Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


бөлім. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы және есеп жұмысының жағдайы



бет4/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс
Биология 8 ҚМЖ Буын түрлері, тест
2 бөлім. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы және есеп жұмысының жағдайы
2.1. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы — әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын және Қазақстан Республикасының ұлттық әл ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен.


Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады.
Қордың тарихы:

  • 2009 жылы Қазақстанның қаржы жүйесін «Самұрық-Қазына» АҚ еліміздің жүйе құрушы банктер капиталының құрамына енді.

  • 2012 жылы «Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы» Заң қабылданды.

  • 2018 жылы Қордың қоржындық компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Лондон және Астана қор биржаларында 15% акциясын 451 млн АҚШ долларына сатты.

  • 2019 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» АҚ дивидендтерінің көлемі- 120 млрд теңге.

Портфельдік компаниялардың рентабельділігін арттыру Қордың басты міндеттердің бірі болып табылады. Қаржылық орнықтылықты нығайту, операциялық тиімділікті арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжинирингтеу, Қордың портфельдік компаниялары арасындағы синергияны қамтамасыз ету және портфельдік компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар шараларды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Портфельдің құрылымын оңтайландыру Қордың инвестициялар портфелін белсенді басқаруға көшуі үшін маңызды қадам болып табылады. Портфельдің құнын көтеру және оның кірістілігін ұлғайту мақсатында Қордың ағымдағы активтер портфелін қайта құрылымдау, инвестициялық жобаларды қайта қарау, заңды тұлғалар саны мен активтерді басқару деңгейлерін қысқарту және стратегиялық емес активтерден шығу міндеттері Қорға өз ресурстарын қайта бөлуге мүмкіндік беретін болады.
Активтерді белсенді басқару Қорға Қазақстанның экономикасы үшін әлеуетті мультипликативтік әсерге ие және кірістілігі жоғары активтерге басымдық бере отырып, портфель кірістілігін арттыруға, оны әртүрлі салаларға әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялар Қор инвестицияларды Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларын дамыту және Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды (негізгі мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес) дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген және жекеменшік сектордың дамуына кедергі келтірмейтін, "сары парақтар" қағидатымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс инвестициялар Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада даму стратегиясы әртараптандыру арқылы кірістілікті арттыру, әл-ауқатты сақтау мақсатында ұлттық экономикамен және өнеркәсіппен байланысты емес Қазақстан Республикасынан тыс инвестицияларды бөлуді көздейді. Қор жетекші тәуелсіз қорлармен, сондай-ақ бірлескен тікелей инвестицияларды жүзеге асыру үшін басқа инвестициялық компаниялармен және қорлармен әріптестік қатынастар құрады.
Орнықты даму бастамалары, корпоративтік басқару және корпоративтік мәдениет орнықты дамудың негізі және портфель құнына ықпал ететін шекті факторлары болып табылады.

  • Корпоративтік басқару. Қор тиімді басқаруды қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және белсенді инвестор функциясын сәтті орындау мақсатында Қорда және портфельдік компанияларда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) корпоративтік басқару жөніндегі ұсынымдарына сәйкес корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін енгізуді жалғастыруы қажет.

  • Адами капиталды дамыту. Тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, меритократияның негізге алынатын қағидаттарын енгізу, адамдарды трансформациялау және «коммерциялық» ойлау мен өзгерістерге әзір болу үшін жаңа мінез-құлық модельдерін енгізу арқылы Қорда және портфельдік компанияларда персоналды дамыту бойынша үздік тәжірибелерді пайдалануды қамтамасыз етеді.

  • Демеушілік қызмет және әлеуметтік жауапкершілік. Қор демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастырады. Көмектің бөлінуі қайта қаралуға және қоғам қажеттілігіне қарай басымдық берілуге тиіс. Ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып, Қор денсаулық сақтауға, білім беруге, жастардың кәсіби дамуына, қоғамдастықты, қоршаған ортаны, өнер мен мәдениет мұрасын, білімді дамытуға, зерттеулерге, инновацияларға, ғылым мен технологияларға, бақытсыздыққа ұшыраған тұлғалар мен отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырады.

  • Тұрақты даму бастамалары. Қор қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін тиімді және сәтті басқару мақсатында жоғары этикалық стандарттарды ендіреді және сенімге негізделген корпоративті мәдениетті қалыптастырады, корпоративті басқаруды жетілдіреді, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етеді, адами капиталға инвестициялауды, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.

4-мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан экономикасының квазимемлекеттік секторының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау бағдарламасы таныстырылды. Баспасөз мәслихатына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты. А.Сәтқалиевтің айтуынша, жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» қоры бірқатар кадрлық реформаларды іске асырды. Нұр-Сұлтан қаласындағы корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есеге қысқартылды (248-ден 124 адамға дейін), Компаниялар тобында 106 кеңесші жұмыстан босатылды, «кеңесшілер» институты ұйымдық құрылымнан толығымен жойылды. Қордың барлық шетелдік өкілдіктері: Лондонда, Бейжіңде, Абу-Дабиде және Мәскеуде жабылды. «Самұрық-Қазына» тобындағы алты компанияның, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» бен «QazaqGaz» компаниясының басшылығы өзгерді. Персоналды оңтайландыру «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығына 2 миллиард теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қаржылық-экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Қаржы мониторингі агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Қордың Қоғамдық кеңесінің рөлі күшейтілді. 2022 жылы Қор жалақысы аз мамандықтарға назар аудара отырып, жұмыскерлердің жалақысын көтерді. Топтың барлық компанияларындағы (239 мың жұмысшы мен инженерлік қызметкерлер) өндірістік персоналдың жалақысы 5 пайыздан 48 пайызға дейін өсті. Жыл соңына дейін тағы төрт компания жұмысшылардың жалақысын қосымша көтермек. Сәуір айынан бастап Қор сатып алудың жаңа тәртібін енгізді. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау күшейтілді, бизнеске кедергілер жойылды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды. «Самұрық-Қазына» қорының жүйелі реформаларының қатарында қоржындық компанияларды IPO/SPO-ға шығару және жекешелендіру арқылы Қордың ел экономикасындағы үлесін азайту жоспарға енгізілді. Бұл ретте Қор стратегиялық активтердегі бақылау пакетін сақтайды. Алдағы 5-8 жылда «Самұрық-Қазына» стратегиялық холдинг болып қалады, алайда инвестициялық холдинг үлгісіне өтуді жалғастырады. Қор портфельдік компанияларды басқару кезінде активтер құнын барынша арттыра отырып, шығындарды азайтуға күш салады. Қор үшін осы кезеңде экономиканың нақты секторына инвестицияларды жүзеге асыру және энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі және көлік және коммуникациялар саласындағы инфрақұрылымды дамыту басты басымдық болып табылады. Қазіргі уақытта Қор газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, көлік және энергетика саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген. Бұл жобалар Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осы жобаларды жүзеге асыру аясында 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, бұл жобалардың жанама ұзақ мерзімді әсерлері бар. Ол еңбек және экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, әлеуметтік инфрақұрылымдар мен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың жиынтық нәтижесі болмақ.
Қордың тағы бір басым бағыты – экономиканы әртараптандыру, экспортты алмастыру және отандық бизнесті қолдау. Қор отандық бизнеспен бірге ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ бизнес үшін ұзақ мерзімді оффтейк-келісімдер беруге дайын. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Қор деңгейінде шетелдік инвесторлармен жұмысты үйлестіруді жоспарлап отыр. Қор акционерге төленетін дивидендтерді арттыруға бағытталған шаралар қабылдап жатыр. 2021 жылы Қор дивидендтер түрінде республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге жіберді. Өткен жылдың оң нәтижелерін ескере отырып, биыл «Самұрық-Қазына» қоры мемлекетке 170 миллиард теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Өткен жылы Қордың портфельдік компаниялары 1,2 триллион теңгеге жуық салық төледі. Бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қор мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды Орындаушы рөлінен инвестициялық компанияның рөліне ауысуға ниетті. Бұл мақсат ағымдағы портфельдік компаниялардың қызметін басқарумен қатар, инвестициялардан түсетін кірістерді қамтамасыз ететін Қордың инвестициялар портфелін белсенді басқаруды және жетекші егеменді әл-ауқат қорлары деңгейінде дамытушы қоржынды көздейді. Қор жекешелендіру бағдарламасын, қаражат пен дивидендтерді дивестициялау мен қайта инвестициялау бағдарламасын, Қазақстанда және одан тыс жерлерде жаңа инвестицияларды іске асыру арқылы өз қоржысының сапасын белсенді басқаруды және жақсартуды жалғастыруға ниетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет