Назарларыңызға рахмет!!!



Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#84302
Байланысты:
менің отбасым.Бухарбаева Назерке 33 б
30 Бастауыш мектепте математиканы о ыту барысында о ушыларды іс

<<Менің отбасым>>
Менің жанұям – өте берік және мейірімді. Барлығы бір-бірін құрметтейді және әр мүшенің өзінің атқаратын рөлі бар. Мысалы, анашым балалардың ауа-райына сай киінуін және үйдің тазалығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ал, әкем үйдегі ба
рлық қара жұмысты өз мойнына алады. Ол бізге әрқашан көмек көрсетуге дайын. Атам мен апам зейнеткерлікке шыққан. Олар көп уақытын бақшада көкөністер мен жемістерді өсірумен өткізеді. Сондықтан, біздің дастарханда үнемі жаңа піскен тағамдар тұрады. Мен өз ата-анамды сүйемін, біз бақытты отбасымыз.
Әр отаудың өзіндік дәстүрлері мен мерекелері бар. Біздің отбасымыз мерекелік күндерді асыға күтеді, бұл мейрамдар отбасы мүшелерін біріктіреді және қуаныш әкеледі. Дастархан үстінде, қызықты оқиғаларды еске түсіреміз. Бұл естеліктер жақсы көңіл-күй сыйлайды. Қандай жағдай болмасын, біз әрқашан туыстарымыздың түсініспеушілігі мен қолдауына сенім арта аламыз. Мен алыс жаққа кеткен кезде, үнемі үйге қайтқым келеді. Себебі, отбасы – менің тірегім және қамалым.
Отбасы — адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы — қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандар. Отбасының тірегі — сүйіспеншідік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бірін — бірі сыйлап, бірін — бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасы бар адам өте бақытты жан. 
Мен бақыттымын! Себебі, менің жанұям қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам тек бізді ғана ойлайды. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластқпен және отбасы жарастығы арқылы кез келген қиындықты бірге жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет