Негізгі бөлім Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару


Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалды



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата09.12.2023
өлшемі100,77 Kb.
#196019
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-2805
2-курс Өндірістік практика жоспары, @8;. 07
 3. Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалды 
тәследері
Кеден саясатын зертеудің теоретикалық методологиялық негізіне талдау
жасалды. кеден саясатын зерттеудегі негізгі концептуалдық тәсілдері, кеден
саясатымен ұлттық қауіпсіздік мәне және ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі
кеден саясатының орны анықталды. Кеден саясатын саяси талдаудың
қажеттілігі Қазақстанның халықаралық экономика және кеден ұйцмына
қосылу сияқты негізгі обьективті себептермен түсіндіріледі. 
Кеден оның терең түсінігінде жахандық және мемлекеттік
инфрақұрылымның бөлігі, аймақ аралық реттеу мен үйлестірудің жахандық
құралы, халықаралық экономикалық институттар клубының тең құқылы
мүшесі. Кеден барынша тар мағынады – тауарлардың, көлік құралдарының,
физикалық тұлғалардың, ұлттық экономиканың әлемдік нарықпен, әлемдік
шаруашылықпен құқықтық бірлескен әрекеттестігімен трансшекаралық
ағымын бақылау үшін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және реттеуші
институты.
Қазақстанның саяси ғылымы үшін ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, оның
ұғымын, негізгі құрылымдық құраушы, ұлттық қауіпсіздіктер мен қауіптерді
зерттеу қызығушылық тудырады.
Саясаттанушы, ғалым А.И. Шалтыков қазақстан Республикасындағы
ұлттық қауісіздікті қамтамасыз ету контексіндегі кеден қызметін
қалыптастыру үрдісін кеңінен ашып, қоғамдағы саяси және экономикалық
салаларындағы кеден қызметінің жүйелік тәсілдерін береді.
Қазақстанда ғалымдар мен зерттеушілер ұлттық мүддеге
байланыстырады. Қазақстандық саясаттанушы М.С. Әшімбаев осы мәселені
зерттеуде ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде қамтамасыз ететін ұлттық
мүде арқылы қарастыруымыз қажет екендігі атап өтеді.
Кеден саясаты мемлекеттің жалпы экономикалық саясаттың маңызды
құрамдас бөлігі болады, бір жағынан, сырқы экономикалық қызметті
мемлекеттік реттеудің құралы болса, екінші жағынан, ұлттық қауіпсіздік
қамтамасыз етудің құралы болады.
Кеден әкімшілігіне өту мен басқарудағы халықаралық тәжірибені талдап
қорыту, кеден саясатын зерттеудің модернизациялау мен реформалау,
ұйымдастыру жолы арқылы теоретикалық негізі ретіндегі кеден логистикасы
концепциясын қалыптастыру, оның, яғни кеден саясатының толықанды,,
тұжырымын қалыптастыру керекті моделдерді өңдеуде қолайлы
әдістердіанықтауға үлкен көмегі тиеді.
Кеден саясаты – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас
бөлігі ретінде атты екінші бөлімшеде мемлекетіміздің жүргізетін сырқы және
ішкі саясаттағы кеден саясатының алар орны туралы мәселе қарастырылады.
Кеден саясаты нарықтық саясаты нарықтық қатынастарды
қалыптастыруда, саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруда ішкі
және сырқы экономикалық мүддделерді қорғауда бағытталған саяси-
құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кең көлемдегі
шаралардың жиынтығы.


Кедендік сасясат ішкі және сыртқы саясаттың, әлеуметтік экономикалық
және сыртқы экономикалық саясаттың және оның түрлерінің құрамдас бөлігі
болып табылады және оның жүзеге асыруының әкімшілік, құқықтық және т.б
кеңістігін қалыптастырады.
Төмендегі берілген кестеде кеден саясатының мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясаты жүйесіндегі орны айқын көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет