1. «Ойланып көрейік»

1 – топқа. Адам не үшін өмір сүреді?

2 – топқа. Өмірден өз орнын табу деген не?

3 – топқа. Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?


  1. «Қиындықтан құтылу» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қиындықтармен өз – өздеріне деген сенімсіздіктерінен арылу.

Барысы: Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірлерінің қолдарынан ұстау және қандай жағдай болсада жібермеу керек. Оқушылар қиындықтан шыға білу керек.



  1. «Бәрі өз қолында» бейнеролик. Өз ойларымен бөлісу.

  2. «Шешімің табу» жаттығуы.

Мақсаты: Қандай жағдай болсада шешімі болатының оқушыларға түсіндіру.

Барысы: Оқушылар ортаға шығып екі топқа бөлінеді. Екі топқа да арқан беріледі және аяқтарынан әртүрлі қылып байлайды. Екі топ ұжыммен бірлесіп мәреге жету керек. Тығырықтан шығып, шешімің таба білу крек. Сонымен қатар, оқұушылардың өз ойлары тындалады.



  1. Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

  • Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз,

  • Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.

  • Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз – олардың көбі пайдасыз.

  • Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.

  • Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.

  • Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.

Қорытынды

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез - келген адамнан сұраңызшы, «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз.



Адам жанына ең қажет - өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым - қайғың өзінен - өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кедергіден қиналмай өтесің.

Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе болғаны.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет