Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


бөлім. Материалдық емес активтер есебі



бет6/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс
Биология 8 ҚМЖ Буын түрлері, тест
3 бөлім. Материалдық емес активтер есебі
3.1. Материалдық емес активтер есебінің мазмұны мен мақсаты

Материалдық емес активтер - бұл өндiрiсте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшiн немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға әкiмшiлiк мақсатқа және басқа субьектiге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектiнiң күшiмен бақыланады және оларды пайдаланудан субьект болашақта экономикалық олжа табады деп күтiледi. Материалдық емес активтердi анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса болашақта алынатын экономикалық олжаға тiкелей қатысы болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкiндiгi ашылады. Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активтермен тiкелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса:


- болашақ экономикалық олжаны өсiруде материалдық емес активтердiң рөлi анықталса;
- субьектiнiң осы активтi пайдалану қабiлеттiлiгi мен ниетi болса бугiнгi күнге пара пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субьектiге болашақта күтiлетiн экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезiлмейтiн құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердiң де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбiр материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүргiзушiлердiң) құрамында болады, атап айтсақ компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететiн - дискетте, фильм - лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) - қағазда болады, бiрақ дискеттеде, лента да, қағаз да өз кезегiнде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтiң мәнiн анықтау үшiн негiз бола алмайды.
Кейбiр материалдық емес активтер фирманың басқа да активтерiне жеке теңестiрiлуi мүмкiн, мысалға, патент, сауда маркiсi сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестiрiлуi мүмкiн, керiсiнше осындай материалдық емес актердiң құны басқа да фирманың активтерiмен тығыз байланыста болуы мүмкiн: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердiң сенiмiне немесе қызметкерлердiң машықтық деңгейіне негізделедi.
Материалдық емес активтерге (МЕА) шартты түрде 4-топқа бөлінеді.
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхнмалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында «Ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патентті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субьектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
«Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субьект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субьектінің жарғылық капиталына құрылтайшылар қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. Ноу-хаудың субьект балансына алатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субьектінің онымен болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтер жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағыла туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорынды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептеледі. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушының ұймдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау-кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері т.б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тиым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.
Таңбалар сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің ккомбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқа да айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейдегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушы немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланатын елдің, елді мекенін, жердің немесе басқа географиялық обектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Қолдану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдау құқықтар, копирайт (көшіру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады.
Патенттер. Патент оның ұстанушысының патент қамтыған нәрсенің, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекеті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланылатын құқық болып табылады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) ұсталынады. Патентті алуға алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы керек.
Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) – қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген рұқсаты.
Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
Субьект бойынша: Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетін шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.
Қызмет ету көлемі бойынша:

  • негізгі (бас) – мерзімі шестеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;

  • бір жолғы (бір-ақ рет пайдалануға берілетіндер) – белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;

  • операциялық-валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операциялық жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

Аймақтық әрекет ету сферасы (территориялық әрекет ету аясы) бойынша:

  • Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

  • Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады.

Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алған бағасын және оның дербес бірлік тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының арасындағы айырмасын көрсетеді.
Гудвилл материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді.
Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептеп шығару мерзім он жыл, бірақ субьектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі керек.
«Интелектуалдық меншік» ұғымына: авторлық құқықтары, орындаушы артистердің қызметіне қатысты құқықтары, ойлап табушылық патент құқықтары, ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, т.б. интелектуалдық меншік түрлері жатады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құнына материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар немесе материалдық емес активтерді керкеті күйге дейін жеткізуге арналған шығындарды жатқызамыз.
Материалдық емес активтерді сатып алуға кеткен шығындар өз құрамына келесілерді қамтиды:объектті сатқан дүкеншіге төленген соммасы, консультациялық қызымет үшін жабдықтаушыларға төленген сомма, регистрацияға кеткен алымдар мен баждар, кедендік шығындар және материалдық емес активтерді сатып алумен байланысты басқа да шығындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет