Негізгі бөлім Автокөліктерді жөндеу технологиясы


Автокөліктерді жөндеу технологиясы



бет2/5
Дата09.06.2023
өлшемі25,36 Kb.
#178518
1   2   3   4   5
Байланысты:
Автокөліктерді жөндеу технологиясы
10 семинар, 10 семинар, Документ Microsoft Word, МУ к ПЗ, 20 questions for final f7a5f7d4733649b34b7d378510b79a07 (1), Ты Свет в этом мире, 13-14, Қазақ тілі кабинетінің паспорты
Автокөліктерді жөндеу технологиясы

Автокөліктер мен агрегаттарын жөндеуге және сақтауға қабылдау (АРП).Қабылдау үрдісінің кезеңдері: алдын-ала жасалатын техникалық тексерулер мен жиынтығын анықтау; сыртқы жуып тазалау; қорытынды техникалық тексерулер; жөндеу үшін қоймаға жіберу (жөндеуге дейін сақтау). Автокөліктер мен агрегаттарын КР тапсырудағы техникалық жағдай: белгіленген ресурс қызметін атқарған нысандар қабылданады (мысалы, ЗиЛ жүк көлігінің бірінші КР ресурсына дейін қабылданады, толық жинақты -280 мың,км, қозғалтқыштар-200 мың.км, КП-280 мың, км және т.б); жөндеуге жіберілген нысандар жинақы толық болуы қажет (жүк көлігі мен олардың агрегаттары үшін бірінші және екінші жинақтылық белгіленген; автобустар мен жеңіл көліктер үшін тек бірінші, күш агрегаттары, демек беріліс қорапты қозғатқыштар мен ілінісулер үшін-бірінші); нысандар АКБ және шиналар игеруге жарамды болуы қажет, автокөліктердің техникалық жағдайы қозғалтқыштарды қосуда және 3 км жүргізулерде сынақтан өтуде жарамдылық беруі тиіс. Қабылдау кезінде қабылдап - беру актісі жасалады.
Автокөліктің сыртын жуу. Автокөлік техникасының топтары (барлығы 12) мен ластану түрлері. Жуу құралдары. Жуатын құралдардың механизмі. Жуу технологиясы: алдын-ала жуу, негізгі тазарту, қорғаныс полиролдарын жағу және кептіру. Жоғары қысым (гидродинамикалық тазарту) бере отырып, сораптардың, түрлі саптамалары кигізіп бүріккіш пистолеттері бар шлангілерін көмегімен сорғылату әдісі арқылы тазартып жуу (сұйықтық арындарының потенциалды күшін сорғылардың кинетикалық энергиясына түрлендіріп, тегіс, 15-1200 бұрышта желпуішті сорғылар). Жоғары қысымды тазартқыштармен жуу режимі мен техникасы (гидравликалық мониторлы жуатын машинамен, гидродинамикалық тазарту әдістерімен орындалатын қарапайым қондырғымен). Автоматы щеткалы тазартулар (щеткалар мен су сорғыларының көмегімен) порталды және туннельді көлік жуатын орындарда қолданылады. Қол тигізбей жуу.
Бөлшектенген бөлшектерді жөндеу үшін тазартулар мен жуу орны. Жуу мен тазартудың технологиялық үрдістері: жуатын камерада жуатын ерітінді сорғыларының гидранттарымен бағытталған тұрақты немесе үздіксіз жуып тазартулар; шомылғыларға батыру (жуатын ерітіндімен, қыздырғыш элементімен, дірілдетуші платформамен); сұйықтық немесе сұйықтықтардың бу қоспасы түріндегі жуатын құрал циркуляциясымен; құм сорғыларымен немесе ұнтақтармен тазарту; гидро абразивті тазарту;ультрадыбысты тазарту; болат сымнан жасалған щеткамен тазарту және т.б. Ластану түрлері: ұсталған бөлшектер - жуу мен тазарту әдістері (әдістерді таңдау мен режимдерін белгілеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет