Құндылық: Дұрыс іс-әрекет



Дата19.12.2016
өлшемі10,2 Kb.
#4100

Құндылық:

  • Оқушылар, ән шырқайық
  • «Болайықшы осындай»
  • әнін қосылып айту
  • Жақсы бала еңбекшіл
  • Ер азамат болады.
  • Қиындықты жеңіп кіл,
  • Құшағы гүлге толады.
  • Қайырмасы:
  • Еңбекшіл осындай,
  • Болайықшы досым-ай.
  • Таза бала мұнтаздай,
  • Сүйсінеді қараған.
  • Ұқыпты деп бұл қандай,
  • Жақсы көрер бар адам.
  • Қайырмасы:

  • Еңбектену адамға не үшін қажет?
  • Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
  • Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?

Дәйексөз

  • Еңбек – қуаныш, жалқаулық- айырылмас азап.
  • Абай

Әңгімелеу

  • Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайынды екі адам болған екен. Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді, ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамабасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді, сәске түстің кезінде оянады... Сөйтіп қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды. Оларды әулие өзіне шақырып алып: «Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңдер?» – деп сұрайды. – «Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік,» – деп жауап берді ағайындылар. «Жарайды, маған да келетін кездерің жетті,» – дейді әулие. – «Кәне, маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші».
  • Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым», - деп ну орманды көрсетеді. Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштан отырғыза беріпті, содан орман өсіпті. Әулие орманмен бір күн жүріп өтіпті, ал орман болса, қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті. Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті. Әулие шаршап, жерге отыра кетіпті, сондай қауқарсыз шал, ал Еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік» – дейді. Әулие қолын бір-ақ сілтейді де, Еріншекке қарап: «Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды» – дейді. Ал Еріншектің көрсетері жоқ. Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады... Әулие аһлап-үһлеп, орнынан әрең тұрып: «Енді әулие мына – Еңбексүйгіш болады», - дейді. Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды. Ал Еріншек, тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің. Содан кейін әулиеге – өзіңнің бауырыңа келесің. Еңбексүйгішке өзің өткізген жылдарыңды көрсетесің».
  • Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді.

Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.

  • Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
  • «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.

КРИПТОГРАММА

  • I. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық – 1,2,3,4,5.
  • II. Барлығы, баршасы, тегіс – 6,7,8,9.
  • III. Дауыссыз дыбыс – 10
  • IV. Киімнің бір бөлігі – 11,12,13.
  • V. Бекем, мықты, берік – 14,15,16.
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • -
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • Е
  • ң
  • б
  • е
  • к
  • -
  • б
  • ә
  • р
  • і
  • н
  • ж
  • е
  • ң
  • б
  • е
  • к
  • “Адам көркі-еңбек”
  • тақырыбында ақын, жазушы
  • ретінде өлең, әңгіме құрастыр;
  • суретші ретінде сурет сал.
  • ТАПСЫРМА
  • «Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер»
  • Үйге тапсырма: Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.
  • Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше,
  • ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.
  • Д.И.Менделеев

Каталог: materialy -> ozin-ozi%20tanu
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
ozin-ozi%20tanu -> Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»
ozin-ozi%20tanu -> Мерзімі: 2015ж Мұғалім: Сапаралиева Н. С нұркул сейдуалиевна
ozin-ozi%20tanu -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға тамыр және тамыр жүйесі және оның маңызын сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері
ozin-ozi%20tanu -> Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №4 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сисенова Гулим Салимовна
ozin-ozi%20tanu -> Сабақ «Жақсылық жасай білейік»
ozin-ozi%20tanu -> Өзін өзі тану Өзімшілдік пен көпшілдік
ozin-ozi%20tanu -> Алматы облысы Талдықорған қаласы «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ozin-ozi%20tanu -> Мерзім: 12. 11. 15. Сынып: 8 «а». Оқушылар саны


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет