Негізгі бөлім 1 Жусанмен танысу



бет2/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,95 Mb.
#35153
1   2   3   4






4

- Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.
Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглабин» қолданылса, науқастардың емделуі 95 пайызға көтеріледі дейді жер
Жусан өсімдігі гүлдеп тұрған кезінде нағыз күшіне енеді. Осы кезде оны сабағымен кесіп алып қайнаған суға тұндырады. 10 литр суға 2-3 кг жусанды бұқтырады. Жусаннан жасалынған тұнбаны жеміс ағаштарына түсетін құрттарға қарсы қолданады. Әсіресе, алма, алмұрт, құлпынай, бүлдіргендердің жемісі пісе бастаған кезде олардың бір шетін үңгіп жеген жәндіктерді көзіңіз шалмайды. Бірақ жемістер жартылай зақымдалып, тіпті жеуге жарамсыз болып қалады. Сол үшін де осы тұнбаны жемістер гүлдеп болып, түйін салған уақыттан бастап аптасына бір рет өсімдіктерге шашып тұрсаңыз еш зиян етпейді. Осы сияқты ащы бұрыш, темекі шөп, темекінің қалдықтары, дала қышасы, сүйелшөп, ат қымыздықтың тамыры, барқытгүлдің сабақтары, жусан өсімдіктерін табиғи ем ретінде зиянкестерге қарсы қолдануға болады. Тіпті, жусан, барқытгүлдердің мәдени түрлерін топтап отырғызсаңыз да пайдалы. Бұл өсімдіктердің ерекшеліктері сол, иісі өткір болады. Әрине, адамға зияны жоқ болғанымен жәндіктер үшін аталған өсімдіктердің иісі жағымсыз. Сол үшін де ұсақ жәндіктер өткір иісті өсімдіктердің маңына жоламайды.

Жусан деп ел атаған,                                Шөлге берік өскелең.

Шөп ол бойы жатаған.                             Дәрі – түбір бұтағы,

Дауылға, желге көшпеген,                       Жусан – қырдың жұпары.

(Бағдат Айтмұқаева)

Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш  сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға бала кезден сіңіп қалған салиқалы  еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!...

Қаптап қырда шығатын,                              Көп шөп демей, жусанды

Иісі мұрын жаратын,                                   Біліп ал, шын атын...

(І. Шұғаев)

Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Олардың сабақтарының биіктігі жеке түрлеріне сәйкес 10-60 см, кейде 1,5-2 метрден асады. Сабақтары көбіне тік, кей түрлерінің сабағы жерге жайылып өседі. Қауырсын пішінді жапырақтары сабақтарына кезектесіп орналасқан және олардың жиектері тілімденіп келеді. Кей түрлерінің жиектері біркелкі тұтас тілімденбеген. Ұсақ гүлдерінің түсі ақшыл, сарғыш.Тамыз- қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.

5

Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады. Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан өсіріледі.



Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.

Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.

Ойыма ащы мұң салар                              Жусан – күй мен жусан - ән,

Қапаланып тұрсам бір                             Жусан сөз бен жусан – жыр...



6


Каталог: uploads -> doc -> 1317
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1317 -> Сабақтың тақырыбы : «Қазіргі Қазақстан мәдениеті»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет