«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет3/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1), тжт
 
 
Адамның өз көзқарасын, пікірін жеткізуі және жазбаша сауатты жаза білуді игеруі 
сөз мәдениеті
деп аталады. Сөз мәдениеті 
сөйлеу әдебі
деген сөзбен тығыз байланысты.
Сөз мәдениеті – 
адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас 
бөлігінің бірі. Себебі әрбір адам (әсіресе білімді) дұрыс және әдемі сөйлей білуі қажет. 
Атақты сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. 
Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді», - деп бекер 
айтпаған.
«Сөз мәдениеті» тіркесі қазіргі лингвистикада екі мағынада қолданылады: 
 
Сөз мәдениеті 
– тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс 
сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер тілдің көріктеу құралдарын, яғни 
стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды сөз мәдениетінің объектісі деп 
таниды. 
 
Сөз мәдениеті
– тілді нормалау мәселелерін жетілдіру мақсатында зерттейтін 
тіл білімінің саласы. 
Сөз мәдениеті дегеніміз
– сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс 
құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау 
(орфоэпиялық), 
сауатты 
жазу 
(орфографиялық), 
тілді 
әсерлі 
етіп 
жұмсау 
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Сөз мәдениеті 
дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша 
дүниеліктерді – тілдің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді оның мағыналық 
қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тіркесі мен 
сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын және т.б. әдеби тілдің нормасына сай 
қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді (Қазақ тілінің 
орфоэпиялық анықтағышы. Алматы, 2004, 7-бет).
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет