Н. В. Ниретина қаныш сәтпаев – атақты ғалым, мемлекет және қОҒам қайраткері, Өз елінің патриоты



бет2/4
Дата11.11.2016
өлшемі0,72 Mb.
#1506
1   2   3   4

Ол студенттік орындықтан бірден ғылымға келетін жас балалар көп жағдайда өмірді білмейді, ғылыми жұмыста ең бастысын – оның практика үшін пайдалылығын таба алмайды деп жиі айтқан, сондықтан жас мамандарға өздерінің өмірлік жолдарын өндірістегі жұмыспен бастау туралы кеңес берген.

1941 жылы Қаныш Имантайұлының Алматыға КСРО ҒА Қазақ филиалына көшуі Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері тұспа-тұс келді. Жаңа жұмыс орнына ауысқаннан кейін ол өзіне тән мақсатқа талпынушылығымен Қазақстандағы ғылымды ұйымдастыру мен оның әрі қарай дамуына бет алды. Толығымен орап алған, қызу қызметіне қарамастан, бір де бір минут өзінің сүйікті Жезқазғаны туралы ұмытқан емес, оны әрі қарай халық үшін меңгерілуіне және зерттелуіне көп күш бөлді.

КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы еліміздің ғылымды ұйымдастыруының жаңа формасы ретінде Алматыда 1932 ж. болған Академия негізінде құрастырылды. Бұл база құрамында екі сектор болды. 1938 ж. база, құрамында бес секторы бар филиалға қосылып, қайта құрылды. 1941 ж. филиал кішігірім мекеме түрінде болды. Онда 3 ғылым докторы, 14 кандидат, 70-80 ғылыми дәрежесі жоқ ғылыми қызметкерлер ғана жұмыс істеді.

Қаныш Имантайұлы Геологиялық институттағы жұмысының бірінші күндерінен бастап оның тақырыптық жоспарын терең сараптады. Ұлы Отан соғысына қатысты Қазақстан территориясының геологиялық зерттеулер бойынша негізгі бағыттарды шешу және ең алдымен, фронтқа максималды практикалық көмек көрсету үшін институттың жоспары жедел түрде өзгертілді.

Алматыға көшкеннен кейін екі ай өткен соң Қаныш Имантайұлына өте жауапты міндеттер жүктелді – КСРО ҒА Қазақ филиалы Президиумының төрағасының орынбасары. Кейіннен оның басқаруымен барлық филиалдың тақырыптық жоспары түбірлі қайта қарастырылды. 1941 жылдың соңына қарай филиалда екі жаңа институт құрылды, ал Геологиялық институтта – елдің қорғанысын күшейтуге бағытталған, күшейтілген жұмыстарға арналған бірнеше жаңа зертханалар ашылды. Қаныш Имантайұлының тікелей қатысуымен жедел жұмыстар қатары орындалып және Қазақстан ғылымдарымен практикалық маңызды ұсыныстар енгізілді. Ол өзі ең алдымен Балхаш зауыты үшін Жезқазғанның бай кендерін пайдаланды. Ұлы Отан соғысының бірінші күндерінің алғашқы күндерінен бастап Жезқазғанның кені Балхашқа уздіксіз эшалонмен жіберіліп отырды, осының арқасында осы өндірістік алыпта мыс балқыту деңгейі соғыс кезінде ғана емес, бүгінгі күнде де күрт өсті. Кейіннен Жезқазғанның мысты кендері Оралдық мыс зауыттарын да қоректендіре бастады.

1941 жылдың күздің басында Украинада Никопольдық марганец кен орнын уақытша фашистермен қоршауға алынуы, Кавказдағы Чиатур кен орындарының алдында тұрған қауіпке байланысты жұмысында кідіріс болу қаупі бар Магнитогорск комбинатын марганец кенімен қамтамасыз ету туралы сұрақ туындады. Қаныш Имантайұлы Жезқазғанның барлық байлықтарын кешенді зерттеуі негізінде алдын-ала жүргізілген жұмыстары бойынша Жезқазған облысындағы Жезді кен орнынан марганец кенін алу туралы республиканың үкімет мүшелеріне жедел ұсыныс жасады.

Қазақстанның партясы мен үкіметі бұл мәселені елдің Орталық органдардың алдына қойды. 1941 жылдың соңында КСРО Қара металлургияның халық комиссариатының бригадасы Қазақстанға келді, ал 1942 жылдың көктемінде, ылдың көктемінде, 38 күн ішінде, тақыр орында Жезді кеніші ұймдастырылып, оның кенінің бірінші эшелоны Магнитогорске жіберіліп, елдің қорғаныс күшінің жұмыстағы кідіріс қаупі алды алынды.

Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде өндірістік игеруге Жезді кен орнын жедел енгізу, Қ.И. Сәтбаевтың уақытылы алдын-ала жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары мен кеннің құрамы мен техникалық қасиеттерін зерттеуінің арқысында дәл қажет уақытта елдің өндірісі бағалы және өте қажетті шикізат берген, дайын кен орнын алды.



Соғыс уақытында бір орталыққа бағынатын, елдің қорғаныс қажееттіліктері үшін Қазақстандық барлық ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі жұмысты күшейту қажеттілігі анық болды. Осы мақсатпен Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысы бойынша КазКСР Мемжоспары негізінде ғылыми-техникалық орталығы ашылды.

Соғыс уақыты кезінде металдардың тапшылығы мен Қазақстан аясында қара металлургияның дамуының маңыздылығын ескере отырып, елдің үкіметтік органдарында 1942 жылы республикада ірі металлургиялық зауыттың жедел түрде салынуы туралы сұрақ көтерілді. Осыған орай, геологиялық институтта болашақ зауытқа арналған темір кендерінің қорын арттыру және басқа да минералды шикізаттың барлық түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында кеңейтілген зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. 1941 жылдың жазында Қаныш Имантайұлы аталған зауытты құрастыру орнын таңдау бойынша Үкіметтік комиссия жұмысына қатысты; Қарағанды жанынтағы Темир-Тау шатқалы ауданы таңдалды. 1942 жылы ол өзінің «Қазақ КСР темір және марганец кен орындары» атты монографиялық еңбегін аяқтады. Алайда, соғыс уақытының шарттары бойынша, еңбек уақытылы жарияланған жоқ.

1942 жылдың көктемінен Геологиялық институттың ұжымы Орталық Қазақстанда мыс және қорғасын кен орындарының толық тексерісін жүргізді және сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындарын ашты. Қорғасын, қалайы, молибден және басқа металдардың қорытпаларын алуды арттыру үшін республиканың жергілікті өндірісін дамыту жолында практикалық өзекті ұсыныстар енгізілді.

Қазақстанға көшкен кәсіпорындар жағынан құрылыстың мен миналды шикізаттың қойма-металлургиялық жергілікті түрлеріне деген сұраныстар КСРО ҚазҒАФ жедел өсуі мен дамуына үлкен түрткі болғды. Филиалдың ғалымдары бұл мәселелерді жедел түрде шешуге тырысты. Филиалдың барлық практикалық ұсынымтары жедел түрде өндіріске енгізіліп отырды.

Соғыс жылдарында Москва мен Ленинградтан көптеген ғылыми мекемелер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері Қазақстанға көшірілді. Олардың арасында КСРО ҒА президенті В.Л. Комаров, академиктер И.П. Бардин, А.А. Байков, В.А. Обручев, В.Г. Фесенков және т.б. болды. Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысы бойынша «Бурабай» санаториида В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея, Л.С. Берг және т.б. ададемиктер отбасылармен тұрды. Қаныш Имантайұлы ҚазҒАФ жұмысын көшіп келген ғалымдармен тығыз байланыста ұйымдастыра алды. Ол республиканың қара метеллургиясының даму мәселесіне академик И.П. Бардинді, түсті металлургия, Манғыстау түбегіндегі мұнайды және Алтайдың кен қазба байлықтарын игеру бойынша геологиялық ғылым және қызметі жұмыстарына министрлер П.Ф. Ломаконы, П.Я. Антроповты, Е.П. Славскийді тарта білді.

Академик В.Л. Комаровтың басшылығымен сол кезде құрылған елдің қорғанысына қажетті Орал, Батыс Сібір және Қазақстанның ресурстарын мобилизациялау бойынша КСРО ҒА Комиссиясы қызмет етті. Бұл комиссия қорғаныстың шұғыл қажеттіліктеріне және неміс басқыншыларынан босатылған Совет Одағының қиратылған шаруашылық аудандарын қалпына келтіруге қажетті маңызы зор Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің әр түрлі салаларын құрастыру бойынша мәселелерді толық негіздеді.

Кадрлардың сапалы өсуісіз, тұрғын және өндірістік жерлерді іздеусіз, материалдар мен құралдарды алусыз, жаңа лабораторияларды, секторлар мен институттары құрастырусыз филиалдың дамуы мүмкін емес болды. Соғыз барысында Қазақстанның Партия және Үкіметі, КСРО ҒА ғалымдарының қолдауымен аталған мәселелер үнемі шешіліп отырды.

1942 жылы «Жезқазған ауданының кен орындары» еңбегі үшін Қ.Иқ Сатпаевқа екінші дәрежелі КСРО Сталиндик, кейіннен КСРО мемпремиясы деп аталған премиясы ұсынылды. Бұл уақытқа дейін Қаныш Имантайұлында үлкен бедел болды, 1942 жылы осыған орай және ғылымды ұйымдастырудағы еңбегі үшін КСРО ҒА ГҒИ арнай ұсынысы бойынша оған геологиялық-минералды ғылымдардың докторы ғылыми дәрежесін беруді ұйғарды.

Соғыс уақытында КСРО ҒА Қазақ филиалы республиканың барлық ірі кәсіпорындарымен – Жезқазғанмен, Балхаш зауытымен, Шымкент зауытымен, Алтайдың тау-кен ұйымдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатты. Ол өнеркәсіптің тапсырысы бойынша ғылыми табқырыптардың жобалануында, ғылыми жетістіктердің нәтижелерін кәсіпорындарға енгізу үшін жеке ғалымдардың шығуынан, өндіріс жұмыскерлерінің тақырыптарды ортақ жобалауға қатысуынан және т.б. көрініс тапты.

1942 жылдың соңында Алматыда КСРО ҒА Қазақ филиалының бірінші сессиясы өткізілді. Қаныш Имантайұлының баяндамасында зерттеулерді кешені жүргізу, ғылымның өмір және тәжірибемен максималды байланысы туралы, майданға көмектесу үшін бар күшті жұмылдыру мәселелері айтылды. Ғылыми қоғамның және Қазақстанның халық шаруашылығы үшін аталған сессияның маңызы зор болды. Ол, ең алдымен, респуббликаның ғылыми қоғамын байланыстырып, оның күшін халық шаруашылығына максималды көмек көрсетуге бағыттады.



Соғыс кезеңінін ауыр жағдайында республиканың Партия мен Үкіметінің қос қолдауынын арқасында, президент В.Л. Комаров басқарған КСРО ҒА ірі ғалымдарының үздіксіз қолдауы негізінде Қазақстанда ғылым дамыды.

1943 жылдың ақпанында Қаныш Имантайұлының өмірінде маңызды оқиға болды – Коммунистік партияның мүшесіне үміткер болды, ал бір жылдан кейін 1944 жылы – СОКП мүшесі болды. Ол Ленинградтық партия қатарына енуге үлкен жауапкершілікпен дайындалды, ол өзіне қатаңталап қойып, барлық заттарда үнемі нағыз коммунистік-лениншіл болуға тырысты. Оның көптеген міндеттеріне қосымша жаңа жауапты тапсырмалар жүктелді, ол бұл тапсырмаларды өзіне тән қуатпен және құлшыныспен орындап отырды. Ол Антифашистік комитеттің, ғылым координация бойынша Комитеттің, Орал, Батыс Сібір және Қазақстанның ресурстарын мобилизациялау бойынша КСРО ҒА Комиссиясының, қор бойынша Жалпыодақтық комиссияның мүшесі болып, басқа да көптеген мемлекеттік және қоғамдық тапсырмаларды орындады.

Қаныш Имантайұлы елдің алдында тұрған міндеттерді айқын көріп, оларды шешу жолдарын білді және барлық ұжымды қызықтырып, шабыттандыра алған. Қазақстан ғылымының даму жолдарындағы кедергілерге қарамастан, ол бір де бір минут тоқтаған емес. Ол бұл қиындықтарды жеңе алды және Қазақстандағы ғылымның ары қарай дамуына зор мүмкіншіліктер ашқан, ол басқаратын КСРО ҒА Қазақ филиалы күшейді және дамыды. 1943 жылдың күзінде Қаныш Имантайұлы Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі және үлкен ғылыми жетістіктері үшін КСРО ҒА корреспондент-мүшесі боып тағайындалды.

КСРО ҒА Қазақ филиалы қызметінің көпжақтылығы мен ауқымдылығы, оның мекемелерімен атқарылатын жұмыстардың кең өрісі, сонымен бірге республикада ғылыми зерттеулердің ары қарай дамуы – КСРО ҒА Қазақ филиалының Қазақ Ғылым академиясы болып өзегеруіне алғышарт болды. КСРО ҒА Президенті В.Л. Комаров 1944 жылы Қазақ басшыларына бұл мәселе бойынша келесі тұжырымдаманы ұсынды: «КСРО ҒА Қазақ филиалының даму қарқыны, соңғы үш жыл бойы бақыланған ғылыми зерттеулердің кеңейту көлемі, өсуі мен сапасы, ҚазКСР ХКК және Ғылым академиясының Қазақ филиалымен жоспарланған ғылыми мекемелерді біріктіретін филиалды ары қарай кеңейту мен нығайту бойынша іс-шаралары – КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Президиумына 1945 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалын ҚазКСР Ғылым академиясы ретінде қайта құрылуы туралы мәселені қарастыру мүмкіндігін береді. »

1944 жылтың тамызында К(б)П ОК Бюросы мен ҚазКСР ХКК-нің ортақ шешімімен «Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қатысты дайындық іс-шаралары туралы» қабылданды, ол филиалдың ары қарай дамуын қамтамасыз ететін және оның негізінде ҚазКСР Ғылым академиясын құруға қажетті іс-шараларды анықтады. Басты мәселе ретінде ғылыми кадрларды дайындауды жан-жақты күшейту міндеті тұрды, әсіресе ұлты қазақ тұлғалар арасынан. Бұл мәселеге Қаныш Имантайұлы әрдайым көңіл бөліп отырды. Филиалда ұйымдастырылған аспирантура мен докторантура арқылы ғылыми кадрларларды дайындау бойынша жұмыс күшейтілді. Көптеген қызметкерлер өзінің диссертацияларымен жұмыс істеу үшін сәйкес ғылым аймағының ірі ғалымдар мамандардан ең жоғыры ақыл-кеңес алу үшін Мәскеуге жіберіліп отырды. Қаныш Имантайұлы өзінің Мәскеудегі жиі сапарлары кезінде жас ғалымдардың зерттеулеріндегі жетістіктеріне қызығушылық танытып, олардың диссертацияларының қорғауына қатысуға тырысты, ғылыми жетекшілермен кеңесіп, олардың оқуының жылдам және ойдағыдай аяқталуына бар күшін салып отырды. Мұндай ғылыми кадрлардың дайындығына деген қамқорлық тамаша нәтижелер берді. 1945 жылдың күзінде Қазақстандағы ғылымның дамуына қатысты «Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қатысты дайындық іс-шаралары туралы» КСРО ХКК тарихи қаулысы қабылданды.

1945 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО ҒА 220-жылдығына орай ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін жоғары үкіметтік марапаттар – Ленин орденімен және майданға көмегі үшін – II дәрежелі Отан соғысы ордендері мен медальдарымен марапатталды.

Қазақстан Ғылым академиясының салтанатты ашылуы 1946 жылдың 1-шілдесінде өтті. Оның бірінші президенті болып Қаныш Имантайұлы тағайындалды. Республиканың ірі ғылыми орталығын құрастыру бойынша күрделі жұмыстар, еліміздің өміріндегі ең ауыр жылдар болғанына қарамастан, бес жыл ішінде орындалды.

Аталған жұмыста Қаныш Имантайұлының ғалым ретіндегі көрнекті қабілеттері толығымен ашылып, оның ғылыми беделі өсіп, нығайып отырды, оның дәлелі ретінде 1946 жылдың қыркүйегінде КСРО ҒА нақты мүшесі ретінде тағайындалды және біздің еліміздің Шығыс елдерінің өкілдері ішінде КСРО ҒА құрамындағы бірінші академик болды.

Алынған барлық марапаттар, ғылыми дәрежелер, жоғару таңдаулы қызметтер Отан алдында, халық алдында, Партия алдында өтелмес борыш сезімін тудырып отырды. Елге және халыққа пайдасы тиетін, кейінгі нәтижелі еңбек туралы ойлар оны өмірінің соңына дейін қалдырған жоқ.

Ғылымның даму жоспарын құрастыру барысында және оны өмір мен тәжірибе таоаптарына жақындату үшін 1948-1961 жж. республиканың ірі өндірістік райондарына: Орталық Қазақстанға, Рудныйға, Алтайға, Гурьевке, Қостанай облысына, Оңтүстік Қазақстанға ҚазКСР сапарлық сессиялар қатары жоспарланып, кейіннен жүзеге асырылды. Сессия бағдарламасына көкейкесті мәселелер мен өндірістің қажеттіліктеріне облыс басшыларының назарын аудартатын, ғылым мен тәжірибені көп дәрежеде байытатын ғалымдар мен өндіріс жұмыскерлерінің баяндамалары енгізілді.

Алайда, тағдыр Қаныш Имантайұлына қайтадан сынақ дайындады: 1951 жылы Қазақстанда «буржуазиялық ұлтшылдармен» күрес басталып кетті. 1951 жылдың 23-қарашасында алдын ала К(б)П ОК Бюросы баспасында қудалаудан кейін Қ.И. Сәтбаев ҚазКСР ҒА президенті қызметінен босатылды, оған «буржуазиялық ұлтшылдарды» жақтағандығы, көптеген кадрлық және қаржылық бұзушылығы, Ер Едіге эпосын қайта баспадан шығарғаны, әлеуметтік шығу тегін жасырғаны және басқа да күнәлары үшін айып тағылды.

Томск, Мәскеудің ірі ғалымдарынан басқа, жас Қаныш Сәтбаевтың қалыптасуына ағасы Габулғазиз Имантайұлы Сәтбаев (1894-1937) және әкесі жағынан ағалары Абикей Зеинұлы Сәтбаев (1881-1937) и Әбдікәрім Жаминұлы Сәтбаев (1897-1937)үлкен әсерін тигізгенін айта кету керек. Кейіннен үшеуі де қатаң отыс жетінің құрбандары болды. ГУЛАГ қабырғасындағы ағаларының өлімдері жас жігітке үлкен соққы болып тиді, уақыт туралы, өзінің ондағы орны туралы терең ойлынуы алып келді.

Қ.Иқ Сәтбаев өмірбаянының бұл жағы көптеген уақыт бойы айтылмай келді. Саяси қуғын-сүргіннің үш құрбаны, Меккеге сапары кезінде Сатбай атасының қайтыс болуы – партия басшыларының пікірі бойынша, осының барлығы зиянды әсерін тигізіп отыр деп, академиктен үнемі қандай да бір идеологиялық ақаулар іздеп отырды.

Сәтбаев-азаматының қалыптасуына ең алдымен Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы секілді қазақ халқының ұлы даналары әсерін тигізіп отырды. Абайдың өлеңдері мен оның толық шығармашылығын жақсы білді, ұлы ақынның көптеген туындыларын жатқа білді, Абайдың лирикалық әндерін орындады. Студенттік өмірі кезінде болашақ ғалым Ш. Уәлиханұлының еңбектерін терең зерттеп, ауызша тараған жергілікті ақын-орындаушылардың Шоқанмен жазылған, ауыз әдебиеті шығармасы – «Ер Едігені» қазақ тіліне аударды.

Оның айтуы бойынша, «Мелиоранскиймен жарияланған нұсқада көптеген татарлық кітаби сөздер мен тіркестердің болуына байланысты» осы эпосты аударуға кірісті. Техникалық жоғару оқу орны студенті қазақ тілінің тазалығын қорғау мәселесін негізгі мақсаты етеді. Қ.И. Сәтбаев Ш.Уалиханов секілді өзінің туған Баянауылында әлеуметтік зерттеулер, этнографиялық және археологиялық жұмыстар жүргізді. Жезқазған-Улытау өңірлерінің ескерткіштерін зерттеу нәтижелері «Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштер» атты ғылыми еңбегінде көрініс тапты. 1927 жылы жас геолог Қарсақпай ауданы туралы мақалаларында өзін шебер социолог-зерттеуші ретінде көрсетті.

Қ.И. Сәтбаев тағылған жаладан арылуы және өзінің жазықсыз екендігін дәлелдеу үшін Мәскеуге баруы тиіс болды. Қаныш Имантайұлы үшін КСРО ҒА президенті А.Н. Несмеянов мәскеулік геологиялық институттардың бірінде директор қызметін атқаруды ұсынды. Алайда, Қаныш Имантайұлы Отанын қалдырып кете алмады, көптеген жалалар мен жазалардан кейін Геологиялық ғылымдар институтының директоры боуып қалуына рұқсат берілді. Осылай, академик Қ.И. Сәтбаевтың өмірінде, өзінің жағымды жақтары бар, жаңа кезең басталды: Қазақстанның геологиялық мәселелерін зерттеуге толықтай өзін арнауға уақыт пен мүмкіндіктер пайда болды. Металлогения бойынша жұмыстар пайда болды, оны жүзеге асыру үшін Қ.И. Сәтбаев республиканың барлық геологиялық ұйымдарын тартты.

Металлогендік зерттеулер негізіне Қ.И. Сәтбаевпен металлогендік болжамдық карталардың нақты тұжырымдалған принциптері мен әдістері, металлогендық анализдің кешенді әдісі, кен қалыптасуы мен кен орындарын болжау теориясы мәселелері жатады. Қ.И. Сәтбаевты металлогенді ғылымды жасаушылардың бірі және осы бағыттың Қазақстанда негізін салушы деп тегіннен айтпайды.

1953 жылдың басында ҚазКСР ҒА геологиялық ғылымдар институтында Орталық Қазақстан бойынша материалдарды жинау мен өңдеу бойынша күрделі жұмыстар атқарылды. 1954 жылы металлогендік болжамдық карталардың жұмыс макеттері мен жүйеленген түрлерін әзірлеу аяқталды. Бұл жұмыстар Қазақстан металлогениясының шығармашылық негізі болып табылды, кен қалыптасу кезеңдері мен кен орындарын орналастыру заңдылықтарын (нақты фактілерді мұқият жинақтау негізінде) анықтауға мүмкіндік берді.

ҚазКСР ҒА президентінен босатылуынан кейінгі 1952-1955 жылдар, қарқынды шығармашылық жұмыс жылдары болып табылды. Геологиялық институттың өмірлік директоры болғандықтан өзін толығымен ғылымға арнап, Орталық Қазақстанның металлогения бойынша бірінші ең толық нұсқасын көптеген жинақталған геологиялық материалдардың жіберді және шығармашылықты басқарды.

КСРО ҒА Қазақ филиалына келген бірінші күндерден бастап соғыс уақытымен тығыз байланысты, бірінші кезеңдегі маңызды жұмыстар ретінде – осы уақытқа дейінгі Қазақстанның, әсіресе, әр түрлі геологиялық ұйымдармен жұмыстар жүргізілген аймақ – Орталық Қазақстан аймағында, құрылымдық-геологиялық карталау бойынша барлық зерттеулерін жалпылау міндеті қойылды. Бұл үлкен жалпылау жұмысын Орталық Қазақстанның тәжірибелі зерттеушісі – Н.Г. Кассаин өзінің оқушысымен, сол уақытта Қазақстанның ірі геолог-зарттеушілерінің бірі болған – Г.Ц. Медоевпен атқарды. Қаныш Имантайұлы осы уақыттың өзінде бұл жұмыстарды әр түрлі пайдалы қазбалармен қаныққан, ең маңызды кең өңірдің болашақ металлогенді картасының негізі ретінде қарастырды. Қаныш Имантайұлы мұндай карталарды жасау барысында, ең алдымен, Қазақстан қоймаларының геолог кен іздеушілер мен барлаушылар ұжымдары үшін пайдасын көрді. Мұнан басқа, мұндай карталар жеке өңірлердегі теориялық негіздеуіне мен оларды орналастырудың заңдылықтарын анықтауына септігін тигізуі керек.

Республиканың геологиялық ұйымдарымен тығыз байланыста бола отыра, қолдағы нақты материалдарды жалпылау үшін бірыңғай ғылыми-методологиялық басқармасын орталықтандыру арқылы, барлық ірі ұжымдарды ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтында (ГҒИ) жинақтады. Осы уақытта, ГҒИ кадрлер құрамы бйынша да, зерттеулер және лабораториялық база деңгейі бойынша да жалпыодақтық деңгейдегі жақсы ұйымдасқан ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде танымал болды.

Аталған ірі жұмыс Орталық Қазақстанның металлогениясының теориялық негізделуіне, кен қалыптасуының негізгі жастық геологиялық деңгейлері мен жер қыртысының геологиялық даму тарихына байланысты кен орындарын орналастыру заңдылығын анықталуына алып келді, ал құрастырылған карта Қазақстан мен елдің геологиялық ғылымындағы болжамдардың алғашқы металлогенді картасы болып табылды.

1954 жылы КСРО ҒА геологиялық-географиялық ғылымдар бөлімінде орындалған картаның негізгі принциптері мен нәтижелерін қарастыру туралы арнайы жиналыс ұйымдастырылды, онда аталған карта КСРО ірі геологтарынан қолдау тапты. 1958 жылы Алматыда КСРО және ҚазКСР ҒА, КСРОНедр және ҚазКСР геомин және қорғау металлогендік және болжамдық карталар бойынша бірінші Біріккен Жалпыодақтық ғылыми сессиясы ұйымдастырылды. Қазақстандық геологтардың жұмысы толығымен қолданды. 1958 жылы ұжым авторларына –Қ.И. Сәтбаев басшылығындағы Институт қызметкерлеріне ғылым аймағындағы Лениндік жүлде берілді. Алғашқы жиналыс еліміздің басқа ірі аймақтарында металлогения бойынша жүйелі Жалпыодақтық жинлыстардың өткізілуінің бастауы болды.

Металлогендік карталардың жасалу тәжірибесі республиканың басқа да ірі аймақтары үшін де жасалды, әсіресе, Кенді Алтай мен Оңтүстік Қазақстан үшін. Кен қалыптасу табиғаты туралы өзінің идеяларын дамытып және бекітіп, Қаныш Имантайұлы оларды табандылықпен қорғады. Ол ғылыми баспада белсенді шығып отырды, өзінің ғылыми «қарсыластарымен» пікір таласа отыра, қандай да бір ғана аймақты зерттеу негізінде жасалған кен қалыптасудағы бірыңғайлылық көзқарасын қате деп есептеді.

Геологиялық ғылымның басында Қ.И. Сәтбаев тұрмаған бір де бір сала жоқ. Бұлар гидрогеология, инженерлік геология, сейсмикалық барлау, жер қыртысын, нақты кен орындарын зерттеудің геофизикалық әдістері, сейсмология және тау-кен әдісі, минарлы шикізатты кешенді пайдалану салалары. Геологиялық ғылымдар институтының лабораториясында біріктірілген аз көлемдегі ғалымдар ұжымының негізінде, тау-кен ісі, гидрогеология мен гидрофизика, сейсмология, география, металлургия және байыту институттары ашылды. Жас Қазақстанның ғылым академиясы өсіп, дамуын жалғастырды. Оның құрамында жыл сайын әр түрлі білім саласы бойынша жаңа институттар ашылып отырды, қарқынды түрде ғылыми кадрлар даярланды. Қазақстанның ғылым академиясы көлемі бойынша Украинадан кейінгі екінші орынды алды, ал Геологиялық ғылымдар институты еліміздің геологиялық профильдегі институттардың арасында алдыңғы қатарлы ретінде мойындалды.

Қаныш Имантайұлы республиканың белгілі бір ауданының жақын арадағы келешегінің дамуын таңғаларлықтай нақты болжай алды және Партия мен Үкіметтің маңызды шешімдеріне белсенді ат салысты. Ол өзі Маңғыстау түбегіндегі табиғи ресурстарды кешенді зерттеуді басқарды, осы еңбегі үшін КСРО-ның екі министі Е.П. Славской мен П.Я. Андроповпен Социалистік еңбек ері атағына ұсынылды, алайда республикада қолдау таппай, Ленин Орденімен марапатталды; тың жерлерді игерумен байланысты зерттеулері үшін үшінші Ленин Орденімен; Ертіс-Қарағанды және басқа да көптеген каналдардың құрылысымен айналысты.



Бірақ, Қ.И. Сәтбаевтың геология мен қара металлдардың (темір, марганец) шикізат базасы туралы еңбектері отандық қара металлургияны жасау негізі ретінде оның ғылыми өмірбаянындағы ерекшелік болып табылады. 1942 жылда «Қазақстандағы темір және марганец кен орындары» монографиясы жазылды. Белгілі себептер бойынша ол баспадан шығарылған жоқ, алайда академик В.А. Обручев ұны баспадан шығаруға ұсынды. Еңбек 1998 жылдың соңында, яғни жарты ғасырдан кейін оның еңбектер жинағында басырылып шығарылды. Қ.И. Сәтбаевтың Қара металлургия орталығын құрастыруға бөлген күші оның қызығушылығының әр түрлілігін ғана емес, жоғары азаматтық позиясын байқатады, Қ.И. Сәтбаевты нағыз мемлекетшіл, еліне жанашыр азамат ретінде көрсетеді.

Сонау 1931 жылы оларға алғаш рет қара метеллургия мәселесі ұсынылғанда, ол Қарсақбай мыс зауытының геологиялық бөлімінің басшысы болды, және республикалық масштабтағы қара металлургия сұрақтары оның қызметтік міндеттері шеңберінен өте алыс еді. Қ.И.Сәтбаев биографиясындағы бұл феноменді Қазақстанның, оның халқының болашағын бірінші орынға қоятын Қаныш Имантайұлының жоғары азаматтылығы мен шынайы патриотизмімен ғана түсіндіруге болады.

Қ.И. Сәтбаевтың үлкен қызығушылығы Қазақстанның мұнай-газ тасымалы мәселесін де қамтыды. Мұнай-газ кешенінің жан-жақты дамуына үнемі көңіл бөліп отырды. Қазақ академиясының таңдалған президенті ҚазКСР ҒА екінші көшпелі сессиясын оған сай министирлікпен бірлесе отырып, Өскеменнен (1947ж.) кейін, Атырауда (1949ж.) мұнай-газ тасымалы кешенін дамытуға арнай отырып өткізді. Қ.И. Сәтбаевтың мұнай және газ геологиясы сұрақтары бойынша ғылыми мақалалары мүлде танымал емес деуге болады. Алайда, оның осы саладағы мықты білімі және Қазақстан мұнай-газ мәселесіне ұдайы көңіл аударып отырғандығына оның көпшілік алдындағы сөз сөйлеулері дәлел бола алады.

Қ. И. Сәтбаев сондай-ақ, Қазақстанда алюминий өнеркәсібінің құрылуына үлкен мән берген. Республика территориясында ашылған, торғай (амангелді) бокситтерінің бірегей қоры Павлодар алюминий зауытының (ПАЗ) құрылысына негіз болды.

1959 жылдың 9 тамызында Қаныш Имантайұлы Ғылым Академиясының бір топ ғалымдарымен ПАЗ құрылыс алаңына келді. Бұл ҚазКСР ҒА қызметкерлерінің зауытқа алғаш барулары болды. Ол кезде зауыт нөлдік белгіде болған. Қ.И. Сәтбаев нұсқаған сұрақтарды шешу үшін Павлодар қаласында ҚазКСР ҒА глинозем бөлімі құрылды және ҚазКСР ҒА металлургия және байыту Иститутының глинозем лабораториясы кеңейтілді. Ол кездерде глинозем алудың теориясы және жаңа технологиясы саласындағы жұмыстардың жалпы ғылыми жетекшілігімен Қ.И.Сәтбаевтың әріптесі ҚазКСР ҒА академигі В.Д.Пономарев айналысты. Қ.С.Сәтбаевтың Павлодар қаласына келуі және қала басшылармен зауыт мәселесін талқылауы ПАЗ құрылысының жылдамдауына айтарлықтай септігін тигізді. 1964 жылы Павлодар алюминий зауытының бірінші, ал 1967 жылы екінші кезегі шығарылды. ПАЗ-та шетелде бокситтектес балшық ретінде жіктелетін, глиноземды төмен сапалы бокситтен алудың жаңа жоғары тиімді аппаратты-технологиялық схемасы ғалымдар мен зауыттың инжинерлі-техникалық қызметкерлерінің, сондай-ақ, ҚазКСР ҒА металлургия және байыту Институтының ғалымдарының ірі жетістігі болып табылады. 1980 жылы бұл жұмыс кешені ССР Мемлекеттік премиясымен марапатталды. Осылайша, Қ.И.Сәтбаевтың туған қаласы Павлодарда республиканың алюминді өнеркәсібі құрылды.

Қаныш Имантайұлының академияның жан-жақты қызметінің басшылығымен жұмысы қауырт болғанына қарамастан, ерекше «тізгін ұстау» қабілеті барлығын таң қалдырған. Осылайша, 1963 жылдың күзінде ауыр науқас бола тұра, Мәскеуге жол жүріп бара жатып, Оңтүстік Қазақстанның минерагенді картасын құрастыру бойынша бағдарламаның орындалу барысын арнайы тыңдады. Ғылыми және өндірістік ұйымдар, жоғары оқу орындары өкілдерінен құралған үлкен аудитория жиналды. Қорытындысында ол жасалған жұмысты мақұлдап, орындағандар жөнінде жылы ниетін білдірді. Келесі сөздері есте сақталып қалды: «Геофизиктер бізге аймақтың жабық бөлігін банан сияқты ашты», сондай-ақ, «геофизиканы оңтайлы қолдану геологиялық зерттеу мен болжам көлемін арттырады». Бұл республикадағы геология қызметінің және әсіресе, үлкен ықыласқа бөленіп, Одақтағы үздіктердің бірі болған геофизиканың кішігірім гүлденген кезі болатын. Ол геология зерттеулік прцестердің барлық кезеңдерінің бөлінбес бөлігіне айналды. Өкінішке орай, үлкен ғылыми және тәжірибелік мәні бар Оңтүстік Қазақстанның минерагенді жұмысы Қ.И.Сәтбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

Барлық өңірлер бойынша зерттеулер ертеректе Қ.И.Сәтбаев құрастырған Орталық Қазақстан бойынша ұқсас жұмыстар, әдістемелік принциптер тәжірибесін ескере отырып орындалды: «барлық алғашқы бақылаулар мен дәлелдер жинаудағы толық қандылық, кешенділік, оларды талдаудағы нақтылық, жинаудағы объективтілік, еңбектегі ұжымдық». Сол жылдардағы өз жұмыстарында Қаныш Имантайұлы ол кездері енді ғана туындай бастап, оның қайтыс болуынан кейін атақты болған кейбір ғылыми концепцияларымен таң қалдырғанын ескерсек, Оңтүстік Қазақстан бойынша барлық ақпаратпен ғылыми қамтуды аяқтағанда қандай теориялық және тәжірибелік нәтижелер алынуы мүмкін болатындығын елестету қиын емес.

Бұл жиында Қаныш Имантайұлы тағы бір ақпаратты тыңдады: 1964 ж. Үндістанда өтуі керек ХХІІ Халықаралық геологиялық конгресске Қазақстан геологтарын дайындау барысы жөнінде.

60-шы жылдардың басында Қазақстан геологиялық ғылымы геологиялық қызмет сияқты өзінің ең бір шарықтап гүлденуіне жетті. Бұл уақытқа дейін іргелі зерттеулерінің нәтижесі танымал бола бастады. Оның қатарына кейінірек Е.Д.Шлыгин дамытқан, Қазақстан геологиясы жөніндегі Н.Г.Кассиннің негіз қалаушылық жұмыстарн қосуға болады.

Қазақстан геологтары әлемге әйгілі ғылыми жетістіктері бола тұра, халықаралық байланыстары да, шетелге шығу мүмкіндіктері де болмады. Көптеген адамдарды мұның себебі қандай деген сұрақ толғандырды. Жауап 1963 жылы күзде болған мәжілісте Қаныш Имантайұлынан алынған еді. Бұрынырақ Қазақстан өкілдері конгресстерге қатыспаған және Сәтбаевтың сөзіне сүйенсек мұның өзіндік себептері болған. Конгресске тек қана қатысу үшін ғана бармау керек. Біз, деп атап өтті Қаныш Имантайұлы, бұндай абыройлы форумдарда бүгінгі күні бізде бар, бірақ құжатталмаған ғылыми, геологиялық тәжірибедегі жетістіктерімізді көрсетуіміз керек.

Мәжілісте жұмыс жетекшілері белгіленді – картаның басты редакторлары: геологиялық – Ш.Е. Есенов, тектоникалық – Р.А. Борукаев, металлогенді – Қ.И. Сәтбаев, құрылымдық-геофизикалық – Ш.Е. Есенов. Сондай-ақ, конгресске арнап Қазақстан геологиясы мен минералды ресурстары, геологиялық зерттеулердің әдісі мен әдістемесі, республикадағы геологиялық қызметтің даму деңгейі және т.б. сұрақтарды бейнелейтін баяндамалар жинағын дайындау туралы шешім қабылданды. Қ.И. Сәтбаев төрағалық ететін, Ш.Е. Есенов жетекшінің орынбасары етіп таңдалған және Г.Е. Бекжанова ғылыми хатшы болған Ұйымдастыру комитеті құрылды. Сәтбаев қайтыс болғаннан кейін материал дайындау қарқыны төмендеді. Соңында конгресске тек геофизикалық және геологиялық карталар ғана аяқталып, кейіннен жарыққа шығарылды. Тектоникалық пен металлогендіге келетін болсақ, олар осы күнге дейін құрастырылмаған.

Алайда конгресске Қ.И. Сәтбаев естелігіне арналған, 20 табақ беттік көлемдегі «Қазақстан геологиясы мәселелері» жинағын дайындап, айбынды (сол кездегі өлшем бойынша) делегациямен барды. Бұл кітап халықаралық форум жұмысына алғаш қатысқан қазақстандық геологтардың таныстыру карточкасы болды. Ол делегаттар арасында таратылды. Осы кітап арқылы көптеген шетелдік геологтар алғаш рет Қазақстан геологиясымен және біздің республикамен танысты. Осы конгресстен Қазақстанның одан кейінгі барлық Конгресстерге қатысуы басталды.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет