Негізгі және туынды үстеулер тарихы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#98332
  1   2   3   4
Байланысты:
Негізгі және туынды үстеулер тарихы
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, етіс, Негізгі және туынды үстеулер тарихы, 800123, терапия барлык сурактар, ата аналарга хаттама-1, 3 сынып ҚМЖ жаңа., § 48 Н.В.Гоголь. «Ночь перед Рождеством»

Негізгі және туынды үстеулер тарихы

Орындаған : Нұрбосын Назерке

Тексерген: беласарова. Ж


Қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің қүрамында демеу, жалғаулык, одағай сөздерінің катарына косып, оған: «… сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толыктыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді.
Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз — сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер»
Сөйтіп үстеуді бес мағыналық топка бөледі. Олар:
1) анықтаулық;
2) сынаулық;
3) өлшеулік;
4) мезгілдік;
5)мекендік;
Үстеу туралы арнайы еңбек жазған — профессор А.Ыскақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар.
Бес тараудан түратын бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы
II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу қүрамындагы кейбір көнерген косымшалардың қолданылуы қарастырылған.
III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса
IV тарауда үстеулердің морфологиялык белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын баска да сөз таптарының кызметі туралы сөз етеді.
V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада карастырады:үстеулердің сөйлем мүшесі кызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны
Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп карастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
Осы айтылғандар негізінде үстеулерді сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалык сипаты, морфологиялык ерекшеліктері, синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке дербес сөз табы деп тануға болады. Сол себепті үш блокка бөлінеді:
1. Үстеудің лексика-грамматикалық топтары;
2.Үстеудің морфологиялык ерекшеліктері;
3.Үстеудің синтаксистік қызметі;
Құрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір кимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, окыс, үнемі сиякты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.
Туынды түбір сын-кимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:
-ша (-ше) жұрнактары аркылы: казақша, орысша, ауызша, жазбаша, қысқаша т.б.
-шаң (-шең) жұрнактары аркылы: көйлекшең, етікшең т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет