Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет4/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
АЛҒЫСТАР
Кітапқа 
арналған 
иллюстрациялар 
Місгозой 
Согрогаііоп 
компаниясының Ротоег Роіпі және ^ о М бағдарламаларының көмегімен 
даярланды.
Кітапта АҚШ -тың үкімет ұйымдарының: АҚШ -тың Ұлттық 
нанотехнологиялық инициативасы (КаІіопа1 Nапо1;есһпо1о§у Іпіііаііуе
- NN1) мен Зерттеу және дамыту Департаментімен (ОШсе о£ Кезеагсһ 
апгі ^еVе1ортеп1 - ОК Б), АҚШ -тың қоршаған ортаны қорғау 
Агенттілігімен (ЕпуігоптепІа1 Ргоіесііоп Адепсу - ЕРА) және т.б. бер­
ген ақпараттары пайдаланылды.
Автор техникалық пікір бергені үшін Райс Уиверситетінің био­
логия мен қоршаған ортадағы нанотехнология Орталығының орында- 
ушы директоры, доктор Кристен Кулиновскийге (Кгізіеп Ки1іпотозкі) 
және осы кітапқа иллюстрация жасағаны үшін Райс Университетінің 
ұжымына өз алғысын білдіреді. Тарихи мәліметі мен жемісті 
талқылауы үшін Смолли нанотехнология Институтының директоры 
Уәйд Адамсқа алғыс айтады.
Барлық кедергілер мен өмірлік жағдайларға қарамастан, 
оның таңғалдырарлық энергиясы мен қолдауы үшін МсОгато-Ні11 
баспасындағы Джуди Бассқа Уигіу Базз) алғыс айтамын. Элизабет 
Пол, Брин, Эван және Джек - Сіздерге ілтипаттарыңыз бен қолдау 
көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын.
Линда Уильямс


I БӨЛІМ
АШЫЛУЫ


1-ТАРАУ
ФУЛЛЕРЕННІҢ АШЫЛУЫ
Кейде (жүз жылда, тіпті, мың жылда бір рет) адамзат қоршаған 
ортаны түгелдей дерлік өзгертетін бірнәрсе ашады немесе ойлап та- 
бады. Үңгір тұрғындары өздеріне бейтаныс түтін иісін алғаш сезген- 
де оны зерттеп бастауын іздеуге бел байлады. Олардың ең алғаш отты 
жағуы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: сушидің орнына барбекю мен 
шашлық келді.
Кейіннен олардың ұрпақтары, үшкіртастан әлдеқайда тиімді
темірден аспаптар мен бұйымдар жасай бастады. Темірден жасалған 
қарулар әлемді жаулар алдындағы белгі ретіндегі сый болды.
Кейініректе алдыңғы дамыған мемлекеттердің айырылмастай бір 
бөлшегіндей болған: электр қуаты, автомобильдер мен дәрі-дәрімектер 
ойлап табылды. Егер бір арманға қарай тоқтамай жүре берсе, оны іс 
жүзінде орындауға болатынын түсінді. Көптеген онжылдықтар бұрын 
қияли көрінген құбылыстарды, ғылым мен техника жүзеге асыра ба­
стады.
Ақыр соңында жоғары технология дәуірі орнады: түрлі түсті 
теледидар, компьютерлер... «Аз, жылдам, оңай және ақылдырақ»,
- деген сөздер қазіргі ғылым мен техниканың ұранына айналды. 
Біз неғұрлым көп білсек, соғұрлым одан да артық білгіміз келеді. 
Қажымай-талмай білімге ұмтылу, ал құмарлық шексіз болды. Квазар- 
дан ДНҚ-ға дейінгінің бәрі үлкен қызығушылық туғызды.
Қазіргі уақытта білім ізденістері ақылға сыймайтындай жанда- 
на түсті. Көбінесе, бұл білімнің мүлдем жаңа ғажайып саласындағы 
ашылулармен түсіндіріледі, оны нанотехнология деп атай бастады.
Нанотехнологиялардың арқасында аса жылдам және жеңіл 
компьютерлер, жақсартылған теннис доптары, мықты мата, мөлдір 
күннен қорғайтын кремдер (8РҒ60), молекулалы сенсорлар мен 
қатерлі ісікті емдеудің жасушалық әдістерін жасау мүмкіндіктері пай- 
да бола бастады. Қазір нанотехнологиялар жүздеген сауда өнімдерінде 
қолданылады. Олардың ішінде көптегендері бұрыннан бар техно- 
логияларды жақсартудың нәтижесі болды, мысалы, антивандальді 
беттер, жабыспайтын жамылғылар жасала бастады, бірақ алдағы 10­
20 жылдықта бізді нанотехнология негізінде жасалған мүлдем жаңа 
өнімдер таңғалдыратын болады.


Бұл 
кітапта 
наноматериалдар, 
таңғаларлық 
қосымшалар 
мен 
қайран 
қаларлық 
технологиялар 
бейнеленеді; 
олар- 
ды 
қолдану 
мүмкіндігі 
наномасштабты 
деңгейдегі 
ғылыми 
зерттеулердің нәтижесінде пайда болды. Сонымен қатар, бұл жерде 
нанотехнологияның қоғамға әсері: инвестициялар, өнімдер, қауіптер. 
қоғамдық пікір және халықаралық саясат талданады.
Ыңғайлы орналасыңыз және аса кішкентай нысандар мен 
таңғаларлық үдерістердің әлеміне - нанотехнология әлеміне еніңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет