Н. С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу осы сияқты



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,63 Kb.
#86297
  1   2   3   4
Байланысты:
Құлыбек Дария тарих Тфп 1-007


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Тақырыбы: 1.Қазақстанның 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары:


а) экономикадағы дағдарыстар,
б) халық өмірінің жағдайы.
2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен зардаптар





Орындаған: Тургунова Ақниет
Группа:1-007
Тексерген: Алиева М.Т


Қарағанды 2020
1. Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін Қазақстан тарихы (он бес дәріс) түбегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетіліп келе жатты.
Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И. Брежневті сайлады, ал Кеңес Үкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге, жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И. Брежнев мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституцияда да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу, қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ының хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5. Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтауларды көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару органдары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азықтүлік кәсіпорындары біріктірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекеттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет