Негізгі бөлімінде



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі39,25 Kb.
#120580
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
диплом 11
конспект 1 Алғашқы математикалық ұғымдардың пайда болуы, 1 сабақ археология, Презентация.Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері. Презентация (2), Бакыт, инклюзив (автовосстановление), 1 тапсырма обнавленка, 1 тапсырма обнавленка, жамбыл жабаев, жамбыл ж, ҚМЖ-Динара, презентация Динара, 13 неделя, 1 апта, LEKCIJA No 1, LEKCIJA No 3
4 тапсырма
Кестелер көрсеткіштерді салыстырудың ыңғайлы және көрнекіліктің жақсы болуы үшін қолданылады. Кестелердің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы, «кесте» сөзінен кейін, келесі жолда абзацтан шегініспен, кестенің үстіне орналастырылуы тиіс (Л қосымша). Кестені диплом жұмысында, ол алғаш айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетке орналастыру керек. Диплом жұмысында барлық кестелерге сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде «Кесте» сөзін оның нөмірін көрсете отырып жазу керек. Диплом жұмысын қорғауға ресімдеу және табыс ету бойынша әдістемелік нұсқау Нұсқа 5 2014 ж. Өзгеріс № 1 ҚҚЭУ-ӘН-95-2014 35 беттің 16 беті Кестелер, қосымшалар кестелерін қоспағанда, толассыз нөмірлеумен араб цифрларымен нөмірленуі тиіс. Жолдарының саны көп кестені басқа бетке тасымалдауға рұқсат етіледі. Кестенің бөлігін басқа бетке тасымалдау кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі, кестенің бірінші бөлігінің үстінен абзацтан шегініспен сол жақтан бір рет көрсетіледі, қалған бөліктерінің үстінен «Жалғасы» деген сөз жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бөлігін тасымалдау кезінде кестені шектейтін, төменгі горизонталь сызық жүргізілмейді. Графаларының саны көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс. Графаларының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір беттің шектерінде бір бөлікті екінші бөліктің үстіне орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен графалары бет форматының сыртына шығып кетсе, онда бірінші жағдайда кестенің әр бөлігінде басы, екінші жағдайда - қапталы (боковик) қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 формат бетіне орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кесте графаларының әртүрлі жолдарында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда алғашқы жазылғаннан кейін оны тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда алғашқы қайталану кезінде оны «Ол да» сөздерімен, ал ары қарай - тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, таңбалардың, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға рұқсат етілмейді. Кестенің қандай да бір жолында цифрлық немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады. Кестенің жолдары мен графалардың тақырыптарын бас әріппен жекеше жазу керек, ал графалардың тақырыпшаларын - кіші әріптермен жазу керек, егер олардың дербес мәні болса. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңына нүкте қойылмайды. Кестелер негізінен, сол жақтан, оң жақтан, жоғарыдан және төменнен сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтінге қарағанда кіші өлшемдегі шрифті қолдануға рұқсат етіледі. Графалардың тақырыптары, негізінен, кестелер жолдарымен параллель жазылады. Қажет болған кезде графалар тақырыптарының перпендикуляр орналасуына рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің басқа бөліктерінен сызықпен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу Л қосымшада келтірілген. Диплом жұмысының мәтінінде кесте сөзінің алдынан бір жол және кестеден кейін мәтін алдынан бір жол қалдырып кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет