Начальник Э



бет5/14
Дата24.04.2023
өлшемі3,35 Mb.
#175218
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
LПеченьKZ
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, Презентация (8), doc, spravka o ne trud, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23
Сурет 2. Р450 қатысуымен өтетін монооксигеназалық тотығу кезіндегі электрон тасымалдануы.
Конъюгация реакциялары (II стадия реакциялары). II стадия реакциялары бұл субстратты теріс зарядты жоғары полярлы қосылыстарға байланысумен байланысты өтеді. Бұл реакциялар тек трансферазалармен катализделінеді, ал олардың өнімдерін конъюгаттар деп аталады. Бұл кезде түзілген қосылыстар төмен полярлы болады, сондықтан жасушадан оңай бөлінеді.
Басым болатыны глутатион-S-трансферазамен, сульфотрансферазамен және UDP-глюкуронилтрансферазамен катализделетін конъюгация үдерістері. Меркаптур қышқылы түзілуіне әкелетін глутатион конъюгациялайтын реакция детоксикацияның негізгі механизмі ретінде қарастыру қабылданған.
Глутатион (GSH). GSH — бұл трипептид Глу—Цис—Гли (цистеин радикалының карбоксилдік тобына байланысқан глутамин қышқылының қалдығы).
Оның басым бөлігі тотықсызданған формада (GSH) болады және улы және реактивті өнімдердің инактивтелуінде орталық роль атқарады. Тотыққан глутатионның қайта қалпына келтірілуі глутатионредуктаза ферменті атқарады, оның коферменті НАДФН болады. Глутатионмен, күкірт қышқылымен және глюкурон қышқылымен коньюгаттар ағзадан негізінен зәр құрамында шығарылады.
Глутатионтрансферазалар - универсальды фермент, барлық жануарлар мен адамдардың барлық ұлпаларында болады және қызмет атқарады. Глутатионтрансферазалар өз метаболиттерін заласыздандыруда маңызды роль атқарады, мысалы кейбір стероидтық гормондардың, простагландиндердің, билирубиннің, өт қышқылдарының, липидтердің асқын тотығуы өнімдерінің.
Ксенобиотиктерді глутатионтрансфераза қатысуымен залалсыздандыру үш жолмен өтеді:
1. субстрата R-дің глутатионмен (GSH) конъюгациясы:
R+GSH——>GSRH
2. нуклеофильдік орынбасу:
3. органикалық асқынтотықты спиртке дейін тотықсыздандыру:

R-HC-О-OH+2 GSH——>R-HC-OH+ GSSG + Н2О;


-ООН — гидроасқын тотықтық топ, GSSG - тотықсызданған глутатион.


Ксенобиотиктерді цитохром Р450 қатысуымен залалсыздандыру кейде төмен емес, керісінше бастапқыдан да көп улы метаболиттердің түзілуне әкеледі. Бұл улы заттар глутатион-S-трансферазамен залалсызданады.
Полярлы қосылыстар ретінде глюкурон қышқылы да (GlcUA) болады, ал реакция өнімі (конъюгаттар) О- және N-глюкуронидтер болып табылады. Бұл реакциялардағы кофермент уридиндифосфатглюкурон қышқылы (UDP-GlcUA) болып табылады, ол глюкурон қышқылының активті формасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет